1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Білім және ғылым жүйелеріндегіреформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі



бет84/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

101 Білім және ғылым жүйелеріндегіреформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды.1993 жылы 5 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің қаулысымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бекітілді.

Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің таңында одан арғы реформаларды іске асыру және халықаралық сахнада елді лайықты таныстыру үшін жоғары білікті кадрлар қажет болды.
Алғашқы рет бұрыңғы Кеңес одағының мемлекеттер тарихында дарынды жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік ұсынылды.
«Болашақ» стипендиясы сәтті мансап дамуының және оның түлектері кәсіби өзін-өзі танытудың ерекше кепілгері болып табылады.
102 «Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры».
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім.
Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы.
Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу
103 Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы күрес. «Жусан» операциясы.
. тәуелсіз қазақстанның конфессионалдық саясаты. әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы күрес. «жусан» операциясы.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін негізгі қауіпті факторларының бірі — діни экстремизм. Бұл факторды, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақтандыру үшін (әсіресе бірқатар проблемалық аймақтарда) Қазақстанда арнайы мемлекеттік орталықтар жұмылдырылған. Кейбір сарапшылардың сөзіне сүйенсек Қазақстанда ислам экстремизмінің даму қарқыны 2011 жылдан бастау алды деседі, экстремистердің іс-әрекеттері әсте терроризм әдістеріне көшуі, билікпен қарулы қарсыласу кезеңі деп атап өтіледі. «Білім» мәдени-оқыту орталығының директоры, сарапшы-саясаттанушы Р.Иржановтың мәлімітіне сүйенсек елімізде соңғы он жылдың көлемінде 14 террористік іс-әрекет орын алып, жалпы 90 адам қайтыс болған. Ал, 2016 жылы Ақтөбе қаласында лаңкестік шабуылдар болды, оған негізінен жастар қатысты, сол жылы Алматы қаласындағы жалғыз террористік акті болды. Ақтөбе облысы мен Алматы қаласындағы болған оқиғалардан 27 адам қайтыс болған болса, олардың арасында 18 террорист пен 4 құқық қорғау органдары және 5 бейбіт тұрғын құрбан болған. Террористік шабуылдар негізінен құқық қорғау жүйесіне, соттарға, түзеу мекемелеріне қарсы бағытталған және көбінесе жарылыстар, соның ішінде жанкешті-террористер арқылы жүзеге асырылды. Сонымен бірге «Халифат сарбаздары» (Жунуд аль-Халифат), «Дін қорғаушылары» (Ансар-уд-дин), «Бейбарыс батальоны» және тағы басқалары осы террористік ұйымдардың Қазақстанда орын алған террористік актілерге қатысы белгілі болды.
Қазақстан тарихында болмаған осындай террористік оқиғалардан кейін мемлекет тарапынан тез арада іс-шаралар қолға алынды. 2016 жылғы террористік актілер мемлекеттің зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қарсы практикалық шараларын жүйелі және жан-жақты нығайтудың жаңа кезеңін бастады. «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, діни қатынастарды оңтайландыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданып Елбасымыздың 2017 жылғы 20 маусымдағы жарлығымен бекітілді. Кейін Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Мемлекет сарапшылары террористік актілердің басты себебін халық арасындағы діндарлықтың өсуінен деп алға тартады, бірақ біз бұл жерде діндарлықтың өсу процесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекеттің сыртқа ашықтығы жағдайындағы табиғи процесс деп түсінеміз. Себебі Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған жылдардан бастап экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздегенде, тарихын, шекарасын түгендеп жатқанда ислам атын жамылған көптеген жат ағымдар бас сұғып келгені ақиқат. Деструктивті діни ағымдардың пайда болысымен, олардың таратқан ақпараттарынан дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар көзқарас, ұстанымдар шыға бастады. Бұл бүлікшілер елімізідегі діни сауатсыз, жұмыссыз, әсіресе жастар арасынан өз жақтастарын тауып, өзімізге қарсы қойып және еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқы бірлігіне сызат түсіруге тырысты. Жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту арқылы ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізді.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық облыстарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы орталықтар республика көлемінде қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикалдық топтың және 34 жекелеген экстремистің қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.
2019 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатысуымен 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыруға, жеке мүлікті ұрлауға, есірткі құралдарын өткізу мен сақтауға және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар болған. Сонымен қатар, діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған дерегі анықталды.
Аталған кезеңде тәртіп сақшыларымен деструктивті діни ағымдарды ұстаушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 16-ы діни сипатты бұзғаны үшін құрықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы бойынша радикалдық көзқарастан 907 адам қайтарылды. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы радикалсыздандырылды.
Жергілікті жерлерде «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасуда.
Жалпы, қай елге болмасын экстремизммен терроризм деген ешқашан береке әкелген емес. Терроризм мен экстремизм өршіген елдерге тек соғыспен тоқырау әкелгенін білеміз. Зұлымдық пен жанкештікке тек діни сауаты жоқ адамдар барады. Ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. Ал, бірліктің, бейбітшіліктің, татулықтың алмаған асуы жоқ. Келер ұрпағымыздың болашағы мен жарқын келешегі үшін қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды. Себебі, білім, ғылым, денсаулық, экономика бәрі-бәрі де тек бейбіт күнде ғана дамымақ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан төрт мәрте, яғни осы жылдың қаңтар, мамыр және маусым айларында барлығы 595 Қазақстан азаматы қайтарылғанын, және олардың арасында 400-ден астамы бала болғанынан хабардар етті.


Александр ТАСБОЛАТОВ
Қайтарылғандар ісі
Жалпы, осы қайтарылған аза­мат­­тардың 49-ы, яғни 33 ер адам мен 16 әйел бірден қамауға алынды. Олар­дың ішінде 9 ер адам мен 4 әйел сот үкімімен түрлі мерзімге бас бос­тан­дықтарынан айырылды. Ал өз­ге ұсталғандарға да қатысты қыл­мыстық тергеу ісі әлі жалғасып жа­тыр. Бұлардан басқа қалған адам­дар мұның алдында Ақтау қа­ла­­сын­дағы бейімдеу орталығына ор­­на­лас­тырылған болатын. Бір ай­дан кейін 140 әйел мен 406 бала бұрынғы мекенжайларына шы­ға­рылды. Осылайша қазіргі уақытта бейімдеу орталығының жұмысы аяқталды. Дегенмен оңалту барысы жергілікті жерлерде жалғасын тауып жатыр. Онда теологтар мен пси­хологтар сабақ өткізуде. Қазір­гі кезде қайтарылғандардың кейбі­реу­лері дәрігерлік тексеріс пен ем алуда. Ал кейбіреулері түрлі кә­сіп­тік дайындықтарға барып жүр.
Аталған тергеу барысына сәй­кес, Сирия жағдайында ДАИШ-тің (Қазақ­станда тыйым салын­ған тер­ро­ристік ұйым), бір жаса­ғын­да бол­ған тағы да 14 азаматқа қа­­­т­ыс­ты қылмыстық істі тергеу аяқ­­­тал­­ған. Оларға террористік әре­­­кет­­ке қатысты немесе сондай әре­­кетке біреулерді тартты және тер­ро­ризм­ді насихаттады, сон­дай-ақ өзге де ауыр қыл­мыс­тар жасады де­ген айып тағыл­ған көрі­неді. Бұл қыл­мыстық іс мате­риал­­дары Нұр-Сұл­тан қаласы­ның дырылған ауданаралық тық істер бо­йынша сотына жі­бе­­ріл­­ген болатын. Соның нәтижесінде жоғарыда айтқанымыздай, айыптары дәлелденген жандар соты басталды.
Олар Сирияға неге кетті?
Сириядан қайтарылғандардың «жаңылдым, жаздым» деген сөзіне қарағанда, бәрі бірдей «о жақта өмір керемет» дегенге алданып қалғанын айтады. Көбіне жалған дерекке құрылған үгітке сеніп қалатындар исламға енді қосылып жатқан жастар көрінеді. Экстремистердің оларды қармаққа түсіру үшін «шынайы мұсылман мемлекетіндегі» ғажап өмір туралы әңгімелері әсер еткен. Онда діннің барлық талаптары сақталатындықтан-мыс өмір сүру тек әділдік пен адалдыққа негізделген дейді. Сондықтан адамның жаны қалайтын тәтті өмір сол жерде ғана деген желеу олардың сенімін нығайта түскен. Әсіресе бұл туралы көбі әлеуметтік желі арқылы біліп, құлағдар болған. Бірақ олардың көбі Сирияға барған кезде ғана алданғандарын нақты білген. Ол жерде ешқандай да керемет өмір жоқ еді. Онда соғыс жүріп жатқан. Ал соғыстың не екенін кез келген адам біледі.
Сарапшылар ол жерде соғыстың жүріп жатқанын біле тұра кеткендер де бар екенін айтады. Ал соғыста ешқандай адалдық та, әділдік те болмайтыны белгілі. Онда мұсылмандар, топтар бас­қа бір мүдделер үшін бір-бірімен қырқысып, есеп айырысып жатыр. Соғыста адамдар бірін-бірі өлтіреді. Демек, ондай жерге бір түскен соң, қайтып шығу жоқ. Осындай жерге барып алып, бармақ тістеп, опынғандар туралы мыcалдар және көп. Қайтарылғандардың дені о жаққа барғанда жағдай соншалықты қиын да, қайғылы болатынын ойламаған. Алайда қайтайын десе, мүмкін емес. Ал онда қалу – өлім. Қайтарылғандардың айтуы бойынша, еліме оралам дегендердің бәрін атып тастаған. Содан қолдарына қару ұстап, екі оттың ортасында қалды. Ал ондағы жантүршігерлік іс-әрекеттер басындағы фото, бейнесуреттері әлеуметтік желі арқылы әлемге тарап кетті. Енді мұндай содырлық істер айыптаусыз қалмайды.

Айыпталушылар айыбын сот айтады


Соған сәйкес жоғарыда Сирия жағ­дайында ДАИШ-тің бір жаса­ғында болған 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа берілді деп айтқанбыз. Бұлардың ісін қараған ашық сот отырысы басталды. Тергеудің мәліметі бойынша, бұл айыпталушылар бұрын ДАИШ содырлары болған көрінеді. Оларға террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды. Атап айтқанда, Сириядағы қарулы қақтығыстан кейін ДАИШ террористік ұйым мүшелері төрт адамның басын кесіп, жұртқа үрей туғызу үшін көшеге тастаған. Кесіп алын­ған адам бастары көшеде жеті күн бойына жатқан. Сол адам бастарының бірін аяғымен ба­сып тұрып суретке түскен адам аталған сот іс қарап жатқан 14 айыптының бірі, яғни террористік топ мүшесі деп танылған, 1986 жылы туған А.Жансеңгіров екен. Ол сурет интернет арқылы тарап кеткен. Прокурор Е.Мұраттың айтуынша, осы А.Жансеңгіров пен айыпталушының тағы бірі Г.Бақытжанов екеуі террористік сипаттағы бейне ролик түсірген. Ал сараптама аталған роликте діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау белгілерін анықтаған.
Дегенмен А.Жансеңгіров те өз­дерінің қылмыстық әрекетін амалсыз жасағанын айтты. Егер осылай істеп, суретке түспегенде ату жазасына кесіледі екен. Сондықтан олар сондағы әскери адамдардың әмірімен аталған көріністі жасаған. Ал олар бұл бейнені өз телефондарына түсіріп, интернетке салған. Енді мұның ақ, қарасын сот қана анықтай алмақ.
Сирияға кеткендердің қаупі неде?
Қайтарылғандардың бәрі ондағы жантүршігерлік жағдайды көзбен көргендер. Бірқатары соғыс отының ортасында опат болды. Ал көбінің балалары осы жағдайда өсіп келеді. Сарапшылардың айтуы бойынша, Сирияға адасып барғандар секілді осы балалардың да таным-түсінігі өзгеше қалыптаса бастайды. Бірнеше жылдан кейін әлгі жасөспірімдер есейеді. Үлкен ортаға араласады. Сонда оларды беделді бір күштер өздеріне тартып, басын қосып, түрлі әрекетке итермелеуі мүмкін. Тіпті өздері келген мемлекетке қарсы айдап салуы да кәдік. Сонда жағдай тіптен қатерлі бола түседі. Ал бұл қатердің алдын алу өз еліміздің қауіпсіздігін әріден ойлау. Сондықтан азаматтарымыздың, олардың балаларының елге қайтарылуы қауіпсіздік тұрғысынан алғанда дұрыс қадам болды. Оның үстіне олар Сириядағы қатерден құтылады. Осыған орай кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланыс­ты мәлімдеме жасаған болатын. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамырда Сириядан 231 қазақстандық азамат, оның ішінде 156 бала, негізінен мектеп жасына дейінгі балалар, оның ішінде 18-і жетімдер көшірілді. Бұл ауқымды гуманитарлық акция ағымдағы жылдың қаңтар айында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауы бойынша сәтті өткен «Жусан» операциясының жалғасы болды», деді.
Қылмыстың алдын алу тиімді
Қазақстан үшін бейбітшілік басты ұстаным болып табылады. Сондықтан бейбіт өмірге қатер туғызатын кез келген келең­сіздіктің алды алынады. Мәселен, елде бүлік шығарып, сосын Сирия­дағы содырлар қатарына қосылуды жоспарлаған азамат қолға түсті. Соған орай Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.
Ол ҰҚК назарына бүлдіргі діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған ДАИШ халықаралық тер­рористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті.Тексеру барысында оның интернетте ДАИШ үгіт насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терак­тілер дайындауы туралы ақпарат алынды.
Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қата­рына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға кетуді жоспарлаған. Бірақ оның мақсатын болдырмау үшін осы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен А.Бітімбаев ұсталды.Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда ойын сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды. Сөйтіп Бітімбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет