1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіші



бет23/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

26. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіші
Орта ғасырлардағы Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың материалдық және рухани мәдениетінен заттай және жазбаша деректер көп сақталған. Бұл деректер сол кездегі медениеттің қаншалықты дәрежеде дамығанын көрсетеді. Ең алдымен мұны біз жерлеу ескерткіштерінен білеміз. Мысалы, көптеген молаларда адамдар соғыс қаруларымен, аттарымен бірге жерленген. Орта ғасырларда әйел адамдарды тұрмыс заттарымен, ал ер адамдарды қару-жарағымен бірге жерлеу кең тараған.
Сәулет өнері
Сәулет өнері орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық кұрылыстар, мазарлар, мешіттер көптеп сальнған. Мұның барлығы археологиялық зерттеулерден белгілі болып отыр. Сәулет өнерінін өркендеуіне X-ХII ғасырларда ислам дінінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Діни құрылыстар салынды.
Бабаша хатун кесенесі Бұл кесене - X-XI ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Кесененің маңдайшасында"Бұл мазар Бабаша хатун деп аталады" деген араб әрпімен жазылған жазу бар. Шатыр тәріздес 16 қырлы күмбезі бар кесене күйдірілген кірпіштен салынған.
Айша бибі кесенесі
XI-XII гасырларда тұрғызылган. Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Төбесі күмбезделген, әсем ою-өрнектермен безендірілген бағаналары бар. Айша бибі кесенесі - Карахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Тарихи аса құнды мұра — Арыстан баб кесенесі ескі Отырар жұртының маңында, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы саналады. Арыстан баб кесенесі Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған. Кесене екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен өрілген.Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Яссауиге тұрғызылған кесене. «Әзірет сұлтан» аталатьш Қожа Ахмет Яссауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек кездесетін сөулет өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Кесене сол кездегі Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, сөулет өнерінің ғажайып үлгісімен қызықтырады.Сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш те Тараз қаласының маңында орналаскан. Кесене шаршы пішіндес болып келеді, порталды күмбезді құрылысқа жатады. Ғимарат орталық зал мен бұрыштағы шағын үш бөлмеден тұрады. Төртінші бұрышында кесененің төбесіне шығатын баспалдары бар. Кесененің сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX ғасырдың басында кайта жаңғыртылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет