1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы



бет24/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
27. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)Орта ғасырлардағы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білімділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол - философ, математик, тарихны, физик, астроном, бір сөзбен айтканда, асқан дарын иесі. Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алган. Оның әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы трактат» т.б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл әл-Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында кайтыс болды.
Жүсіп Баласағұн (1021-1075)
Орта ғасырлардағы түрік поэзиясының білгірі Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағұн қаласында дүниеге келген. Жүсіп Баласағұн XI гасырда «Құтты білік», «Бақытты болу ғылымы» дастанын жазған. Дастанда сол кездегі коғам, өмір қарама-қайшылықтары, өмір сүру кағидалары жазылған.
Махмұд Қашқари (1030-1090)
Қашқари XI гасырда өмір сурген. Өскен ортасы Қашқар. Қашқармен қатар Бұхарада білім алған. Түрік филологиясы мен философиясьның ғұлама білгірі. Оның «Диуани лұғат ат-түрк» деген әйгілі еңбегі бар.
Қожа Ахмет Яссауи (1103-1167)
Орта ғасырлардары қазақ поэзиясының сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Яссауи XII ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жеріне ислам дінінің жаңадан тарала бастаған уақыты болатын. Қожа Ахмет Яссауидің басты шығармасы «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғамбар жасына жеткеннен кейін о дүниеде өмір сүреді. Бір сөзбен айтқанда, жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Яссауи өзінің ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи бейітінің басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет