92.ХҮ-ХҮІІ ғасырда жасаған жырауларды ретімен атаңыз. 1. Асан Қайғы Сәбитұлы - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешені әрі биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. 2. Қазтуған Сүйіншіұлы- XV ғасырда өмір сүрген қазақ әдебиетінің төл басыларының бірі. 3. Доспамбет жырау- жырау, қолбасшы, батыр. 4. Шалкиіз жырау Тіленшіұлы- жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. 5.Жиембет Бартоғашұлы- жорықшы жырау, Есім ханның әскер басыларының бірі және қалмақтармен күресте ерлік көрсеткен батыр. 6. Марғасқа жырау - ерлікті және де достықтыққа адалдықты жырлаушы қазақ поэзиясының көне дәстүрін жалғастыраушысы. 93. Ақтамберді «ару» суретін қалай айшықтайды. Ақтамбердің шығармашылығнда жылқы бейнесі басты орын алғанымен, ару бейнесі де ерекше, асқақтата суреттеледі. Жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауында ару бейнесі айшықталып тұр. Мысалы: 1.Бұлттан шыққан ай бетті, Мұнардан шыққан күн бетті Айттырса, бермес сұлуын Аппақ қылып маңдайын, Бұғақ қылып таңдайын, Қиылдырып қастарын, Төгілдіріп шаштарын, Күнінде аламанға Тегін олжа қылар ма екеміз?!
3. Арудан асқан жан барма 94. Бұқардың «ал тілімді алмасаң» жырының мазмұны, көркемдігі. Бұқардың «Ал тілімді алмасаң» жырындағы көрініс тапқан кейіпкер-Абылай хан.Жыр жолдарынан Абылай ханның сол мезеттегі ұстанған саясаты мен көрегендігін,алғырлығын,білгірлігін байқай аламыз.Бұқар жыраудың толғаулары Абылай хан дәуірінің айнасы іспетті.
Жырдың негізгі идеясы-Абылай ханның тіршілігін дәріптеу,өмір сүрген мезеттегі жасаған істері мен мінезін пайымдау.