ЕҢБЕКПЕН ӨТКЕН ӨМІРІМ
Тарихқа көз жіберсек, біздің ұлы атамыз атақты Ер Олжабай ‒ халыққа үлгі берген саңлақ ойшыл, ойында әдемі әлеуметгік толқын сақталған кемеңгер кісінің бірі. Оның туған жері ‒ Тәуке ханның тұсындағы Түркістан қаласы, әкесі ‒ Тәуке ханға қызмет істеген көп билердің бірі, тарихта ұрпақтарының есінде Толыбай деген атпен белгілі болған. Әйелі ‒ Ұлы жүз Төле бидің туысқандарының қызы, одан 1709 жылы Олжекең туып, Сарыарқаны Абылаймен бірге басқарып отырғанда, 1783 жылы Ерейментауында қайтыс болады.
Олжекеңнің тарихқа белгілі бола бастауы «Ақтабан шұбырынды» кезі. Жеті жыл ұдайымен жұт болып, ел аштықтан қырыла бастайды, осы кезде құба қалмақ қазақты басып алып, 1721 жылы әкесі Толыбай қалмақтың қолынан өледі.
Жетім қалған 13 жасар бала Түркістанда тұра алмай, жоңғарға бағынып отырған нағашысы Қаратайдың үйінде өсіп-өнеді. Бір өзгеше жері, 16 жасқа толысымен Олжекең жай кісідей отырмай, жоңғарға кектене қарайды. «Жоқ, мен оларға бағынып отыра алмаймын, тау қыраны Олжабаймын», ‒ деп өзіне ат қояды. Ел шаруасы бола бастаған соң, көп қару-жарақ соқтырып, үш жүздің әскерлерін өзінің қасына жинап алады. Оның қасына ерген атақты ерлер: Абылай, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қабанбай, Дулат, Өтеген батыр, Көкжал Барақ билер, Төле би, Қазыбек би, Бұхар жырау ‒ бәрі «Бозқасқа» айтып, жоңғарға қарсы шығады. Әскерді басқарушы Ер Олжабай бәрі қосылып, құба қалмақты Сыр бойындағы қалалардан қуып шығып, Жоңғар тауынан асырады. Соғыста Олжекең ең алдымен Ғалдан Сереннің өзімен соғысып, оның әскерін қырып әлсіретеді, оның бір баласы оққа ұшады. Ғалдан Олжабайдың мықты әскерін көріп, «қой, бұдан еш нәрсе шықпас», ‒ деп Олжекеңе бас иеді. Олжекенді, оның әскерін жақсы қонақ етіп, дос болуға шақырады. Көп сый тартады, алтын ер, қаншама алтын-күміс дүниелер береді. Олжекең Ғалданның екі сұлу қызын ‒ Лағба мен Лабаны алып, еліне қайтады. Лабаны өзі алып, Лағбаны Бөгенбайға тартады.
Олжекеңнің құба қалмақты екінші аяусыз қырған жері - Баянаула тауының іші, ол жер бүгінге дейін «Қалмақ қырған тауы» деп аталады. Ғалдан Серен Абылай мен Өтеген батырды аң аулап жүргенде ұстап әкету үшін далаға он мындаған әскер шығарып, Қарқаралы мен Баянаула тауларын басып алып, Жасыбай көлінің түбінде Олжекеңнің атақты ері Жасыбайды өлтіреді. Жасыбай ‒ ол кісінің апасынан туған жиені. Алпауыт ер Олжекең сол арада жойқын әскерімен шығып, қалмақты тегісімен қырып салады. Олардың тығылған жері - «Қалмақ қырған тауы», олардың қурап қалған сүйегі сол таудың тастарының түбінде жатыр.
Аяулы ер Жасыбайды ұмытпау үшін бұрынғы «Шойынкөлді» Жасыбай көлі деп атаған. Олжекең кейін қырғын соғысты ел жаулауға шыққан қытай әскерімен жүргізеді. Бұл ‒ қалмақтың соңғы ханы Амурсана билеген уақыт, екі ел дос болып, қытайдың астамшылық ісіне қарсы күш қосқан кезі (1756 ж.). Бұл оқиғаға Абылай мен Әбілқайырдың балалары да қосылды. Бұқар жырау, Тәттіқара қытайға қарсы соғысты жырмен толқындайды. Қытай, құба қалмақты қырып, Күншығыс Түркістанды тегісімен өзіне қаратады. Амурсананы елінен қуып шығып, ол Абылай мен Олжекеңе келіп тығылады. Ол жерде де тұра алмай, Ресейға келіп, Тобыл қаласында сүзектен ауырып өледі.
Абылай мен Олжекеңнің қытайға карсы соғыста ұран шақырған жері ‒ Жоңғар тауындағы «Талқы» деген қамал. Атақты ерлер көп әскермен осы арада жатады. Амурсана да соғыста осы арада бірге болады. Қытайға қарсы бұл жойқын соғысты қытай әскерімен бірге еріп жүрген француз суретшісі Кашан күн сайын қағазға түсіріп отырады. Ол француз тілінде басылып шыққан. Оның фотокө- шірмесі Мәскеудің тарих музейінде сақтаулы тұр.
Соғыстағы ұлы қару ‒ ұзын найза, мылтық, түйенің үстіне қойып ататын зеңбірек, қарулы аттар, топталған түйелер. Әскерлер түйені шепке ұстап, соның түбінде отырып ататын болған.
Қытай әскері орталықтан Талқыға дейін келіп, қарулы күшін жойқын топтайды. Ұлы күшпен Қазақстан жеріне кіріп, Амурсананы тауып бер деп күш салады. «Әскеріміз атсыз қалды, озі көп күннен бері аш, союға мал әкеліп беріндер», ‒ деп бұйрық етеді (1757 ж.). Олжекең олардың көңілін басу үшін қой етімен іамақтандырып, алдайды. Өзі үш жүздің атақты ерлерін жинап, кырғын соғыс ашуға кіріседі. Амурсананың ізіне түсіп көрейін деп, қалмақ әскерін қырға шақырып, «Шүршіт қырған» деген іаудың ішінде қалмақ әскерімен қырғын соғыс ашып, оларды іегісімен қиртып өлтіреді. Қалмақты жеңіп шыққан қазақелі ұран шақырып, Олжабайды әйгілеп, той жасап, «Он сан үш жүз баласына ұран болған Ер Олжабай» деп ат береді (Мәшһүр Жүсіп). «Шүршіт қырған» тауы бұрын Баянаула ауданына қарайтын, бүгінде ол Қарағанды облысы, Молодежный ауданының шығыс бетінде.
Олжекеңнің Түркістаннан Сарыарқаға келуі 1730 жылдардан басталады. Оның негізгі қонысы ‒ Баянаула таулары, Жасыбай көлі мен Торайғыр көлінің арасы. Осы арада ағаш үйден тастан қорған салдырып, қысты сонда өткізетін. Жаздыгүні көшіп, Сілеті өзенінің жағасына барып, Абылаймен, Қанжығалы қарт Бөгенбаймен қосылып бірге отыратын. Сілеті бойы ‒ елдің бас қосатын аяулы ордасының бірі, Олжекеңе тойды осы арада өткізеді. Бір тамаша жері, Олжекеңе серік болған оның атақты тұлпары «Тайкөк». Ол өлгенде сандыққа тығулы жататын Тайкөктің басын Сілеті өзенінің бір қиясы, Қоянды-қойтас деген бір сеңгірдің биік басына шегемен қағып бекіткен. Ол қу бас алыстан көрініп тұрады. Оны соңғы рет көрген Павлодар қаласының бір шебері Бәйке Аманжолов деген адам. Бұл сөзді оның айтуынан жазып алған Қазақстан киносында істеген Төкен Оразұлы.
Жергілікті халықтың ерте заманнан айтып келе жатқан тарихи әңгімесі бойынша, бұл қурап жатқан тұлпардың басы ‒ Олжекеңнің «Тайкөк» деген атының басы. Бұл әңгімені бергі кезге дейін айтып жеткізген Олжекеңнің ұрпақтары, Қанжығалы Бөгенбай батырдың ұрпағы, атақты Саққұлақ би мен оның баласы Ералы.
Төкеннің соңғы рет түсірген жоспары бойынша:
Жасыбай қыстауы (Олжекеңнің ескі ордасы)
Баласы Дулаттың қыстауы
Дүржан қыстауы
Баласы Бұлан қыстауы
Баласы Есенаманның қыстауы
Бөкен Шатаұлының қыстауы
Олжекеңнің ағаш ордасының орны (XVIII ғ.) Жасыбай көлінің алдында, Қарақуыс деген жерде, ұрпақтары оны «Ескі жұрт» деп атайды екен.
Жасыбай батырдың үйінің орны Жасыбай асуының түбінде. Олжекең балаларына арнап салған үйлерді дөңгелетіп тастан қалаған. Орны сол қалпында бұзылмай жатыр. Оның ішінде Есенаман Олжабайұлының үйі Карақуыстың төменгі етегінде сақталған. Бұлан Олжабайұлының үйі Қарақуыстан жоғарырақ. Жалаңтөс Олжабайұлының үйі ағаштан салынған, төменгі фундаменті тастан (Қарақуыста). Дулат Олжабайұлының қыстауы Тікасу, Найзатаста, XIX ғасырдың 40-жылдарына дейін белгілі болған. Осы арада Дулаттың балалары Арыстанбай, Марғұлан ағаш үйді жаңадан тұрғызып (1854 ж.), оны үлкен қыстаққа айналдырады (ЦГА Каз ССР. Ф. 374, оп. I, д. 276, лл. I ‒9. По рапорту Баянаульского окружного приказа о дозволении бию Айдабульской волости Арыстанбаю Дулатову построить на урочище Кара-Булак деревянный дом с двором и забором).
Бір өкінішті жері, XIX ғасырдың соңында ел басқарушы болыстар Олжекеңнің ұрпағына алакөздікпен қарап, олардың тұтасымен Жасыбай көлінің жағасында отырғанын көпсініп, күш салып жерден қуып, Шідертіге апарып түсіреді. Оны жазып кеткен Ф.А.Щербина (Щербина Ф.А.Материалы киргизского землепользования. Т. IV. Семипалат обл. Павлодарский уезд. 1903 г.).
Олжекең ұрпағынан Жасыбай көлінің жағасында сақталып қалғандары ‒ ұсталар, арба, күйме жасаушылар, үй салушылар, олар: Шәуке мен Шатаның балалары Бөкет, Оспан, Шәуке. Олардың ескі әдеті бойынша тастан салған үйлері біздің заманымыздың 40-жылдарына дейін келіп жетті, кейбіреуі мүмкін, әлі де сақталып тұрған болар. Сондай сақталып келген ағаш үйдің бірі ‒ Айғыр көліне таяу тұрған Тесіктас қыстауындағы Дүржанның үйі.
Олжекең туралы әдебиетші Өтебай жазған, ол кісінің әлеуметтік істері туралы көп мағлұмат, әсіресе, архив орындарында көп кездеседі.
Бір өзгеше уақиға, Олжекең Едіге бимен қосылып, 1762 жылы Екатерина ІІ-ге қазақ тілінде араб жазуымен хат жазады. Ондағы әңгіме бір ғана шаруашылық мәселесі. Хатта айтылғаны: «Қырда үскірік суық күшейіп, жылқы өле бастады. Бұрын жылқымыз Ертістің шығыс жағында, қалың орманның ішінде семіріп жататын еді. Жазғытұры Құлынды даласында биелер құлындап, олар есейген соң Ертістен өз бетінше өтіп жүрді. Осыған сіз басшы болып, малымыздың аман болуына көмек берсеңіз. Жылқымызды қыстыгүні Ертістің алдындағы қалың орманның ішінде бағып шығуға рүқсат берсеңіз», ‒ деп тілек еткен (ЦГА КазССР).
Олжекеңнің халық сүйген аяулы өмірін әдемілеп суреттейтін оның кейінгі ұрпақтары еді. Олар жұма күні таңертең Олжекеңнің ескі үйі, біздікіне жиналып, ұлы бабасын еске түсіріп отыратын. Айтушылардың бәрі жүйрік, ерекше шешендікпен сөйлейтін Жанғұлан, Дүржан би, Рахмет, Иманбек болатын.
Олжекең қайтыс болғанда оның өмірін толғандыра суреттеген Бұхар жыраудың ізбасары, орманшы Сақау ақын. Оның «Ер Олжабай» деген кітабы бүгінде Ғылым академиясының кітапханасында сақтаулы тұр. Екінші ‒ Шоң бидің жырауы Көтеш ақын және атақты Жаяу Мұса жазуы Қазан университетінің кітапханасында сақтаулы. Мұндай хикаялар, жырлар Баянаула төңірегінде өте көп болған. Соның бірі ‒ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың інісі Шаймерден жазған «Ер Олжабай» атты ұзақ жыр. Оның екі данасы Ғылым академиясының кітапханасында сақталған.
Орманшы Сақау ақынның жырлауынша, Абылай өлген соң (1781 ж.) Олжекең Сарыарқаны қалдырып, өзінің туған жері Түркістан қаласына барып тұрмақшы болады. Өзіне ерген көп елді жинап, жылқыдан ‒ айғыр, сиырдан - бұқа, қойдан ‒ қошқар қойғызбай, малды қысыр қалдырып, Бетпакдала шөлінен өткізбекші болады. Сол жылы көшіп бара жатып, Ерейментауының сыртында, күздің суық кездерінде өкпесіне суық тиіп, ауырып өледі.
Елдің игі жақсылары жиналып:
‒ Ау, ием, бұл қалай, не айтатын сөзіңіз бар?‒ дегенде:
‒ Уа, жұртым, адамның басы Алланың добы деген осы екен. Жас кезімде алпыс жеріме оқ тиіп, қансырап жүрсем де, өлген жоқ едім. Енді осы халге жеттім. Халқым, бар үмітім сендер, жақсы өмірде болғай деп тілеймін, ‒ дейді.
Олжекеңнің балалары бабасын қалайда Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Йассауидің мешітіне қоймақшы болған. Ол үшін Олжекеңнің денесін былғарыға тіктіріп, жаз шыға апарамыз деп, Ерейментауының сыртындағы ағашқа биік сөрелеп қояды. Ол жер «Олжабай сөресі» деп аталады. Бірақ әртүрлі жағдаймен Олжекеңді Қожа Ахмет Иассауидің мешітіне жеткізе алмаған. Олжекеңнің қабірі Ерейментауының сыртында, «Казақстанның қырық жылдығы» совхозының ортасында тұр. Оның қасында Едіге би, Шорманның қабірлері бар. Олжабай сөресі тұрған жерге кейін қала салып, ел көбейген кезде, ол жерде тұратын орыс ағайындар оны «Олжабай поселкесі» деп атап кетеді.
Олжекеңді әдемі жырлаған атақты ақынның бірі ‒ Көтеш, Шоң бидің қасына еріп көп жиылыстарда, билердің бас косқан жерінде болған шешен ақын.
Халықтың, билердің бас қосқан бір ұлы жиылысында Сақау ақынға сұрақ қойып, «еліңнің жақсы адамдары кім еді?» - деп сұрағанда айтқаны:
Достарыңызбен бөлісу: |