1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақстаннң мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы



бет77/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
97.Қазақстаннң мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы
1980 жылдардың аяғына таман Кеңес елі ыдырай бастады. КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасау идеялары талқылана бастады.Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі мәселелерді демократиялық жолмен шешуге тырысты. Оңшыл және солшыл радикализмге қарсы Н.Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізді.1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді.1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев, басқа Орта Азия республикаларының басшылары да шақырылмады.Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта басқосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, дүниетаным қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Большевиктер билеген жылдары еріксіз шетелге ауып кеткен қазақтардың тарихи отанына оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие болды.Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.Бұған дейін орталықтың шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде пайдаланылып келген республика меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көше отырып, экономикалық өрлеу жолына түсті. Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды.1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасының коституциясы – еліміздің ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында бірінші конституция бекіген болатын. Тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында ол белгілі бір тарихи рол атқарды. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда жаңа конституция қабылданды. 1998 жылы ел президентінің бастамасымен парламент Конституцияға 2 шақты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл толықтырулар парламенттің өкілдігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Президент елбасы болып табылыды. Президентке кең өкілдік берілген. Ол Үкіметті қалыптастырады, Парламенттің келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметінен босатады. Президент Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 1991 жылы елдің алғаш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Конституция бойынша президент бес жылға сайланады, бірақ 1998 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес бұл мерзім жеті жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы Президенттің кезектен тыс сайлауы болды, онда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 2000 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң Республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтады.
Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару міндетін атқаратын Жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Парламент екі құрылымнан тұрады: Жоғарғы палата – Сенат, Төменгі палата – Мәжіліс. Сенатты әр облыстан, республикалық маңыздағы қалалардан және мемлекет астанасынан екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Парламент өкілеттігінің мерзімі 4 жыл.
Үкімет атқару билігінің жоғарғы органы болып табылады. Үкімет басында Премьер-министр тұрады.Оны республика Парламентінің келісімімен Президент тағайындайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Үкімет өз қызметі үшін Президент алдында жауап береді және өз өкілдігін жаңадан сайланған Президент алдында тоқтатады.
Сот жүйесі қызметін Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары жүзеге асырады. Қазақстанда әділет органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктер «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі» Конституциялық заңында көрсетілген. Бұл заң 2000 жылдың 25 желтоқсанында қабылданды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі Жоғарғы сот органы болып табылады. Конституциялық заңдардың орындалу бақылауын Конституциялық Кеңес жүргізеді. Ол алты жылға сайланатын жеті мүшеден тұрады. Бұның сыртында Республика экс-президенттері Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері болып табылады.
Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқаратын органдарының еншісінде. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар – сол әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының қалауын білдіреді. Жергілікті атқару билігін облыстық әкімшіліктер – облыс әкімдері басқарған әкімдіктері жүргізеді. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды.
98. ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болып табылады.«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.Жетінші тарау – Қорытынды ережелер Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы және басқа да құжаттардағы кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау және басқалар.1991жылы 16 казанда " Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР президентін сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда"Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін бекіту туралы қабылдаған заңы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесін мойындау болып танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет