1. Тіл деген ұғымнан не түсінесіз? Оның жер бетіндегі міндеті қандай?



бет1/2
Дата29.10.2022
өлшемі24,91 Kb.
#46076
  1   2
Байланысты:
кейс-тапсырма гау


Кейс-тапсырма

  • 1.Тіл деген ұғымнан не түсінесіз? Оның жер бетіндегі міндеті қандай?

  • 2.Тілдің қоғамдағы қандай қызметтерін атай аласыз?

  • 3. Кейбір тілдер мемлекеттер мен үкіметтер арасында халықаралық қатынас құралы ретінде қолданылады. Сондай тілдер жайлы не білесіз?

Тіл – ұлттың негізгі қасиеттерінің бірі. Өзіндік тілі болмаса, онда ұлт та болмайды. Тіл мен ұлт ажырамас бірлікте.. Тіл – адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге сол халықтың ғасырлар бойғы даму барысында жинақтаған өмір, қоғам, табиғат жайлы білім-ғылымдарының жиынтығы, әдебиеті, мәдениеті және рухани өмірі.. Тілдің табиғатын айқындайтын еңбасты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың үлкен маңызы бар. Тіл – адам баласы қоғамында қатнас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болады. Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы оны дамытуы мүмкін емес. Демек қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатнас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың ұжымынан тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қоғам соншалықты қажет.
2. Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады
3. Халықаралық тiлдер — халықаралық қарым-қатынас үшін арнайы жасалған жоспарлы тілдер. Мұндай бейтарап тіл ұлттық тілдерге қарағанда қарым-қатынасқа жеңіл болады және этникалық белгілеріне қарамай ұлтаралық күмәнды сейілтеді деп сенеді. Халықаралық ұйымдарда, конференцияларда қолданғанда ол аудармаға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдейді.
Халықаралық деп саналатын тілдердің келесі ерекшеліктері бар:

  • көптеген адамдар бұл тілді өздерінің ана тілі деп санайды;

  • бұл тіл ана тілі болып табылмайтындардың арасында оны шет тілі немесе екінші тілі ретінде білетін адамдар көп;

  • бұл тіл көптеген елдерде, бірнеше құрлықтарда және әртүрлі мәдени ортада сөйлейді;

  • көптеген елдерде бұл тіл мектепте шет тілі ретінде оқытылады;

  • бұл тілді халықаралық ұйымдар, халықаралық конференциялар мен ірі халықаралық фирмаларда ресми тіл ретінде қолданады.

Әлемдік маңызы бар тілдер


Бірнеше елде екінші тіл ретінде сөйлеушілер саны көп ірі тілдердің тізімі:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет