Қазіргі уақытта компьютердің оқудағы рөлі өзгеруде: тек информатика сабағында қолданылатын құралдан программалау тілдерін үйренуге дейін компьютер пән мұғалімінің белсенді көмекшісіне айналуда. Компьютерлік сыныптағы сабақтар жарқын, қызықты, есте қаларлық болуы мүмкін. Ресейлік мамандардың пікірінше, компьютерлік оқытудың жаңа технологиялары жаратылыстану пәндері бойынша практикалық және зертханалық сабақтардың тиімділігін кем дегенде 30%-ға, ал студенттердің білімін бақылаудың объективтілігін 20-25%-ға арттыруға мүмкіндік береді.