қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта
А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап,
құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш
зерттеу аясындағы алғашқы «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі жарық
көреді, онда ескерткішке жүргізілген зерттеудің жарты ғасырлық тарихы берілген.
Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің
бірнешеуіне тоқталсақ: «Күн басты адамдарды, қол ұстаса айнала жүріп би билегендерді
бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды –
Наурызды қарсы алу ғұрпына орай туған Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы
облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды
ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан
территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра
нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» [1] 1998 ж. 28 қыркүйекте
А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған[2]. Аймақтағы
кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында
кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен
рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-
нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының
майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді
Достарыңызбен бөлісу: