1апта тақырыбы: Латын графикасы



бет2/4
Дата02.06.2023
өлшемі50,01 Kb.
#98075
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Латын т

Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шумер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек,
америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логограмма) сөз не морфеманы таңбалайтын жазу.
Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады.
Идеограмма ойжазуға сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне беретіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны оның артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу қолдана алмаған. Ребус принципімен жазу араласқан.
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. ІV-III мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында дамыды. Қазір Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралынан табылып отыр.


Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді-де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.

Көне Түркі жазуының жалпы сипаттамасы


Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті – дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: 1. Енисей ескерткіштері. 2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері.


Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет