1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы



бет15/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

18 Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті.

Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.


19. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық дамуы.Саяси тарихы.
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.

Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.

Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.

Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.

Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет