1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Орыс тілінен енген сөздер және кезеңдері



бет20/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

34. Орыс тілінен енген сөздер және кезеңдері.
Қазақ тілінде əсер-ықпалын мол тигізген тілдің бірі – орыс тілі. Лексика саласының өзінде ғана орыс тілінің көптеген сөздері мерзімді баспасөз тіліне тасқындап еніп, кейін біртіндеп əдеби тілге толық сіңісіп жатты. Сондай-ақ қазіргі тіліміздегі интернационалдық сөздердің, əсіресе терминдердің көбі орыс тілі арқылы келіп, тілімізге берік енді. Қазақ пен орыс халықтарының, қарым-қатынасы сонау ерте заманнан бері басталғандықтан, қазақ тіліне орыс сөздерінің ене бастауы да өте əріден, ертеректен басталатыны белгілі. Орыс тілінен сөз ауысуын зерттеушілер негізінен, 4 кезеңге бөледі. Біріншісін ерте заманнан, яғни қыпшақ дəуіріндегі қарым-қатынастардан бастап, XVІІ ғасырмен шектеп, одан кейінгі кезді XІX ғасырдың екінші жартысына дейін əкеп, үшінші кезеңді осы мезгілден бастап Октябрь революциясына жеткізеді. Революциядан бергі жерді төртінші кезеңге саяды.Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер:болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба т.б.Кеңестік дәуірде кірген сөздер:телефон, телеграф, автомобиль т.б.Қазақстанның XIX ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қонытанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.
35. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. Жалпылама лексика.
1.Жалпылама лексика.
2.Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.
Қазақ тілінде кәсіби сөз мол кездеседі. Оларды кәсіби өндірістік мәніне қарай, екі үлкен салаға бөлуге болады. Бір саласы әр түрлі шағын кәсіпке (балташылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергелік, ою- өрнек т.б.) байлнысты сөздер. Мысалы, темір ұстасының құрал атаулары: тарақ балта (жүзі кедір- бұдыр балта), керме ара (жүзінің ортасында.
Кәсіби сөздер таралу сипаты жағынан да біркелкі емес. Осыған орай кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік (говорлық) кәсіби сөздер.
Жалпыхалықтық кәсіби сөздерге бүкіл халық тілінде қолданылып, әдеби тіл лексикасына еніп кеткен сөздер жатады. Бұларға ертеден белгілі жүгері, қарбыз, арпа, бидай, сұлы, мақта, шорпан, табан, жайын т.б. сөздерді былай қойғанда, неғұрлым кейін тараған дақыл, беде, танап, көшет, атыз, көмей, қияр т.б. сөздерді жатқызуға болады.
Диалектілік (говорлық) кәсіби сөздерге белгілі бір аймақ (облыс аудан) көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен, сол жердің тұрғындары ғана қолданатын сөздер жатады. Мұндай кәсіби сөздер белгілі бір жерде ғана айтылып, таралу аймағы шектеулі болғандықтан, диалектілік (говорлық) сөздерге ұқсайды. Әдетте ондай сөздердің таралу шегі белгілі бір диалект я говор көлемінен деңгейлес келіп отырады. Диалектілік кәсіби сөздердің бірқатарың әдеби тілде жалпыхалықтық баламалары бар: аскелді- әдеби асқабақ; бәдірең- әд. қияр; көмбеқонақ, борми/порми-әд. жүгері т.б.
Диалектілік лексика қазақтың жалпыұлттық лексиканың бір саласы болып табылады. Бірақ оның таралған қолданылатын аумағы шектеулі, жалпыхалықтық сөздердей кең тарамаған. Қазақ диалектілері мен говорларның басқа түркі тілдердің диалектілері мен говорларнан басты бір ерекшелігі ең алдымен лексикалық диалектизмдерден, олардың молдығынан көрінеді. Диалектілік сөздерді әлеумет, табиғат, адам өмірінің барлық жағына байланысты көздестіруге болады.
Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі (таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарап жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив пассив қолданылатын түрлері. Төменде осыларға жеке- жеке тоқталынады. 3. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы. Сөйлеу тілінің лексикасы тек тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден, болмаса соларға жақын варваризмдерден тұрмайды. Адамдардың күнделікті қарым- қатынасы қарапайым-тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейді, өмірдің әр түрлі жағын қамтиды. Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөректі, балапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға дағдыланады.
Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа лекция оқыған кезде, интервью бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Бірақ ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті оның кітаби (жазба) түрімен тіпті де бірдей деуге болмайды.
Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары(сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лексика жалпы ұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмдермен шатыстыруға болмайды. Диалектизмдердің шектелуінде териториялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектеулінде әлеуметтік сипат бар.
Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: А) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер. Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздерінің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т.б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.
Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіндіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.
Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған. 1.Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер: өркениет- цивилизация, ғарыш- космос, мәртебе- статус, елтаңба- герб, сынақ- зачет, төлдеме- окота, тербеліс-колебание, бөлшек сауда- розничная торговля, т.б.
2.Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника т.б. саласындағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы: математика терминдері: логарифм, квадрат, куб, аксиома, т.б. Физика терминдері: вольт, ампер, амплитуда, генератор, монокль, квант, бром, сульфат, коллоид, гидрат т.б. География терминдері: материк, глобус, планета, тайфун, муссон, карта т.б. Спорт терминдері: боксер, атлетика, футбол, волебол, баскетбол, штанга, спартакияда, тенис, физкультура стадион, акробатика т.б. Қоғамдық- саяси терминдер: девальвация, ремилитазация, неоколониализм т.б. әдебиет және өнер терминдері: театр, поэзия, сатира, опера, драма, комедия, роман, эпос, образ, режисер, пьесса т.б. Лингвистика терминдері: орфография, фонема, морфема, фраза.

Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күнкөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар ешқандай мамандык пен кәсіпке қарап жарылып бөлінбейді, бір тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді. Сондықтан да бұлар жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б. Бұл сөздер малшыға да, егіншіге де, жұмысшыга да, аңшыға да, балықшыға да, ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама лексика - қатысты сөздер стильдік мәиі жағынан бейтарап болады да, қолданылу жағынан ещқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Осындай сипатына қарай жалпылама лексика тіл білімінде бірде стиль аралық сөздер (межстилевая лексика) бірде бейтарап сөздер деп те аталады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат атауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздерде әркімнің өзіндік жагымды, жағымсыз немесе артық, кем түрліше көзқарасы көрсетілмейді. Әр сөз өзі болған калпында тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Москвадан ұшқан ұшақ Алматыға дәл уақытында ксліп конды. Мал бныл қыстан күйлі шықты. Бүгін ауа райы ашық болды. Дарын өткен жылы университетті бітірді. Кеттірілген сөйлемдердегі әрбір сөз тек өзінің тура мағыналарында ғана колданылып тұр. Сонымен қатар осында қанша сөз болса, соныц бәрі де казақ тілінде жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Бұл сөздер мейлі жазба тілде, мейлі сөйлеу тілінде болсын, қайда қолданылса да, жалпы халықтікі. Өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылыгымен, табиғи да, қарапайымдылығымен бірден көзге түседі.


1. Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекстке түскенде ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, “Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді” дегендегі кір деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалып тұр. Алгашкы сөйлемдегі кір - таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемде кір - метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш деген ұгымда жұмсалған. Сол сияқты “Су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді” деген мақалдағы "көгертеді" деген етістік те екі түрлі ұгым тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынада жерге өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға тұйық сөздер смес, бұлар да басқадай синтаксистік қүрылым мен өзгедей грамматикалық форманың қарауына түскенде солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше мән алып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет