1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз



бет41/45
Дата15.11.2023
өлшемі257,63 Kb.
#123604
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін -emirsaba.org

Жырдың мазмұны-Абылай ханның бір дәуірге татитындай өмірін сонау балалық шақтан еңсейген шал болған сәтке дейінгі өмір жолы тұтастай қамтылған.
«Ал, тілімді алмасаң,
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің,»-деп балалық сәттегі өмірін суреттей келіп, «Сен қай жерде жүріп жетіктің?»-деп көз алдында бала тұрымтайдың лезде өсіп-өнегін байқамай қалғандай сынай көрсетеді.
« Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің.
Дәулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа.»- деп Абылай ханның басына бақыт құсы қонғандығын жырау жеткізеді. 20 жасынан-ақ іске пысық,тілге сөзшең жігіттің алғырлығы мен көрегендігін байқаймыз. Осы ретте жырау жыраулық поэзиядағы қалыптасқан- ханға қаратып сөз айту дәстүрін қолданады.
Әрі жас кезеңдерімен байланыстыра кетеді. Оны біз «Жиырма жасқа келген соң»-атты жыр жолынан байқай аламыз.


«Алмаған жауың қалмадың»-деп елін-жерін жаудан азат етіп,қорғай білгендігін көреміз. Абылай ханның еліне сүйініш әрі қорғаныш бола білген ер азамат болғандығын танимыз.
Жырау бала сәттен байларға қызметші болып жүргендігін ғана айтып қоймай,шешесінің де кім екендігін айта кетеді.
Шешеңді және сұрасаң,
Қай алтынның буы еді,
Оны да мен білуші ем.
Түрікпеннің төрінде
Қашып жүріп күнелткен күң еді.
Жыр жолында кездесетін көркемдік құралдар-аллитерация,ассонанс,риторикалық сұрау,теңеу,эпитет кездеседі.


Эпитеттер-алтын тұғыр,ақ сұңқар
Риторикалық сұрау-сен қай жерде жүріп жетіктің? Қашан жауға тіредің? Қай жерінде төре едің?
Теңеу-құстай,мендей
Бір жағынан риторикалық сұрау келген жолдарда жырау Абылай ханды кеше ғана құл боп жүр едің,қашан хан болып кеткенсің-дегенге келтіріп мысқылдап айту яки сарказм басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет