Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы
66 Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар тобы мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) басқарды.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайық- тың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол араб, татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В.И. Дальмен жақсы таныс еді. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашықтан- ашық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді- кесілді тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды. 1836 және 1837 жылдары шағым мен өтініш беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктің көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-өтініш жолдау жаппай наразылыққа ұласты. Бұған 1836 жылы өте көп адам қатысты. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өті- нішін табыс етті. Халық қаһарынан сескенген Жәңгір оның айтқан талаптарын түгел тыңдап шығып, қордаланып қалған мәселелерді шешуге уәде берді.
1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әртүрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық казак әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңі- регіндегі жандайшаптардың бірі би Балқы Құдайбергенұлы көтерілісті бастаған қазақтарға шабуыл жасады. Исатай шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті. Енді көтеріліс аумағының шегарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шегара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап алып, ісін сотта қарауға тапсырма береді. Бұған қарсы генерал-губернатор B.А. Перовскийге көтерілісшілердің басшысы шағым жасады. Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз шағымдарымызға ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мулкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп, біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола турсақ та, кцн сайын қорқынышты црей кешеміз». 1837 жылдың мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сар- базы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күл- талқан етіп кетті. Елу адам, соның ішінде екі сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды. Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да ба- сып өтті. Олар қалмақтар және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті. 3. Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазан айының аяқ кезінде Хан орда- сына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан аса- тын еді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Карауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.
Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орын- далмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл- аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды үш жүз рубасы мен старшын және батырлар қойды. Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шегара бекінісі күшейтіле бастады. Исатай Тайманулы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге ты- рысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан казактардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп, қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды. 4. Тастөбе түбіндегі шайқас. Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылдың 15 қарашасында Тастөбе деген жер- де көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болды. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы ат- тарды таңдап мінудің, шайқас өткен жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жарты- сында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Куғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды. Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші әлсіреп, рухы төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша, оны қолға түсіргенге 1000 сом тігілді. 1837 жылдың желтоқсанында көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 казак және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. Көтеріліс Кіші жүздің негізгі аумағын түгелдей дерлік қамтыды. 5. Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті. Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленшіцлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жусіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» атанған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды. Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бө- лініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім қабылдады. Сұлтан хан деп жариялады. Оның жасағында 3000-ға жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды. Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. 1838 жылы Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісші- лер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Осы шайқаста көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуык адам қаза тапты. 6. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шегара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі се- бептері: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта - әрі патша үкіметіне, қарсы күрес жүргізілді. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бас- қарған көтерілістің зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік аумақтағы қа- зақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяу- сыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық төлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді. Көтеріліс басшыларының ұрпақтары өз батырларының ерліктерін мәнгі есте қалдыру мақсатымен олардың есімдерін бірқатар қала, көшелерге қойды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.