1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес



Pdf көрінісі
бет15/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

18 Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес 
мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды 
синтезі, эфталиттер мемлекеті.
Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) 
басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік 
қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, 
Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз 
аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан 
мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет 
аймақтары болатын. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. 
Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес 
тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы 
қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында 
жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік 
қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” 
деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған 
болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы 
Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған 
кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер 
Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына 
жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он 
жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты 
солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың 
екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, 
Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті 
мемлекеттің біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет