1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Бөкей ордасының құрылуы,басқару жүйесінің ерекшеліктері мен аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты



бет48/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
60 Бөкей ордасының құрылуы,басқару жүйесінің ерекшеліктері мен аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Ішкі Бөкей ордасы 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін, мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін», - деген жарлық шығарады. Осы жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды. Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды. Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген жері Нарын ұмының ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын - резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді. Хан ставкасындажан-жақтан келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа, мешіт, мектеп, банк, архив, мұражай, қазына (казначейство) сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды. Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда қазақтардан басқа орыс, татар, башқұрт, армян және ханға қызмет еткен Астрахань, Орал казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті. Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады. Сонымен қатар, олар ұстаздық қызметпен де айналысты.Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады. Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. 1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды. Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер де жақсы дамыды. Еділ мен Жайықтың арасы ертеде Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Досмамбет жыраулардың елі болған.«Ордасын ажырату үшін арғымақтың аласын бермей,120 қарасын беріп, заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан қасына жинаған», - дейді Халел Досмұхамедұлы. Ордадағы белгілі ақындар -Шернияз, Байтоқ, Нысанбай, Махамбеттер.
Бөкей ордасында ерекше дамыған күй өнері болды. Құрманғазы, Дәулеткерей. Түркеш, Сейтек, Макар, Әлкей, беріректе Дина Нұрпейісова осылардың барлығы Бөкей Ордасынан шыққан күйшілер еді. Қазақта күй өнерінің шарықтау шыңына жеткен жері - Бөкей Ордасы болды. Жалпы Бөкей Ордасы «Күйдің Меккесіне» айналды.
Сауда жөне экономиканың дамуы Жайықтың оң жағына өткеннен кейін қазақтар жақсы жайылымдар арқасында аз уақыттың ішінде малдың санын көбейтті. Жәңгірдің кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен Астраханьның арасындағы Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды. Жыл сайын Хан ордасындағы базарға мың бес жүзге дейін шеттен адамдар келіп тұрады және онда 300-дей тұрақты істеп тұрған лавкалар болды. Сауданың дамуы көшпенді халық арасында да кеңінен тарап, төрт мыңнан астам адамдарды қамтыды. Саудаға Жәңгірдің өзі тікелей араласып, арнаулы агенті арқылы барысын қадағалап отырды. Жәңгір хан малды асылдандыру мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Ресей мен Кавказдан асыл тұқымды жылқыларды әкеліп, айналасындағы би-старшиндарға үлестіруді дәстүрге айналдырды.
Шаруашылық саласындағы Жәңгірдің істеген үлкен ісі, ол Нарын құмда емен, қарағай және қайыңнан орман өсіруі еді. Хан көзінің тірісінде орманды қорыққа айналдырып ағашты кесуге тиым салды.
Ханның жеке басына келетін болсақ, ол жас кезінде Астрахань генерал-губернаторы Андреевтің үйінде жатып оқып, еуропаша білім алған заманның озық ойлы, жан-жақты білімді азаматы болды. Ол өз анкетасында татар, орыс және араб тілдерін білемін деп жазды. 1826 жылдан бастап Жәңгір Қазақ университетінің демеушілерінің бірі және университеттің ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар, ол студенттерге қазақтың тарихы, әдет-ғұрыпы, тұрмысы жайлы лекция оқыды.Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.1845 жылы Жәңгір хан кенеттен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ол Бөкей ордасының үшінші және ең соңғы ханы болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет