3. Қанның негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштері, оларды сақтау механизмі. Қанды сипаттайтын негізгі физиологиялық түрақты көрсеткіштері:
1.Қан мөлшері
2.Қанның меншікті тығыздылығы
3.Қанның түтқырлығы
4.Гемотокриттік сан
Үлкен адамдарда қан мөлшері дене салмағының 7%-ін қүрайды, ол деген 4,5 л қан. Жаңа туылған сәбилерде қан мөлшері 10% бен 20% арасында ауытқып түрады.
Қанның тығыздылығы шамамен 1,050-1,064гмл, плазмада 1,024-1,030 гмл, жасушада 1,089-1097 гмл. Қанның тұтқырлығы судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық, плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2. Жаңа туған нәрестенің тұтқырлығы 10,0-14,8 болады, себебі оның денесінен көп мөлшерде су шығады, содан қан қойылып, эритроциттер саны көбейеді. Бірақ та 5-6 күннен кейін 8,6-8,8 ге дейін төмендеп, бір айдан кейін қалыпты жағдайға келеді. Ал қалыпты жағдайда ересек адамның қан тұтқырлығы 4,6-5.
Гемотокриттік сан-бұл қанның формалық элементі.ол 40-45% құрайды.
Қанның осмостық қысымы 7,8-8,1 атмосфера аралығында болады. Осмостық қысым тұрақтылығын сақтауда бөліп шығару:бүйрек, тер бездері, ішек қарын жолдары мүшелері маңызды рөл атқарады. Қан реакциясы сутегі мен гидроксил ионының арақатынасына байланысты. Қан реакциясы сілтілі,вена мен артерия қанында әртүрлі.Қан корсеткіші-PH. Вена қаны көрсеткіші 7,35-7,36 , себебі венада көмір қышқыл көбірек, ал артерия көрсеткіші 7,4-7,42.
4. Эритроциттер, олардың құрылысы, химиялық құрамы, саны, функциялық маңызы. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардың түрлері Эритроциттер Ерлер (4, 0 -5, 1)*1012/л Әйелдер (3, 7 -4, 7)*1012/л. Эритроциттің құрылысы: ядросыз жасуша, пішіні екі жағы ойыс диск тәріздес, диаметрі 7, 4 -7, 6 мкм. Эритроциттердің химиялық құрамы Су 60%. Гемоглобин 36%. Құрғақ қалдық 40%. Басқа заттар 4%. Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде): ерлерде – (4, 0 -5, 1)*1012, әйелдерде – (3, 7 -4, 7)*1012. Эритроцитоз – эритроциттер санының артуы. Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы
Эритроцитоз Физиологиялық Патологиялық
Абсолюттік Салыстырмалы Эритроцитопения Физиологиялық Патологиялық
Абсолюттік Салыстырмалы