Буын саны-7-8 буынды. Ұйқас түрі-Шұбыртпалы ұйқас. Көркемдеуіш құралдар- эпитет: шағырмақ бұлт, жай тас, ағытқан қой, ақ желкен, ғадыл төре, батыр жігіт,шешен адам, жүмле ғалам.
99. Үмбетей жырау шығармаларының зерттелу жағдайы. Үмбетей атақты Бөгенбай батырдың өлімін өз басшысына естірткен жырау. Оның Бөгенбай батыр өлгенде айткан жоқтауы 1925 жылы «Таң» журналынын 4-басылымында алғаш жарияланып, кейін 1942 жылы С.Мұкановтың «Очеркіне» де енгізілген. 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұскалары» хрестоматиясында, 1973 жылы «Алдаспан» жинағында басылым көреді. Жоқтауды ол Абылай алдына келіп, естірту ретінде толғап шығады. Үмбетей жыраудың қолдағы бар өлең-жырларына үңілсек, олардың негізгі мазмұны арнау үлгісінде жырланатынын байқаймыз. Халықтық дәстүрдегі жоқтау, естірту үлгісінде келетін «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» іспетті толғауларының өзінде арнау сарыны басым келеді. Осы сипаттарға қарай отырып, Үмбетей жыраудың нақты жағдайды нақты адамға қатысты ала отырып, ой толғауға бейім болғанын аңғарамыз. Осыған орай, Үмбетейді өз дәуіріндегі поэзияда арнау жанрының қанат жая дамуында маңызды роль атқарған жырау ретінде танысақ болады.
100.Көтеш ақын жырларының жыраулық поэзиядан өзгешелігі.
Көтеш ақынның шығармашылығынан бастап қазақ өлеңінің формасына да өзгеріс енеді. Ол байырғы жыраулық поэзиядағы формалық еркіндікті шектей бастайды, яғни ерікті шумақ, еркін ұйқас, еркін бунақтар бірден жойылмағанымен, ығысуға мәжбүр болды. Бұрынғы толғауларға тән тирадалық еркін құрылыммен қатар 4 тармақты шумақ қолданылады. Тіпті бірте бірте толғаудың орнына 11буынды қара өлең формасы орнығады, ертеден келе жатқан 7-8, кейде одан да көп буыннан тұратын тармақ енді міндетті түрде 11 буыннан құрылатын болады.Көтеш өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл түрінде халыққа көбірек таралған. Өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығын көрсетіп, екіншіден, сараң байларды келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғанын байқатады. Көтеш ақынның өлеңдерінің бір ерекшелігі тақырыбы жоқ. Оның өлеңдерінің алғашқы шумағындағы бірінші жолын өлең тақырыбы етіп аламыз. http://emirsaba.org