77. Ақтамберді шығармасының зерттелуі.
Революцияға дейін қазақ тарихы туралы кітаптарында да жырау өсімін кездестіреміз. М жолы 1911 жылы қазан таспасынан жарық көрген Құрбанғали Қалидовтың «Тадарих хаисса» атты кітабында Ақтамберді туралы қысқа мәліметтер кездеседі. Бұл мәліметтің мазмұны да халық аңыздарына негізделген, жоғарыдағы келтірілген тәрізді деректер.
Белгілі жазушымыз С. Мұханов жыраудың «күмбір –күмбір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз» толғауын 1942 жылы шыққан «XVII-XIX ғасыр қазақ әдебиетінің очеркі» кітабында жарияланған. Бұдан кейін «Ерте дәуір әдебиеті нұсқасы» (1967ж), «Алдаспан» (1973ж), «Бес ғасыр жырлайды» (1984ж) жинақтарына енді. Біз жырау шығармалары «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдері» (1967 ж), (XV-XVIІ ғ қазақ әдебиеті 1973 ж), «Ақындар поэзиясы» (1982), «XVIІІ ХІХғ қазақ әдебиеті» (1981) атты кітаптарында талдап танытуға күш салдық. М. Мағауин «Қобыс сарыны» атты кітабында да Ақтамберді ақындыңы біркелкі сөз болған еді. Аталмыш еңбектерде жырау творчествасын толық танытуға белгілі дәрежеге көңіл
78. «Есті көрсең кем деме» атты жырдың авторы, идеялық мазмұны.
Бұл жырдың авторы – Асан қайғы Сәбитұлы. Жырдың идеялық мазмұны- Ол өз толғауында адам табиғатын, мінез ерекшеліктерін, моральдық, этикалық қағидаларды аңғартады:
Есті көрсең кем деме,
Бəрі тұйғын табылмас.
Қарындасың жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам əзіз айтар деп Көңіліңді салмағыл.
Нəпсі алдаушы дұшпанның
Насихатын алмағыл.
79. Шалкиіз шығармаларының зерттелуі.
«Шығармаларының бізге толық жетпеуі себепті болар, Шалкиізде аяқталған, бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Алайда қолда бар толғаулардағы кейбір сәттердің өзі оның адам қоғамы, өмір жайындағы түсініктерінен елес береді» дейді әдебиетші ғалым М.Мағауин. Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясында» және басқа да жинақтарда әр кезеңде жарық көрген. Кеңес дәуірінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» т.б. жинақтарға енген. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны» монографиясында Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы талданады және орта мектеп пен арнайы орта, жоғары білім беретін оқу орындарындағы «Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті» цикліне енгізіліп, оқытылып келеді.
Шалкиіз жыраудың алты жүзден аса өлең шумақтары жеткен. Жырау шығармаларында біршама тарихи адамдардың есімі аталады.
80. Мазмұн жағынан Бұқар шығармалары қандай топқа бөлінеді?
1) «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған.
2) Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған.
3) Бұқар жырау поэзиясы нақылға, өсиетке, ғибратқа құрылған. Жырау толғауларынан мақал-мәтел болып кеткен жолдар да кездеседі. Мысалы, «Шаршы топта сөз бастау қиын», «Ежелгі дұшпан ел болмас», «Әкелі бала жаужүрек»,
4) Бұқар шығармаларында жақсылықпен жамандық, достық пен қастық, адалдық пен арамдық туралы баса жырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |