1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет40/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
30 - Билет 
1.Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызы. 
ХХғ. басында отарлық жағдайда тұрған өзге де ұлттар (үнді, қытай т.б.) отарлаушы 
империяның күшті құрылымына қарсы тұра алу үшін –«күш қолданбай қарсыласу», «өзін-
өзі күшейту», бейбіт шеру, байкот жариялау сияқты әдістер қолдана бастады. Халықты 
қырғынға ұшырататын көтеріліс түріндегі қарулы әдіс өзін-өзі ақтамады. Ұлттық 
мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын, жаңа күрес тәсілдерін тиімді 


пайдалана алатын әлеуметтік күш- ұлт зиялылары еді. Олар ХХғ. басында жаңа күрес 
әдістерін –ұлттық құндылықтарды қорғау тұрғысынан халық ағарту ісін алға тартып, 
газет-журнал, кітап басып шығаруды қолға алды. ХХғ. басынан (1902ж.)бейбіт күрес 
әдістері ретінде, талап-тілектерді жазбаша түрде талап ету – петиция әдісі қолданыла 
бастады. 1905 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде атақты 
«Қарқаралы петициясы» дүниеге келді. Оны Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, 
Ж.Ақпаев сияқты зиялылар ұйымдастырды. Оған 14,5 мың адам қол қойды 
2.Қазақстандықтардың фашистік агрессорларға қарсы майдандағы ерліктерін талдаңыз 
ҚАБЫЛОВ ТӨЛЕН:шайқасына Дон, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету 
ұрыстарына қатысқан.«Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. 
НҰРКЕН ӘБДІРОВ: Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған 
қазақстандықтардың бірі – әскери ұшқыш Нұркен Әбдіров.Алғашқы әуе шайқасына 23 
қазанда қатысып екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет әскери әуе жорығына 
араласты жаудың 12 танкісін 28автомашинасын және т.б.техникаларын 50-ге тарта 
солдаты мен офицерін жойды,Нұркен Әбдіровке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен 
мұндай өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ:Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25 шілде күні болған 
шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып тұншықтырып,ерлікпен қаза тапты.1944 жылы 
21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі.Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке 
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
ТАЛҒАТ БИГЕДИНОВ: 1943 жылдың ақпанынан майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда 
«Ил-2» шабуылшы ұшағымен жаудың «Мессершмит-109» жойғыш ұшағын атып түсірді. 
Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген оқиға ретінде әлемдік авиация тарихына енді. Соғыс 
кезінде ол 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың жүздеген танктерін, 
зеңбіректері мен солдаттарын жойды. Әуе шайқастарында фашистердің 7 ұшағын атып 
түсірді. Соғыстан кейін әскери-әуе күштерінде қызмет істеді.
ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ: Ұлы Отан соғысы жылдарында Төлеген Тоқтаров 8-ші гвардиялық 
атқыштар дивизиясы қатарында болды. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино үшін болған 
ұрыста асқан ерлікпен қаза тапты. 
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА: 1943 жылдың тамызынан 2-ші Прибалтика майданында 26-шы 
атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, асқан мергендігімен көзге түседі. 
Ефрейтор Молдағұлова Новосокольники темір жол бекетінің маңында болған ұрыста 
жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза табады. 
МӘНШҮК МӘМЕТОВА: 1942 жылы тамызда Қызыл Әскер қатарына алынып, 21-ші 
атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк 
Мәметова ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен және табанды ба тылдығымен көзге 
түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәметова ақтық демі 
біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор 
И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар- 
диялық) дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болады. 
Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. 1950 жылы Кеңес 
Әскері Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіріп, әскери академияда 
сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады. 
3.Кестені толықтырыңыз 
Ортағасырлық 
мемлекеттер 
Олардың астаналары 
Шыңғысхан 
империясы 
Қарақорым Сыр 
Алтын Орда 
Сарай-Бату
Сарай-Берке 
Ноғай Ордасы 
Сарайшық 


Көшпелі өзбек 
мемлекеті 
1428-1446 Чинги-Тура , 
1446 Орда-Базар,
1446-1480 Сығанақ
1468-1501 Қажы-Тарханов 
Моғолстан 
Алмалық 
Ақ Орда 
Сығанақ 
Әмір Темір мемлекеті Самарқан 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет