Боз сазанытоқтыдай, Балығы тайдайтулаған, Бақасы қойдайшулаған... – деген жолдарда бұзаудай, тоқтыдай, тайдай, қойдай деген теңеу сөздер қолданылған.
22. «Болмашыдай анадан болат туғанБөгембай” осындағы көркемдік құралды атаңыз. Сыртқы формасы жағынан жоқтау, тіпті реквием десе де болады. Ал мазмұны жағынан бұл шығарма – Бөгембай батырға арналған гимн. Мұнда Бөгем бай – шынайы батыр, күллі халықтың сүйікті қаһарманы ретінде бейнеленеді. Автор оның ең маңызды жеңістерін, көрсеткен ұлы ерліктерін санамалап баяндайды, оның қалмақтардаң
тазартып, қазақты қайтадан қоныстандырған жерлерін атайды. Жырау өзінің жоқтауын дәстүрге сәйкес Бөгембайды сипаттаумен бастап, оны барынша дәріптеп, Абылай жасақ тарындағы қазақтың бас батыры екенін көрсетеді, сол үшін неше түрлі теңеулер мен символдарды қолданады. Анасы – Болмашы деп аталатын адамдар екенін
аңғарады. Екіншіден, Бөгембай батырдың қайраткүші, жігері,
айлакерлігі, алғырлығы, салмақтылығы, тегеуірінділігі алу
ан түрлі асыл зат пен айбарлы аңқұстың қасиеттеріндей
екендігіне көз жеткізеді
23. Көтеш ақынның шығармашылық жолы . Көтеш нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары осыған дәлел. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар да айтып жүрген. Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген.Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады.«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан.Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады.Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.Қазақ әдебиетінде Көтеш ақын мұрасының алар орны ерекше.