1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Асан қайғының «көшпенділер философы» аталуының себебі



бет24/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
58 . Асан қайғының «көшпенділер философы» аталуының себебі.
14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында өмір сүрген, ойшыл,жырау,би, философ Асан қайғы Сәбитұлы Желмаяға мініп Жерұйықты іздеген. Өзі жүріп өткен қазақ жерлеріне бағасын беріп отырған,ол халық арасында кең тарап,жатқа айтылып жүрді.Елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді мұрат етіп,бар өмірін соған арнайды.Біраз жақсы көгерген жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын беріп жүреді. Бірақ ойындағы жер бетіндегі жұмақты, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерді таба алмайды. Үнемі ой толғап, халық жайлы ой елегінен өткізіп жүргендіктен «Асан қайғы» («қайғы») лақап атқа ие болды. Асан туған даласын молшылық пен берекенің еліне, ізгілік пен ынтымақ мекеніне, бақытты, бейбіт, азат халық өмір сүретін, мықты да дана хандар қызмет еткен елге айналдыруды құмарта аңсаған Асан халықтың бақытты болашағын армандады. . Ол өмір шындығы оның идеалынан және әділетті қоғам туралы армандарынан қаншалықты алыс екенін көргендіктен, қайғылы лақап атқа ие болды.Асан Қайғы жөнініде көп ғалым зерттеушілер пікір айтады,соның ішінде Ш. Уалиханов оны «көшпенділер философы» деп атаған.Оның себебі барлық жерді шарлап, жерлерге өз бағасын жан-жақты бере алғандықтан деп ойлаймын.


59. «Ассалаумағалейкүм, жайсаңдар мен қасқалар» атты жырдың мазмұны, құрылысы.
Жырдың мазмұны: Тәтіқара ақынның қарт шағындағы тұрмыс өмірін арқау етеді. Жырда сарай маңынан қуылғаннан кейінгі жоқшылықтағы қиын өмірін суреттей отырып, десе де ешкімнің аяушылығы мен көмегіне зәру емес ақын тұлғасы мазмұндалады.
Тәттіқара ақынның бұл жыры оның тұрмыс-тіршілігінен, хал-ахуалынан сыр шертеді. Жыраудың өзіне таныс ел жақсыларын кездестіріп қалып, сол мезетте сурып-салмалықпен шығарған жыры сияқты.Бастапқы өлең жолдарында ақынның жағдайы жақсы емес екенін, сырқаттанып жүргенін, қолы қысқалығын жеткізеді.
Жырдың соңғы жолдарында «қара лашық» деп оның тұрмысының онша болмағанын, жоқшылықта өмір сүргенін, тік мінез ойын ашық, қысылмай айтатынын байқауға болады
Құрылысына келсек, Тәтіқара ақынның жырына өзі өмір сүріп отырған тұрмыс бейнесі арқау болады. Ақын осыған дейінгі жыраулар үлгісіндегі параллелизмді, яғни қатар қойып суреттеу әдісін шебер қолданады. «Жайсаңдар мен қасқалар» деп меңзеуі арқылы, мысқылдау мен кекету сарынын байқауымызға болады. «Үй мен түз», «батыр мен пақыр» тіркестері арқылы өмірдегі екіжақты қатынастарды бейнелейді.
«Түзде жүрсем - батырмын, Үйге келсем – пақырмын» жолдарындағы эпиттеттер арқылы өзінің айрықша сапа-белгісін көрсетті. Халық арасында сөз бастаған шешен болып саналса да, өз үйінде жоқшылық көрген дәрменсізге айналады.
«Таңертеңгі ішкен шалап
Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта» - тармақтарын оқи отырып, ақынның біраз жасқа келгендігін байқауымызға болады. Өзінің қартайып, хал-ахуалы нашарлап жатқан бейнесін суреттейді. Жырдың соңғы жолындағы «қара лашық» сөзі де эпитет болады, себебі Тәтіқара ақын жоқшылық тұрмыстың сипатын осы қара лашық арқылы суреттеп береді. Жыр жолдары 7-8-9-11-14 буынға, 2-3 бунаққа, аабб – егіз ұйқасқа құрылған. Бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, мәні тереңдегі айшықты көркем сөздер арқылы Тәтіқара ақынның өмірге деген көзқарасын түсініп, байқауымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет