1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы



бет45/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

56.1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы
1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.
Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді
57-Билік институттарын реформалау мен Кіші және Орта жүздердің аумағында аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. ХVІІІ ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша үкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеуінігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүздің хандығынан бастады.
1781 жылы Орта жүздің ханы Абылайдың қайтыс болып, билікке келген оның баласы Уәлидің қатыгездігі халық наразылығын туғызды. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет сол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен 1815 жылы қосарлап екінші ханды - Бөкей сұлтанды тағайындады.
Ресей «бөліп алда билей бер» саясатын жүргізіп, оларды бір-біріне айдап салып, кедейленген өркөкірек хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. 1817 жылы Бөкей хан, ал 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүзде жаңа билеу жүйесін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді патша аса білімді тұлғалардың бірі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийге жүктеді.
Оның міндеті Орта жүзде хан мемлекеттілігін жойған жаңа актілерін енгізу болды. М.М.Сперанский болашақ декабрист Г.С.Батеньковпен бірігіп заң жобасын жасады. 1822 жылы 22 маусымда патша «Сібір қазақтарының жарғысын» бекітті. Жарғы 10 тарау, 319 параграфтан тұрады.
Жарғының мақсаты - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету болды. Жарғы бойынша Сібір екіге бөлінді: орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір.
Біріншісіне Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы кірді; орта жүз аудандары, яғни «Сібір қазақтарының округі» Омбы облысының құрамына енгізілді. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының округі» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.
«Сібір қырғыздарының жарғысында» ауылды - ауыл старшындар, болыстарды - болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар басқарды. Бұл Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге бағытталған шара еді. Үкіметтің жергілікті көшпелілер жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру, «бақташылық өмірді» жою, олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды. Отырықшылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қылмыстық, талап-арыз және облыстық басқармаға түскен шағымдарға негізделген жаңадан сот жүйесі енгізілді. 1822 жылы «Сібір қырғыздарының жарғысы» алғашқы патшалық реформа ретінде бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік, саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды. Патшалық Ресейдің отарлық саясатының кеңейе түсуіне жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет