3. Тоғыспалы ықпал- қөршi дыбыстардың iлгерiндi-кейiндi қарсы әсерi. Әдетте мұның өзi екi-ақ жағдайда, оның өзiнде де сөз бен сөздiң арасында ұшырайды: а) Амангелдi (Аман-келдi), қаңғызыл (қан-қызыл), оң-ғой (он-қой), меңгелдiм (мен-келдiм) т.б.
Сөйтiп, көршi дыбыстардың алдыңғысында нқ, нк тiркестерi -ңғ, -ңг-ге, кейiнгiсiнде сж тiркесi шш-ға айналады. Көбiне алдыңғысы кейiнгiге, кейде кейiнгiсi алдыңғысына, ара-тұра iлгерi-кейiндi ықпал етiп, бiрiн-бiрi игерiп, бiрiне-бiрi бейiмделiп тұрады. Көршi буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екi буынның бiрдей өзгеруi байқалмайды.
Сингорманизм
Сингорманизм (грек сун- -бiрге және hармониa- байланыс, үндесу) - түркi тiлдерiне тән аса күштi заң. Осы уақытқа дейiн сингорманизм дауысты дыбыстардың үндесуi немесе буын үндестiгi делiнiп келдi: «түбiрдегi дауысты жуан (не жiңiшке) болуына қарай оған тiкелей көршiлес қосымшадағы дауысты да тиiсiнше жуан (не жiңiшке) болуы алдындағы өзiмен тетелес қосымшамен байланысты; бiртiндеп, сатылап барып, бiр буын екiншi буынды iлестiрумен барабар, сөздегi барлық буындарға арқау түбiрдiң дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстың сипаты түбiрдегi дауыстыға байланысты, бiрiмен бiрi үндесiп тұрады. Бұл, әрине негiзiнен дұрыс.
Ә.Жүнiсбектов өз зерттеулерiнде түркологияда сингорманизм туралы ертелi-кеш айтылатын пiкiрлердi елеп-екшеп, соны бiр қорытындыға келдi, тiлiмiздi басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейiн еленбей келген тың арнаның көзiн ашты. Атап айтқанда:
Сингорманизмнiң басты фонологиялық қызметi- қазақ (түрiк) сөзiнiң өн бойында бiркелкi тембрдiң сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естiлiп, қабылдауды түсiнудi қиындатады.
Үндiевропа тiлдерiндегi фонеманың конститутивтiк (мағына айқындаушы) қызметiн түркi тiлдерiнде сингорманизм атқарады.
Сингорманизм тiл және ерiн үндестiгi түрiнде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |