1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша



Pdf көрінісі
бет50/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
52. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша 
тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса 
көрнекті еңбектерінің маңызы.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет 
қайраткері, әскери қолбасшы, атақты тарихшы, әдебиет майталманы. Ол өмірін Орта 


Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы және 
қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға 
атанды. Бірі – бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, оның парсы 
тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада 
ұлттық тарихқа, мәдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты 
пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. 
Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мәні мен мағынасы туралы пәлсапалық 
ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз 
ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. 
Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой 
толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі 
тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, әділдікті 
ардақтау болып келеді.
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі 
ХВЫ-ғасырдың ортасы мен ХВЫЫ-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), 
қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис 
Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл 
— қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу 
мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-
тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан 
бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет