«Қаудыр құлақ шал қоян Жүйрікпен деп мақтанба Жүйрікпін деп мақтансаң, Ұзын жолдың үстінде Ол дағы бір құба арланға жолығар» деп, мақтанға берілмеу, жамандықтан өзіңді қорғау сынды идеяны негізге алады. Шалкиіз жыраудың тіл нақышы халық поэзиясымен байланысып кеткен. Жыраудың сөздерді, тіркестерді қолдану ерекшелігінде батырлар жырына тән үлгі бар. Шалкиіз Жуан ханға арнаған толғауларында тоғыз қаһарманның тұлғасы асқақата бейнеленеді. Би Темірге арнаған толғауында да «Бір жілік сындырған, қоянның қос құлағын тұндырған» деген сынды әсірелей суреттеулері жыраудың көркемдік тұрғыдан басқалардан ерекшілігін көрсетеді. Шалкиіз Темір ханға айтқан «жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет» деген ақыл кеңесі, бүгінгі күнге дейін халық арасында өсиет сөзге айналып, өз құндылығын жоймай келеді. 9. Көтеш ақын айтыстарының көркемдігі Жыраулар поэзиясында Көтеш және Шал ақындар айтыс үлгісін көрсеткен тұлғалар болды. Дегенмен, Көтеш ақынға тиесілі айтыстағы жыр жолдары бүгінгі күні сақталмаған. Ел аузында тек оның «арсыз ақын қыз» атанған арумен айтысы ғана айтылады. Айтыскер қыз бір тойда қатарынан 9 жігітпен айтысып, жеңіп шығады. Соңында қарсы болса да, халық Көтеш ақынды қызбен айтыстыруға алып барған екен. Қыз ақын кіре бергенде-ақ оның жасына қарамай, «Қызарып екі көзі маймылдай шал, тұсыма менің қайдан кезің келді» деп бастайды. Оған ақын дөрекі жауап қайтарады, осылайша айтыс дами түсіп, түрлі тұрпайы сөздер айтылады. Көтеш ақынның шығармаларын жинақтаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтысты соңына дейін жазып шығуға шыдамы жетпей, соңында Көтеш ақын жеңетінін ғана айтып, сөзін аяқтайды. Енді бір зерттеулер бойынша, айтысқа түсіп жүргенде Көтеш бір рудың адамын қатты сөгіп сөйлеген екен, содан кейін сол елдің байларын ақынды ұстап, сабап, байлауда қалдырған екен. «Алдымнан алты пұшық анталады» жыры осы байлауда қалған шыққан жыр деген халық арасында сөз қалды. 10. «Таза мінсіз асыл тас» атты жырдағы көркемдік құрал. Асан қайғының аталған толғауынан жыраудың философиясы, өмірге деген көзқарасы айқын көрінеді.Негізгі мазмұны – сөз өнерінің құдіреті жайында, қазақ шешендік өнерінің сипатын айқын көрсетеді. Жырдың поэтикалық тілі көркем, бейнелі эпиттеттер арқылы табиғат пен адам арасындағы байланыс синтаксистік параллелизм арқылы салыстырыла суреттеледі. Асыл тас қаншалықты судың терең түбінде жататын болса, асыл сөз адамның терең санасында, ақыл ойында жататындығы жыр жолдарының алғашқы тармағында айтылады. Өлең құрылысы жағынан 7-8 буынды, 2 бунақты, шалыс ұйқасқа құрылған. Тілге жеңіл болғанымен, жырдағы философиялық көзқарас, дидактикалық мазмұнға бай. Жырдағы «мінсіз, асыл» сөздері тас қа да, сөз ге де ортақ ерекшелік қасиетін көрсетіп тұрған эпитет болады. 11. Шалкиздің би Темірге айтқан толғауларының әдеби мәні. Шалкиіз жыраудың бірнеше жырларының мазмұнын Би Темірге арналып айтылған толғаулар құрайды. Ол басқа да жыраулар сияқты хан жанында жүріп кеңес айтқан тұлға. Өзінің даналығымен билеушіге жол көрсетіп отырды. Оның қазірге жеткен «Би Темірге айтқан» бірінші және екінші толғаулары сақталды. Бірінші толғаудың мазмұны: Шалкиіз жыраудың ханның жанындағы ықпалын көре алмаған жамандар, екеуінің арасында от салып, арандата бастайды. Жыр жолдарында ол өзін «қу» құсына, ал арандатқан адамдарды «көкшіліге» теңеп суреттейді. Бұл жыраулық поэзияға тән «синтаксистік параллелизм» тәсілі, сол арқылы жақсы мен жаманның аражігін ажыратып көрсетеді. Осылайша өзін ақтай келіп, «Керекті күні алдында, сұлтан жаным аяман!» деп өзінің адалдығын дәлелдейді Ал «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуы» жырында ханның кемшіл тұсы мен қате жасаған әрекеттерін бетіне басудан да жасқанбайды. Хан жолға кетсе, қара халықты кім қорғайды деген мағынаны аша келіп, қажы сапарынан бас тартуға көндіреді. Жыр жолдары дидактикалық сарынға да бай. «Жығылғанды тұрғызсаң, жылағынды уатсаң, қисайғанды түзетсең, Тәңірінің үйі қарсы алдыңнан жасапты» деген жолдармен аяқталады. Осылайша, ханды сапардан қалуға көндірді.