1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы



бет14/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

16 Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған.


17 Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.

Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.


Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет