Сарматтар Савроматтар - сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі.
Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Савроматтар мәдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.
Жазба деректер мен соңғы археологиялық материалдар бойынша, Савроматтар солтүстік Қаратеңіз скифтеріне туыстас тайпалар бірлестігі болған.
Геродоттың жазуынша, Савроматтар жауынгер әйел-амазонкалардан туып, алдымен скифтермен соғысып, артынан олармен туыстасып, Танайс (Дон) арқылы Еділге көшеді. Ертедегі авторлардың айтуынша, Савроматтар қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.
Геродот сармат қызы өзінің бір ата жауын өлтірмейінше, күйеуге шықпағанын атап көрсетеді. Псевдо-Гиппократтың жазуынша, савромат қыздары әскери іс пен аң аулауға жаттыққан үш адамды (жауын) өлтірмейінше күйеуге шықпаған. Ертедегі авторлардың деректерін осы заманғы археологиялық зерттеу деректері де растайды.[1] Обалардың ортасына қойылған әйелдердің қабірлері ерекше. Олардан моншақ, білезік, қола айна, т.б. заттармен қатар қару-жарақтар түрлері де көп табылды. Б.з.б. 4 ғ-да Савроматтар скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон өңірінің арғы жағындағы скиф жерлеріне, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. Сол жердегі тұрғылықты халықтардың арасына сіңісіп, біртіндеп тарих сахнасынан жоғалған.
14 Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдермен балалардыСақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады. Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата Шеткі Александрия деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де,өзі әскерімен жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі.бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың ез басы осы жортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің Яксарт \Сырдария\ сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс–талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен б.з.бұрынғы III ғ.-б.з. дейінгі III аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады
Мемлекетті патша билеген . Ол соғыс пен бейбітшілік мәселені шешті . Ал тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді тайпа көсемдері шешті . Қоғамдық құрылысы әскери демократия болды . Демократия тек әскери жараққа жарамды жастағы ерлерге қатысты болды .
Сарматтар
Қоғамдық басқаруы әскери демократия . Соғыстарға ерлермен қатар әйелдерде қатысқан . Деректерде егер әйел адам өзінің 3 жауының басын алмаса үйлене алмаған . Ерлерімен аңға да шыққан , бірге киінген .