1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
 
14 – Билет 
 
1.Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы 
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан 
аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, 
исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік 
Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-
байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. 
Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. 
Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. 
Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." 
деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, 
төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. 
Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кйізбен жабылған 
ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі 
доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс 
арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін. 
Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр 
өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті 
тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге 
бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, 
оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың 
жүнін пайдаланған. Сақатср құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал 
шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда 
облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан 
сурау каналдарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп 
ретінде балық аулай білген. 


2.Жәңгір Бөкейұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөліне баға беріңіз. 
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан 
Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты 
Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады 
да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы 
хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. 
Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта 
Астрахань губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң 
солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады. 
Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару 
тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан 
кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге 
асырушы қуыршақ ханның бірі болады. шкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — 
шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан 
басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік 
меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен 
безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін 
көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий 
теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. 
Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі 
мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей 
ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің 
тууына әкеп соғады. 
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып 
балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Жәңгір хан бойында жақсылығы мен 
жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп 
тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, 
жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер 
кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар 
екені ешқандай дау тудырмаса керек. 
Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару 
жүйесі қайта құрылды. 
3.Кестені толтырыңыз.1917 жылы құрылған саяси партиялар 
«Алаш» партиясы 
«Үш жүз» партиясы 
Басшылары 
Ә.Бөкейханов 
Құрамына кірді: 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, 
Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, 
Х.Досмұхамедов, 
Ж.Досмұхамедов 
М.Айтпенов 
Құрамына кірді: К.Тоғысов, 
Ы.Қабенов 
Саяси қызметі 
Ұлттық 
қозғалыстың 
жетекшілері 
ұлт-азаттық 
қозғалысын конституциялық 
монархия үшін күрес және 
либералды 
реформалар 
ағысына түсіруге тырысты. 
Олар патша өкіметін, әсіресе 
оның 
аграрлық 
саясатын 
сынады. 
Қ.Тоғысовтың 
келуімен 
партия 
солға 
бұрылыс 
жасады. «Алашқа» қарсы 
белсенді күрес жүргізді. 
Қазан революциясына 
көзқарасы 
Қазақстандағы ұлт-азаттық 
қозғалысында прогресшіл рөл 
Алаштың 
«контрреволюциялық» 


атқарды 
партиясын сынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет