Қозының анасы қуып жіберген шығар, Әр қой оны айдап кетіп, Сондықтан ол айлар бойы ештеңе жемеген. Жаман бақташы оны жақсы тамақтандырмаған шығар, Мүмкін Би Молтыр бізге арнайы сақтап қойған шығар. Тамырсыз қонақтарға бермей, күтті, Жақсы туған Шал қонаққа келгенде. Алла Әкбар! Шалдың ақындық тапқырлығы мен кең пейілді импровизациялық дарынының бірқатар мысалдары бар. Ақын еш қиындықсыз қай жерде де өлең шығаратын. Оның ерекше мән беретін, бар байыптылықпен қарайтын тақырыптары болды. Бұл – адам өмірі, өмірдің мәні, оның мәңгілігі мен мәңгілігі, дін мәселелері. Ақын балалық пен балалық шақтың алаңсыз, уайым мен қайғыдан алыс уақытын сезіммен суреттейді. Бір жасымда бесікте жаттым, Төртте мен бір қуанышты білдім Алты жасымда қайыңдай болдым, Қозыдай он жасымда тай міндім... Одан әрі ақын қазақтың халық әндерінде айтылатын жастық шақ, жастық шақ, қайталанбас, қайталанбас «жігіт заманы» (жиырма бес жас), кемел жігіт, отыз бестегі дана жар заманын сөз етеді. О, менің жиырма - Көлдердің қамысындай болдым, О, менің отызым - Мен таудан ұшқан бұлақпын... 7. Толғау дегеніміз не? Анықтамасын келтіріңіз Толғау хандық дәуір әдебиетінде кеңінен дамыған жанр болып табылады. Толғау жырауларға тән, себебі өз заманының шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін толғап айтқан. Мұхтар Мағауин «Толғау» сөзінің мәнін өзінің аты айтып тұрғандай, «толғану, толғаныс» деген ұғымды білдіреді дейді. Солайша оны ойға құрылған толғау және сырға құрылған лирикалық толғау деп 2-ге жіктейді. Ой толғауына жыраудың философиялық көзқарасы, қоғамда, халық арасында, тұрмыста болып жатқан шындық оғиғаларға қарап айтқан пікірін, тұжырымын жатқызуға болады. Мәселен: Бұқар жыраудың «Ай заман-ай,заман-ай», Доспамбет жыраудың «Арғымаққа оқ тиді», Шалкиіздің «Ор, ор қоян» сынды әлеуметтік маңызы бар толғауларын мысал ретінде атап өтуге болады. Бұл толғауларда жыраулардың дүниетанымын анық байқаймыз. Сонымен қатар, ханның кемшіл тұстарын бетіне басып, оған ақыл-кеңес білдірген жыраулардың тлғауларын да осы топқа жатқызуға болады. Ал лирикалық сырға құрылған толғауларда жыраулардың ішкі сезімі, эмоциясы басымырақ көрініс табады. Ел басына туған қиыншылық немесе жеке басындағы ауыртпашылыққа өз көңіл-күйін білдіруі, немесе оған қарама-қарсы жағымды жайттарда қуанышын білдіру сынды идеяға құрылады. Мысалы: Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы жерімен қоштасуы, Үмбетей жыраудың «Бөгембай өліміне» толғауы, т.б. Толғаудың көркемдік ерекшелігі, құрылысы күрделірек болады. Көбіне қара өлең емес, шұбыртпалы, аралас ұйқастарға құрылады. Толғауда жыраулар поэзиясына тән негізгі ерекшелік – табиғат, адам және жан-жануар арасындағы байланыс синтаксистік параллелизм арқылы шебер суреттеледі. 8. Шалкиіз толғауларындағы тіл нақыштары М. Мағауин Шалкиіздің жыраулық өнерін импровизацияның шебер үлгісін көрсеткен жырау деп бағалайды. Оның атап айтар туындыларын, «Би Темірге айтқан толғаулары», моральдық-этикалық тақырыптағы толғаулар және нақыл сөздер деп жіктеуге болады. Х. Сүйіншәлиев Шалкиіз жыраудың жыраудың толғауларындағы тіл нақышын «бейнелі суретті нақылдар» деп сипаттаған болатын. Оның қиялы ұшқыр, бейнелеу құралдарын шебер қолданады, толғауларында сипаттап отырған құбылысын түрлі салыстырулармен, бейнелі сөздермен тұспалдап жеткізеді. Жыраулық поэзияға тән адам, табиғат және жан-жануарлар арасындағы байланысты суреттей отырып, толғаудың мазмұнын көркем бейнелейді. Мысалы: «Жағаға жақын қонғанды Жайылып сулар алмас па? Жаманға дос болғанның Жазымда басы қалмас па?» жырында табиғат құбылысын байланыстыра келіп, жағымсыз адамның келбетін, жаман достың бейнесін ашады. Сол сияқты «Ор, ор қоян» толғауында да алдымен ор қоянның портретін суреттеп келіп, онымен адамның мінез-құлқын суреттеді.