8 – Билет 1.Қола дәуірінің ерекшелігі
Қола дәуірі адамзат тарихында ерекше орын алды. Өндіріске металл құралдарының енуі еңбек өнімділігін арттырды. Шаруашылықтың жаңа түрлеріінң пайда болуына себеп болды. Еділ бойы, Орал өңірі, Қазақстан және алтай аймағын мекендеген тайпаларында өндірістік қатынастар дамып, мал шаруашылығы жедел дами бастады. 2.«Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтарын
анықтаңыз. Екі автономияның құрылу себептері, мәні қандай?
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды.Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Құрылу себептері мен мәні: Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- Уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді.Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казақ әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы
өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті.Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынборда қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды.Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүліншіліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды.Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты.Қазақ зиялыларының тағы бір өзін-өзі билеу жолындағы қадамы –Түркістан автономиясы болды. 1917 жылы 22-қарашада өз жұмысын аяқтаған Ташкентте Түркістан өлкелік кеңестер съезі Түркістанда кеңестік билік орнағанын ресми түрде жария ете отырып, оның құрамына жергілікті ұлттың бірде-бір өкілін енгізбеді. Бұл, кеңес өкіметінің Түркістан халқының өзін-өзі билеу құқын мойындамау деген сөз еді. Саяси жағдайдың мұндай бағыт алуына байланысты М.Шоқай бастаған Түркістан өлкелік мұсылмандар кеңесі нақты әрекетке көшіп, 1917 жылы 26-қарашада ІV Төтенше мұсылмандар съезі жұмысын бастап, 28-қараша –Түркістан автономиясын жариялады. Түркістан Уақытша кеңесі құрылды, құрамына 54 адам енді, Уақытша кеңес 12 мүшеден тұратын Уақытша үкімет құрды. Бұл өкіметтер жергілікті халықтың мүддесін көздейтін, жаңа кеңестік билікке балама есебінде дүниеге келген саяси құрылымдар еді. Саяси бағыттарының айырмашылықтары: Алаш автономиясы – өзінің сипаты жағынан Ресей құрамындағы аумақтық-ұлттық автономия. Алаш автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов қазақ халқының өз алдына бөлініп, жеке ұлттық мемлекет ретінде дамуын қалаған.Түркістан автономиясы болса – өзінің сипаты бойынша Ресей құрамындағы аумақтық-федерациялық автономия. Түркістан автономиясының ұйымдастырушысы және басты идеологы Мұстафа Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады. Яғни, ол- тұтас Түркістан идеясын ұсынды. Орта Азиядағы қазақ, қырғыз, өзбек, т.б. халықтардың бір мемлекеттің туы астында жиналғанын қалады. Алаш қозғалысы мен Түркішілдік қозғалыс Қазақстан мен Түркістан өлкесінде ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстардың алдына қойған мақсаты- қазақ халқын және Орта Азиядағы тілі, діні бір халықтарды отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды. 3. Кестені толтырыңыз.
ХІХ ғ. атақты күйшілер
Шығармалары
Туған жері
Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» Бөкей Ордасының Жиделі деген жерінде Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» Қарқаралы өлкесінде
Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) «Жарыс патша», «Бес төре», «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» Қарағанды облысының аумағында Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921) «Ноғайлы басқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» Арал теңізі маңында