1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Ақтамберді жырларында кездесетін архаизмдерді атап түсіндіріңіз



бет34/45
Дата15.11.2023
өлшемі257,63 Kb.
#123604
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін -emirsaba.org

81. Ақтамберді жырларында кездесетін архаизмдерді атап түсіндіріңіз.


1.Кіреуке – жейде түрінде жасалған, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген торлы сауыт. 
2. Күдері – жұмсақ етіп ерекше тәсілмен өңделген тері түрі. 
3. Тобыршық- Ұзындығы бармақтай ағаш тиектің ортасы қыналып, ірге баудың бір ұшына тігіледі. 
4. Ұрын келу (қынаменде)– күйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару сапары. 

82. Асан қайғы жырларындағы өсиет-нақыл, қанатты сөздерге мысал келтіріп, талдаңыз.

Асанның нақыл-өсиет ойлары мына толғауларында айқын аңғарылады: “Бұл заманда не ғаріп”, «Есті көрсең кем де», “Көлде жүзген қоңыр қаз”, “Таза мінсіз асыл тас”, “Құйрығы жоқ, жалы жоқ”, “Атадан алтау тудым деп”.
Ғалым Ө.Танабаев: «Бұл жолдардан адам тағдыры ғана емес, жан иесі мақұлықтардың бәрінің тіршілігі толғантқан, көне заманда өмір сүрген көне философ-гуманистердің тіліндегі ойшыл Асан танылады. Адам мен тіршіліктің тұтастығын, олардың қайғысы мен қуанышының да ортақтастығын ұғынуы – ұлы жырау бойында қасірет шегу, сүю сияқты адамгершілік сезімдерін қозғайды» деп көрсетеді. Яғни, Асан қайғы жырларынан адамгершілік қасиеттерді насихаттауды молынан ұшыратамыз.
Асан сөздері өсиет, нақыл түрінде көп кездеседі. Мəселен:

Ақың болса біреуде Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтіп жуыспа, Тəуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа...
«Ашуға ақылды жеңгіз, көпшіл бол» деген өнегелі өсиеттің бүгінгі күнге дейін жастар үшін мəн- мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті кеңес екені даусыз.

83. Үмбетей жырау шығармасының зерттелу жағдайы.

Үмбетей шығармалары сол заманнан бері аса құнды бағаланып, көрнекті жазушылардың ақындардың қазақ әдебиетін зерттеушілердің көңілін өзіне аударды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Ханғали Сүйіншәлиев, Ғалымжан Мұқатов сынды жазушы ғалымдар өз ойларын білдіріп еңбектер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет