1апта тақырыбы: Латын графикасы



бет3/4
Дата02.06.2023
өлшемі50,01 Kb.
#98075
1   2   3   4
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.


2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай VІІІ ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.


3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және еуропалық далаларындағы нұсқалары белгілі.
Көне Түркі жазуының мазмұны

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1893 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – татар, өзбек, түрік, қазақ, әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрк» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.


[https://e-history.kz/]
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этно
генезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың (әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тіл білімінде бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді.
Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік, Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ерекшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариантымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү),
дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонеманы (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты графикасында а-е (э~ә) фонемасын белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді, керісінше, <о-ө> фонемасы неліктен сөз басында және ортасында таңбаланды деген сауал төңірегінде ойланып көрелік.
Араб жазуы - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле қазақ автономиялық префектурасындағы қазақтар үшін ресми алфавит. Ол алғаш рет XI ғасырда Қазақстан территориясына енген және 1929 жылы латын әліпбиі енгізілгенге дейін қазақ тілінде жазу дәстүрлі түрде қолданылған. 1924 жылы қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне сай етіп реформалауға тырысты. ۆ, گ, ڭ, پ және چ әріптері араб тілінде кездеспейтін дыбыстарды бейнелеу үшін қолданылады.
1929 жылға дейін қазақ үшін қолданылған алфавитке негізделген Иран мен Ауғанстанда түрлендірілген араб жазуы қолданылады.
Қазақтың араб алфавиті 29 әріптен және бір цифрдан тұрады, сөздің басында сөздің басында алдыңғы дауысты дыбыстар жасау үшін қолданылатын «жоғарғы хамза». Алфавит жазылған бағыт оңнан солға қарай. Абджад болып табылатын түпнұсқа араб жазбасынан айырмашылығы, қазақ араб жазуы шынайы алфавитке көбірек сәйкес келеді, өйткені әр дыбыстың өз әрпі бар және әр сөздегі әр дыбыс тілдің жазбаша түрінде жазылған. Араб жазуын абджадтан алфавитке ауыстыруды ХХ ғасырдың басындағы лингвист Ахмет Байтұрсынов жүзеге асырды.
Қазір Қытай, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын қазақтар араб жазуын қолданады.
Ал Гүлфар Мамырбекова жәдид жазу жүйесінде аз болса да харакаттардың қолданылғанын көрсетеді. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр, өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т.б.
Жадид, қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды.
Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар - сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған.
Қазақстанда араб графикасы Х-ХХ ғасыр аралығында 900 жыл қолданылды. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік берді. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің бәрін алып тастады және қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа емле» («Жаңа емле») деп аталатын жаңа алфавитті Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін қолданады. 1917 жылдан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Кезінде қоғамдық дамуда жағымды рөл атқарған араб жазуы енді көпшілікке тарихи прогрестің тежегіші болып көрінді.Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Рабғузидің «Әуле-әнбиenер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.

Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.


Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха - «а», «ә»; дамма - «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра - «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен - ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет - ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб - ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі - ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген - ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген).
Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.
Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.
Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов былай дейді:
«Газеттер пайдаланған араб графикасына негізделген алфавитте араб әліппесіндегі әріп таңбалары түгел дерлік сақталған. Оның үстіне парсы тілі арқылы енген ﯟ, ﭗ, ﭼ, ﯕ әріптерінің таңбалары және қазақтағы мұрын жолды "ң" дыбысының таңбасы ретінде "н" мен "к" дыбыстарының қосынды таңбасы алынған. Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланылмаған».
Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы
Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.

Н.И. Ильминскийдің жобасы


Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.

Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу» [4].


Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.[5].


Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөнінде айтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы 29 сәуірде Қазан университетінің жанындағы археология, тарих, этнография қоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын.


В.В.Катаринскийдің жобасы


1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды: а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш [6].

Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері Ресей отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың 31 наурызында Ресей патшалығының өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін 1910 жылы маусымда Санкт-Петербург қаласында өткен кеңесте "орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын", деген қаулы қабылданған болатын [7].


Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ — қазақ тілінің дыбыс жүйесін беруде араб жазуының мүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтан, рухани мұрамыздан қол үзбеу үшін әліпбиді түбегейлі реформалауға қарсы тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды.


А.Е.Алекторовтың жобасы


1892 жылы А.Е.Алекторовтың «Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А.Е.Алекторов орыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады: а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегі а-ә, о-ө, ы-і жұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды.

Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқ ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ë тәрізді дыбыстар да алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами – идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова – самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста»


Ы.Алтынсариннің жобасы


Н.И. Ильминскийден кейін, 1879 жылы қазақ ағартушыларының бірі – Ы.Алтынсарин орыс әліпбиі негізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын.
Ағартушылық бағыт
Жобаның негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг" (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал). Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк

Бақылау сұрақтары:


1. Қазақ жазуын латын əліпбиіне көшірудің ғылыми негіздерін анықтауда қандай бағдарламалар басшылыққа алынды?
2. Қазақ халқының түркілік бірегейлігін нығайтудың маңызды тəсілдерінің бірі?
3. Қазіргі түркі мемлекеттерінің ішінде латын әліпбиін қолданып жүрген мемлекеттер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет