Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он
жүздіктен , жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жйесі ондықтардан басталды.
Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді.
Бұл ғұндардың мемлекетіндегі әскери жүйесіне ұқсайды. 1211-1215 жылдар аралығында
Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт
шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.
2. 1960 жылдардың ортасындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесіз
аяқталуының себептерін талдаңыз.
1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын
барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе
бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын
қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі
шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған
реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті
басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-
республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға
шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан
ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған
түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің
сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік
жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай
қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес
өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай
Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары
таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер
(түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс
материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары
біріктірілді.
3. Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер
Жүргізген саясаты
Тоғлық
Темір
Мемлекеттің негізін қалаушы. Астанасын Алмалық етті. Мауараннахрды
жаулап алды. Қазағанның көзін құртты.
Ілияс Қожа
Әмір Темір мен Хұсайнның бірлескен күшінен жапа шекті. Мауараннахрды
Әмір Темір басып алды.
Поладшы
Мауараннахр мен Моғолстан біржола бөлінді. Жалпы дулаттардың билігі
артты. Моғолстан тәуелсіз мемлекетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: