1апта тақырыбы: Латын графикасы



бет1/4
Дата02.06.2023
өлшемі50,01 Kb.
#98075
  1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Латын т


1АПТА
Тақырыбы: Латын графикасы негізіндегі əліпбиді қолданудың тарихи тəжірибесі
Жоспары:
Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы пәнінің мақсаты мен міндеті
Қазақ жазуының тарихы: әліпби түрлері мен емле мәселелері
Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері

Мақсаты: Латын графикасы негізіндегі əліпбиді қолданудың тарихи тəжірибесін талқылайды;


Қазақ жазуының тарихындағы әліпби түрлері мен емле мәселелерін салыстырады; Көне түркі жазуының әліпбиі мен графикасы талдайды;
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының қадим жүйесі мен орыс графикасына негізделген қазақ əліпбиінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, пікір білдіреді;

Пәннің мақсаты: Жаңа латын әліпби негізінде жазуды және оқуды меңгерте отырып, латын


графикасы бойынша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін ескере отырып, олардан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері:
-Қазақ жазуы тарихындағы әліпби түрлері, емле ерекшеліктері, қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері, емле ережелері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;
-латын әліпбиі негізінде сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдану дағдысын жетілдіру;
-латын әліпбиі бойынша емле ережелеріне сай жазу және оқу дағдысын дамыту;
-бастауыш сынып оқушыларына латын әліпбиі негізінде білім беру дағдысын жетілдіру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
-Жаңа латын графикасы негізінде емле ережелеріне сәйкес жазады;
- емле ережелері мен сөздердің нормаға сай жазылуы жайлы заңдылықтары мен білімін практикада кәсіби деңгейде дұрыс қолданады;
-латын әліпбиі бойынша емле ережелеріне сай жазу және оқу дағдыларын жинақтайды;
-жаңа латын графикасын меңгерудің маңыздылығын бағалайды;
-латын әліпбиі қоладанысқа енуі бойынша ой қорытып, пікір білдіреді.
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің шектеулiлігі және уақыт жағынан шектеулiлігі. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
Тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасындағы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оптикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады.
Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып табылады. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл ауызша түрде өмiр сүрдi. Талай жүз жылдықтар бойы басқа қатынастың түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың және айнала-сына қатынас жасаудың жалғыз түрi ауызша сөйлеу ғана болды. Жазу ендi тiлдiң осы екi қызметiнiң көшiрме түрi ретiнде, қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны сызба ретiнде былай нобайлауға болады:
Тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу⇒ жазу

Үшінші мыңжылдықтағы жаңа технологиялар тасқыны, ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер, қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланысты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы “Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман” деген.


Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (V – ХІІ ғ.), көне ұйғыр жазуы, VІІІ ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді.
Бұл жазудың емлесі морфоологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.[1]
Суретжазу. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).
Алғашында адам айналасындағыларды ескермей, тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның “туындыларын” өзгелер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.
Әрине, жазудың канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындалған болатын. Себебі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар және өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірдіекілі болды да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адамдай көрінді. Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жатқызбайтын пиктографиялық, суретжазу еді. Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жатқызбайтын пиктографиялық, суретжазу еді. Ғалымдар оны көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Д.Дирингер полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін сыртқа шығару үшін ғана керек болды дегенЖазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда
болып отырады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, логограмма болған себебі – тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті түрде қолданылуынан. Дыбысжазу, буынжазу сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты. Осыған орай дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты
болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікірлер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер суретжазуды жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі Египет пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір болуы (грекше graphein “жазу-сурет салу” дегенді білдіреді), шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларында бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
И.Е.Гельб “жазу” ұғымына дыбысжазу ғана сәйкесетінін айтқан. Автордың таптастыруынша, дыбысжазуға сөз-буын жазулар (шумер, египет, хэтт, қытай), буынжазулар (финикий, жапон) және дыбысжазулар (грек, арамей, латын) қамтиды.
Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты. Алғашқы суретжазу түрлері Америка үндістері мен Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жерлерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.
Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет