1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Ақтамберді жырындағы “Қидасын кәрі жілікті” сөзінің мәнін түсіндір?



бет16/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

36.Ақтамберді жырындағы “Қидасын кәрі жілікті” сөзінің мәнін түсіндір?

Күлдір-күлдір кісінетіп

От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық орнаған
жонсаудай,
Ор қояндай қабақты,
Қиған қамыс құлақты,
Сары мысықтай азулы,
Саптыаяқтай ерінді,
Қидасын кәрі жілікті,
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей,
Табаны жалпақ тарланды
Таңбалап мінер ме екеміз?!
Сол тарланға мінген соң,
Өзен де өзен, өзен су,
Өрлерде жортар ма екеміз?!
Аңдысып жүрген дұшпанның
Бұлттан шыққан ай бетті,
Мұнардан шыққан күн бетті,
Айттырса, бермес сұлуын
Аппақ қылып мандайын,
Бұғақ қылып таңдайын,
Қиылдырып қастарын,
Төгілдіріп шаштарын,
Күнінде аламанға
Тегін олжа қылар ма екеміз?!

Қидасын кәрі жілікті -қидасын-мықты, күшті деген мағынада.Мықты болып дұшпанға қарай бет бұрып елдің ерлігі,тәуелсіздігі үшін күресі мақсатында сөз қозғаған..Күлдір күлдір кісінетіп негізгі идеясы-осы елдік,ерлік,тәуелсіздік жайында болғаны хақ.


37.«Белгілі биік көк сеңгір» кімдікі? Идеялық мазмұны.
Белгілі биік көк сеңгір Қазтуған жыраудыкы.
Белгілі биік көк сеңгір ИДЕЯСЫ-

Бұл толғауда Қазтуған жырау батырларға тән қажыр-қайратын ұштап, намысын қайрап, елге дем беріп, рухтандыр оны қайраттандыра түседі.Таудың əдемі көріністерін жырлап, адам туралы ойларға ерік береді.

38. “Хан емессің қасқырсың” атты жыр кімдікі? қоданылған көркемдік тәсілді атаңыз.
Махамбеттің Жәңгірге айтқаны

Хан емессің, Қасқырсың, а
Қас албасты басқырсың, а
Достарың келіп табалап, б
Дұшпаның сені басқа ұрсын! в
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың!

Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны. Қолданылған көркемдік тәсіл-Махамбет өзі реалист ақын болған соң,ешқандай астарлаусыз,тікелей қасқырсың,басқырсың деп ТЕҢЕУ арқылы жеткізген.Аралас ұйқас түрінде жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет