1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет32/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

23 – Билет 
 
1.Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы. 
Сарматтардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекше болған. Олар 
негізінен, күй талғамайтын, үнемі дерлік орын ауытырып жүруге қабілетті және өсімтал 
жылқы мен қой ұстаған. Жылқы өсіру көшпелілерді көшіп қонатын күш көлікпен 
қамтамасыз етті.Сарматтарда тұрқы қысқа жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге 
үйренген жылқы түрі өсірілген. Соны мен қатар алыс жорықтарға мінетін қазанаттарда 
болатын. Оған тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.Қойдың еті, сүті және 
оларды өңдеу өнімдері көшпелілердің тамақ мәзірін қалыптастырды.Ал терісі, жүні, қылы, 
ішінара сүйегі тұрмысқа кең пайдаланылды, үйдегі қол өнерге шикі зат болды.Малдың бір 
бөлігін түйемен сиыр түлігі құраған, олар күш көлігі болды, сондай-ақ олардан етпен жүн 


алынды.Көшелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік үстірт пен Маңғыстауда ал 
жайлауы солтүстік аудандарда Оңтүстік Жайық өңірімен Солтүстік Қазақстанда болған. 
Жазғы күзгі кезеңде жайылымдардың шөбін жетілдіру мақсатымен жақын маңайға көшіп 
отыру да міндетті болған.Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды.Аңшылық 
қосымша кәсіп-қызықтау, сейіл құру қызметінде атқарады. Олар киік, қарақұйрық, қоян, 
түлкі, әртүрлі құстар аулады. Оларды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып 
ұстады.Сарматтардың оңтүстік шығыс және солтүстік бөлігіндегілердің негізгі 
шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болған. Бұл аймақтан сармат заманына 
қатысты әлдебір суландыру құрылыстарының іздері табылмаған. Арал-Каспий теңіздері 
аралығы тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейтінде еш дерек жоқ.Еділ-
Жайық бойын, Дон өзені манын мекендеген сарматтардың көп бөлігінің шаруалығында мал 
шылықпен қатар егіншілікте маңызды орын алды. Олар көшпелі тұрмыспен бірге 
жартылай көшпелі, тіпті отырықшы жұрттарды қалыптаса бастады. Бұл өңірдегі 
сарматтардың тұрақты мекендері де болған. Ондағылар жер өңдеп, егін егіп, қол өнер 
кәсібімен айналысқан. 
2.Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін жан-жақты талдаңыз. 
Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны 
тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: «Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар 
Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа 
да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау 
тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем 
нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш 
етті...» дейді. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы 
мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы 
суреттерден байқауға болады.
3.ХІХ ғ. 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күрестер 
болған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз. 
Орал мен Торғай облысындағы көтерілістің шығуына 1867-1868 жж. реформа себеп болды. 
Орал мен Торғайдағы көтеріліс 1868 ж.желтоқсан айынан 1869 ж.қазан аралығында 
болды. 1869 жылы 6 мамырда көтерлісшілер 20000 қолмен Жамансай көлі маңында фон 
Штемпельдің әскеріне шабуыл жасады. 1869 жылы наурыз, маусым айларында 
көтерлісшілер феодалдық топтарға 40 астам шабуыл жасады, оған 3 мың көтерлісшілер 
қатысты.
Оралдағы көтерілісті басуға полковник Рукин мен Веревкин бастаған 
жазалаушы әскер қатысты. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет