1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси



Pdf көрінісі
бет51/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
53. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси 
жағдайы.
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. XVIII ғасырдың 
басында сыртқы қауіп күшейе түсті. Оңтүстік-батыстан орыс-казак әскерлеріне сүйенген 
Еділ қалмақтары, солтүстіктен Сібір казактары, башқұрттар, оңтүстіктен Орта Азия 
хандықтары (Бұқара, Хиуа), шығыстан жоңғарлар оңтайлы сәтті күтіп, шабуыл жасауға 
дайын тұрды.
Жоңғар хандығы. Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы 
— Жоңғария әскери-көшпелі мемлекеті еді. Тарихта қазақ және жоңғар халықтары 
арасындағы 100 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысы орын алған. 
Жоңғарларды Оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары, Ресеймен, Шығыс 
елдерімен байланыстыратын керуен жолдары қатты қызықтырды. Оларды иелену 
жолында Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы күрес жылдан-жылға өрши түсті.
Жоңғарларға қарсы саясатты оңтүстік-шығыста Қытайдың Цин өкіметі де жүргізіп 
отырды. Яғни жоңғар қонтайшылары екіжақты соғыс жүргізуге мәжбүр болды. XVII 
ғасырдың 90-жылдарындағы Цин империясына қарсы соғыс жоңғарларға аса ауыр тиіп, 
шайқастардың бірінде олардың көсемі Қалдан Бошақту қаза тапты.
Жоңғарлардың хан тағына көрнекті тарихи тұлға әрі қолбасшы Себан-Рабдан (Цэван-
Рабдан) келді (1697-1727). Ол 20 жылдай Мань-чжур әулетінің билеушілерімен және 
Қытаймен ашық соғысудан бас тартып отырды. Мұның өзі Жоңғар хандығының тез арада 
күшеюіне мүмкіндік жасады. 


Жоңғарияның қазақ жеріне шапқыншылығы. Жоңғар билеушілері қазақ даласына үздіксіз 
жортуылдар ұйымдастырып, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіп отырды. Осы 
түста Еділ бойындағы қалмақтар да қарап жатпай, Жайық казактарымен және 
башқұрттармен бірге қазақ даласына оқтын-оқтын шабуылдар жасаумен болды.
XVII ғасырдың 80-жылдарынан бастап жоңғарлар Жетісудағы Шу және Талас өзендерінің 
маңындағы қазақ жерлерін басып алды. Көп кешікпей-ақ қазақтар қарсы шабуылдар 
ұйымдастырып, жоңғарларға күшті соққы берді. Қазақ жасақтары Еділ қалмақтарына 
қарсы да сәтті ұрыстар жүргізді.
1708 жылдан бастап жоңғарлардың қазақ жеріне жаңа шабуылдары басталды. Бұл 
соғыстарда екі жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қазақ жерін басып алу 
жоңғарлардың басты мақсатына айнала бастады. 
Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдай мен көші-қон процестеріне әсері. 
Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың түп-тамырымен 
өзгеруіне әсерін тигізді. Қазақтардың оңтүстікте өзбек хандықтарына, ал батыста Еділ 
қалмақтары иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты біршама 
күрделендірді. Жайық бойындағы іргелес казактар, оңтүстіктен қарақалпақтар мен 
өзбектер қазақ ауылдарына шабуылдап, жағдайды одан әрі ушықтырды.Қалмақтардың 
шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалғаны — Жетісу өңірі болды. Әрине, жаудың 
шабуылын бірінші болып қабылдаған шығыс өңірінің ахуалы да тым аянышты еді.
Жоңғарлардың күтпеген жерден бірнеше бағытта ұйымдастырған шапқыншылығының 
зардабы бейқам жатқан қазақ ауылдары үшін өте ауыр болды. Мал-мүлкін, тігулі үйін 
тастап, бас сауғалауға мәжбүрлеген қайғылы жағдай қазақ жерінде моңғол 
шапқыншылығынан бері қайталанбаған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет