1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы



Pdf көрінісі
бет21/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100
Қысқаша қорытынды
Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың 
басында өмір сүрген мемлекет.

Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда 
Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, батыс Түркі қағанаты 
құрамына кірген.

VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың 
алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына 
қоныстана бастады.



656 жылы Батыс Түркі қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп 
шықты.

840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, 
баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының 
қалыптасуы осы кезге сай келеді.

Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі 
атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.

Бұл атақ жабғу атағынан екі дәреже жоғары.

Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды.

Елді хакан мен оның аймақтардағы оның он бір мұрагері (әмір) биледі.

Қимақтарда жазу болған, олар қамыс қаламмен жазып, ежелгі түркі әліппесін 
пайдаланған.

Түркілердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші 
қаған, ұлы қаған атақтары тән болған.

Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты.

Егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, қымбат аң терілерін дайындады.

Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар 
шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.

Әл-Идрисидің (XII ғасыр) келтірген деректеріне қарағанда олардың өзендер мен 
көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан 
жерлерде 16 қаласы болған.

Х ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның 
құлауының екі себебі болды.

Қимақтар саяси оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған 
жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.

XI ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары 
келді.

Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет