Сайлау күні таң ертемен сағат 7.00-де ашылған облыс орталығындағы барлық учаскелерде
еліміздің Гимні ойнады. Сайлаушылардың дені бұл уақытта жиналып та үлгерген еді.
Қала-Қарбалас
// «Жамбыл - Тараз» // №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл //
2
Саяси сайлау науқанынан «Нұр Отан» партиясы 82%
халықтың даусына ие болып, бірауыздан жеңіске жетті. енді
барша қазақстандықтардың асқар-асқар сенімін арқалаған
партияға жүйелі жұмыстар мен үлкен жауапкершілік жүктелді.
ел таңдауы – «Нұр ОтаН»
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Облыс орталығындағы Тараз қалалық
мәдениет үйі алдында тарихи таңдауға
белсене араласқан мақсаты ортақ, мүддесі
бір Тараз жастары ұран салып, халықтың
қуатын арттыратын қуанышымен бөлісті.
«Барша қазақстандықтарды «Нұр
Отан» партиясының ұлы жеңісімен
шын жүрегіммен құттықтаймын. Зор
табыстар тілеймін. Алдымызда көп
жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан
барлығы да жан аямай қызмет етіп,
халқымызды қуантады деп сенемін»-
деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
тарихи сәттің шешімі анықталған сәтте.
Әрине, биылғы сайлаудың нәтижесі
ел сенімі мен үмітінің, арманы мен
таңдауының ортақ екендігін, бірлігінің
беріктігін тағы да бір дәлелдеп шықты.
Науқанның демократиялық талаптарға
сай өткендігін шет елдік сарапшылар
да растап отыр. Ал биылғы сайла-
уда Әулиеата халқының 82,66%-ы
белсенділік танытып, дауыс беріпті. Сая-
си науқанның нәтижесі белгілі болғаннан
кейін қалалық мәдениет үйінің ал-
дында жеңімпаздар Форумы өтті.
«Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!»
ұғымының негізінде нұротандықтар мен
партияға сенім артқан тұрғындардың,
жалынды жастардың басын қосқан
жеңісті жиынды облыс басшысы Кәрім
Көкірекбаев құттықтау сөзімен ашып
беріп, халқымызға мол табыстар тіледі.
- Халқымыздың әлем алдындағы
абыройын тағы бір асқақтатқан сай-
лау Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мей-
рамымен тұспа-тұс келді. ҚР Пар-
ламент Мәжілісінің және жергілікті
мәслихаттардың кезектен тыс сай-
лауында барша отандастарымыз өз
таңдауын жасады. «Нұр Отан» парти-
ясы үлкен нәтижемен жеңіске жетті.
Халқымыз Елбасы басқаратын пар-
тиямызды бірауыздан қолдап, бірлік,
тұрақтылық, жасампаздық үшін да-
уыс берді. Біз бірлігімізді паш етіп,
біртұтастығымызды дәлелдедік.
Елдігіміз еңселенді, көптігіміз көрінді.
Бұл жеңіс халықтың «Нұр Отан» пар-
тиясына, оның кемеңгер көшбасшысы-
Елбасына деген сенімінің зор екендігін
көрсетті. «Нұр Отанның» жеңісі –
біз бірлікті таңдаймыз.
Суретті түсірген В.Алсуфьев
Қазақстанның кезекті биік белесі. Бұл-
біздің мақтанышымыз, барлығымыздың
жеңісіміз. Барша қазақстандықтармен
бірге жамбылдықтар да «Нұр Отан»
партиясының күш-жігері мен болашақ
жоспарларын қолдады. Болашағымыздың
жарқындығына күмәніміз жоқ. Өйткені,
халқымыз Елбасының дара саясатының
арқасында тыныш, аспаны ашық, тамаша
елде өмір сүріп жатыр. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық, өндірістік са-
лада халықаралық аренада қол жеткізген
үлкен табыстарында «Нұр Отан»
партиясының да елеулі үлесі бар. Біз
партия саясатынан жаңғыру мен дамудың
іргелі мүмкіндіктерін көреміз. Партия-
мен бірге халқымыздың бұдан былай да
еңсесі биіктей беретіндігіне сенімдіміз.
Осындай жауапты сәтте бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігіміз
бен ынтымағымыздың жарастығын
көрсеткендеріңіз үшін зор алғысымды
білдіремін. Енді, алдымызда партияның
Сайлауалды бағдарламасын орындау
міндеті тұр. «Нұр Отан» партиясының
мақсаты - бір болу, бірге болу, ұлтқа
қорған, ұрпаққа қамқор болу,-деп Кәрім
Нәсбекұлы отаншыл жерлестерімізді
ортақ жеңісімен құттықтады.
Облыс басшысының сөзінен кейін
жамбылдық жастар «Қазақстан!
Нұрсұлтан! Нұр Отан!» деп бірауыздан
ұрпақтың ұранын жеткізді. Бұдан әрі
сөз тізгіндеген ҚР Мәдениет қайраткері
Әлібек Әмзеев өскелең ұрпаққа ортақ
құндылықтарымыз жайлы өнегелі ойын
ортаға салды. Ал «Айвенго» ЖШС-нің
директоры Любовь Попова Елбасы
қолдауымен елімізде, өңірімізде өркендеп
келе жатқан өндірістер мен керегесі
кеңейе бастаған кәсіпкерлік саласындағы
жетістіктерді тілге тиек етті. Шара бары-
сында бір шаңырақ астында жарасқан
достығымыз бен ынтымағымыздың да
шарапатына куә болдық. «Қазфосфат»
ЖШС-нің сары фосфор өндіру цехының
аппаратшысы Александр Пягай ұлттар
арасындағы ұлы достығымызды, нұрлы
болашағымызға деген сенімін мемлекеттік
тілде жеткізді. «Мен еңбек адамымын.
Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қатысуымен Павлодар
қаласында өткен еңбек ұжымдарының
республикалық Форумынан үлкен
әсермен оралдым. Форумда Елбасы
еңбектің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Еңбек – дамудың діңгегі, тірегі. Эконо-
мика да, өсім де, өрлеу де қарапайым
жұмысшыдан бастау алады. Ал нағыз
еңбек адамының таңдауы – «Нұр Отан»
партиясы. Менің ұлтым кәріс болса
да, жүрегім қазақ елі үшін соғады.
Мен Қазақстанның перзенті екендігіме
бақыттымын. Отанымды мақтан тұтамын.
Ел жеңді, еңбек жеңді, бірлік жеңді»-
деген ол, өз сөзін патриоттық жыр
шумақтарымен аяқтады. Өңір жастарының
атынан Бегайдар Аманбаев сөз алып,
өзінің жалынды жырын оқыды. Жеңісті
жиын сонау 1970 жылдары ақын Қадыр
Мырза Әлінің сөзіне жазылған, Ескендір
Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен
қорытындыланды.
тараздықтар белсенділік танытты
Байзақ батыр көшесінде орналасқан №24 мектеп-
гимназиядағы №28 сайлау учаскесіне келген
қала әкімі Нұржан Календеров алғашқылардың
қатарында дауыс берді. Сайлау учаскесінің төрағасы
Марина Гладченконың айтуынша, ертемен келген
сайлаушылардың жас ерекшелігінде ешқандай
шектеу болмапты. «Бұрындары ертемен жасы үлкен
қарияларымыз келуші еді. Бұл жолы жастардың да
қатары мол болды. Яғни, жастардың саяси-мәдени
сауаттылығы көтеріліп келе жатқаны қуантады»-
деді ол. Ал №24 сайлау учаскесінде алғашқы болып
дауыс берген 75 жастағы Владимир Сальниковты
сайлау учаскесіндегілер түгел дерлік таниды десек
те болады. Өйткені, қарт теміржолшы Владимир
Сальников өз өмірінің 25 жылын болат жолға арнаған
еңбек ардагері. Зейнетке Жамбыл вагон пайдалану
депосынан шыққан. Бірінші болып дауыс берген
қарияға құрмет көрсетіп, сыйлық табыс еткен сайлау
учаскесінің төрағасы Талғат Тобышақов аумақта
тіркелген сайлаушылардың тізімі 1650 адамды құрап
отырғандығын алға тартып, жасы 18-ге толып, алғаш
рет сайлау науқанына қатысып отырған жастардың бар
екендігін де айтып өтті. Осында өз таңдауын жасаған
Шыңғыс Рысбекұлы осы наурыз айының оны күні
18-ге толыпты. Шыңғыс та сайлау комиссиясының
тарапынан дайындалған сыйлыққа ие болды. Бұдан
кейін «Қарасу» мөлтек ауданында орналасқан №73
сайлау учаскесіне бұрылдық. Осы аумақтағы жасы
105-ке келген кейуана Жібек Тұрғынтаеваның үйіне
келген аталмыш сайлау учаскесінің өкілдері қарт
ананың батасын да алды. Уақытында Шу ауданында
талай жыл ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен
Жібек әженің кіндігінен он ұл-қыз тараған екен.
Бүгінде оның төртеуі еліміздің түкпір-түкпірінде
еңбек көрігін қыздырып жүрген жайы бар. «Мен өз
таңдауымды жасадым. Осындай бейбіт өмірде еңбек
етіп, тірлігін жасап жатқан ұрпақ бақытты ғой. Былтыр
да Елбасының сайлауында балаларым келіп, осылай
дауыс беріп едім. Еліміз тыныш, ұрпағымыз аман
болсын!» - деп кейуана батасын берді.
Ал күндізгі сағат 12-лер шамасында №35 сайлау
учаскесіне бұрылғанымызда, сайлау учаскесінің
төрағасы Салтанат Төлеу учаскеде тіркелген 1074
сайлаушының 45 пайызы өз таңдауын жасап
үлгергенін айтты. Біз сайлаушылардың қатарынан
жамбылдықтардың мақтанышы, ақпан айының
аяғында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен
армрестлингтен абсолюттік салмақта өткен PAL (Pr
ofessionalArmWrestlingLeague) білектілер байқауына
қатысып, «Құбыжық» есімімен танылған болат білекті
америкалық Майкл Тоддтың жеті жыл бойы ешкімге
Жалпыға ортақ жарқын болашақ!
Суреттерді түсірген В.Алсуфьев
бермей келген чемпиондық белбеуін тартып алған
Дмитрий Трудинді көрдік. Ол да өз таңдауын жасады.
Сондай-ақ, аталмыш учаскеде осымен екінші
рет сайлау науқанына қатысып отырған об-
лыс орталығындағы М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ студенттері, егіздер – Айман мен Шол-
пан Бақытбаевалар бұл саяси науқанда өз
қатарластарының белсенді екендігін мақтанышпен
жеткізді. Ал осы егіздердің ізін баса, сайлау
учаскесіне бас сұққан егіздер – Олжас пен Ілияс
Тоқтасындар сайлауға алғаш қатысып отыр екен.
Жамбыл политехникалық колледжінің 3-курс
студенттері, 19 жастағы Олжас пен Ілияс үйдің
кенжелері. Екеуі де арнаулы орта оқу орнының
қоғамдық және спорттық өмірінде белсенді
жастар. Сондай-ақ қаламыздағы 5 мөлтек ауданының
тұрғындары таңсәріден №25 мектептегі №72 сайлау
учаскесіне ағыла бастады. Жасы да, жасамысы да
бұл сайлаудың ел өміріндегі аса маңызды оқиға
екенін, жарқын болашақ үшін дауыс беретіндіктерін
әңгімелеп жатты. Көпшіліктің арасынан күні кеше
ғана отау тіккен жас жұбайларды да көзіміз шалды.
Марат пен Айгүл жауапкершілігі мол, үлкен өмірге
қадам басқандарын айтып, кемел келешек үшін өз
дауыстарын бергендіктерін жеткізді. Тұрғындар
сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесінің жоғары
деңгейде ұйымдастырылғанын да тілге тиек
етті. «Самал» мөлтек ауданындағы №39 орта
мектептегі №73 сайлау учаскесіне де ертемен
қайырылғандардың қатары мол болды.
- Жұрттың көңіл-күйі жақсы. Бәрі өз келешегінің
жарқын болатынына сенім білдіріп, өз қалаулары бой-
ынша дауыс беріп жатыр. Таңсәріден-ақ тұрғындар
тынымсыз келіп, дауыс беруге асығуда, - дейді осы
сайлау учаскесінің төрағасы Зәуре Несіпбайқызы.
Бұл күні таңмен таласа оянған тұрғындар өз қалауын
жасауға асықты. Бірі ұлын жетектеп, енді бірі
немересін құшағына алып, сайлау учаскесін бетке
алды. Сән-салтанаты жарасқан қуанышты сәтте
тұрғындардың жүзі бал-бұл жанып, дауыс беріп
жатты. Ал кей сайлау учаскелерінде қала әкімдігінің
көмегімен жермеңкелер де ұйымдастырылды.
Ерман ӘБДИЕВ,
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ,
Индира БАЙҚОНЫС,
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.
Қала-Қарбалас
3
// «Жамбыл - Тараз» // №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл //
Бұқара меН Биліктің
алтыН көпірі
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Кеше әкімдікте қала әкімі Нұржан
Календеров, қала прокуроры Бағлан Телеу
және шаһар тұрғындарының сеніміне ие болған
халық қалаулыларының қатысуымен алтыншы
шақырылған Тараз қалалық мәслихатының бірінші
сессиясы өтті. Жиынды Тараз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Пәрімбеков
ашып беріп, әр сайлау округі бойынша сайланған
25 депутатқа куәлік пен төсбелгілерді салтанатты
түрде табыс етті. Ал аталған аумақтық сайлау
комиссиясының орынбасары Уалихан Байдуанов
қалалық мәслихатқа сайланған депутаттарды
жеке-жеке таныстырып шықты. Бұдан әрі №1-
ші сессия отырысының төрағасы болып №17
сайлау округінің депутаты Жақып Жексембиев
тағайындалды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе
бойынша редакциялық комиссия алқасына
Серікбол Берікқожа (№3 с/о), Лаззат Кзылкулова
(№5с/о) және Самат Мырзалиев (№8с/о) сай-
ланды. Ал Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы
болып бірауыздан №22 сайлау округінің депутаты
Балабек Нарбаев тағайындалды. Және бірінші
сессия барысында «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлтымыз сайлау науқанына бір кісідей
атсалысып, саяси сайыстың жеңімпаздарын анықтап алды. тарихта
талайлармен терезесі тең тараз шаһары болашақта да жүзі жарқын, еңсесі биік.
Себебі, осы уақытқа дейін қала өмірін жақсартуға жан аямай еңбек етіп келген
халық қалаулыларының жаңа құрамы жасақталып отыр.
тараз қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны - 146102, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 96170. тараз
қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің саны - 25, дауысқа түскен кандидаттардың саны - 55.
дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 1969.
2016 Жылғы 20 Наурызда өткеН тараз қалалық мӘСлихаты депутаттарыН СайлауыНың қОрытыНдылары
туралы тараз қалалық аумақтық Сайлау кОмиССияСыНың хаБарламаСы
Тараз қалалық мәслихатының депутаты
болып сайланғандар:
№1 сайлау округі
Касымов Фархад Гафурович, 1971 жылы
туылған, «Рика Холдинг» ЖШС-нің директоры,
Тараз қаласында тұрады.
№2 сайлау округі
Ақшалов Берік Сағымбекұлы, 1981 жылы
туылған, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Жамбыл филиалы директорының орынбасары,
Тараз қаласында тұрады.
№3 сайлау округі
Берікқожа Серікбол Қайратұлы, 1991 жылы
туылған, «Жамбыл облыстық еріктілер
қозғалысы» қоғамдық қорының президенті,
Тараз қаласында тұрады.
№4 сайлау округі
Асқарбеков Арын Ильясұлы, 1971 жылы
туылған, Тараз қалалық мәслихаты аппаратының
басшысы, Тараз қаласында тұрады.
№5 сайлау округі
Кзылкулова Лаззат Абильдаевна, 1972 жылы
туылған, №1 гимназия директоры, Тараз
қаласында тұрады.
№6 сайлау округі
Кан Руслан Анатольевич, 1962 жылы туылған,
«СМЭУ-Автотранссигнал-2» ЖШС-нің дирек-
торы, Тараз қаласында тұрады.
№7 сайлау округі
Орынбаева Жанар Рымбекқызы, 1961
жылы туылған, Жамбыл политехникалық
колледжінің директоры, Тараз қаласында
тұрады.
№8 сайлау округі
Мырзалиев Самат Жексентайұлы, 1976 жылы
туылған, «Массат Тараз» ЖШС-нің директо-
ры, Тараз қаласында тұрады.
№9 сайлау округі
Майлыбаева Бағдат Асаубайқызы, 1973
жылы туылған, «Аю» балабақшасының
меңгерушісі, Тараз қаласында тұрады.
№10 сайлау округі
Нестеренко Анатолий Алексеевич, 1962
жылы туылған, «Әулие-Ата» Халықаралық
әуежайы» АҚ төрағасының орынбасары, Тараз
қаласында тұрады.
№11 сайлау округі
Мананов Талғат Шаймерденұлы, 1973 жылы
туылған, «Сириус-21» ЖШС-нің директоры,
Тараз қаласында тұрады.
№12 сайлау округі
Мәдімаров Ғазизжан Жақсығұлұлы, 1964
жылы туылған, «Тараз-Ғасыр» колледжінің
директоры, Тараз қаласында тұрады.
№13 сайлау округі
Бүркітбаева Жанар Қасымбайқызы, 1977
жылы туылған, «Буркитбаева» ЖК директоры,
Тараз қаласында тұрады.
№14 сайлау округі
Смаилов Марат Раимбекұлы, 1957 жылы
туылған, «Тараз-Су» МКК-ның директоры,
Тараз қаласында тұрады.
№15 сайлау округі
Мырзахметов Марат Асанұлы, 1968
жылы туылған, «САФ» АҚ «Южный – 3»
филиалының басқарушысы, Тараз қаласында
тұрады.
№16 сайлау округі
Бөлекбаев Жұмабек Әбдікәрімұлы, 1959
жылы туылған, «Жамбыл-Жылу» МКК-ның
директоры, Тараз қаласында тұрады.
№17 сайлау округі
Жексембиев Жақып Түзелбайұлы, 1957 жылы
туылған, Жамбыл облыстық наркологиялық
диспансерінің бас дәрігері, Тараз қаласында
тұрады.
№18 сайлау округі
Жузанов Айдар Сұлтанұлы, 1975 жылы
туылған, «Fortis» ЖШС-нің директоры, Тараз
қаласында тұрады.
№19 сайлау округі
Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы, 1980
жылы туылған, «Жамбыл-Тараз» газеті ре-
дакциясы» ЖШС-нің директор-бас редакторы,
Тараз қаласында тұрады.
№20 сайлау округі
Биназаров Айдархан Дукенбаевич, 1963
жылы туылған, Абай атындағы Жамбыл
гуманитарлық колледжінің директоры, Тараз
қаласында тұрады.
№21 сайлау округі
Үсенбаев Шамбылхан Әбиұлы, 1961 жылы
туылған, «AKM GROUP» ЖШС-нің директо-
ры, Тараз қаласында тұрады.
№22 сайлау округі
Нарбаев Балабек Жанбекұлы, 1963 жылы
туылған, Тараз қалалық мәслихатының хат-
шысы, Тараз қаласында тұрады.
№23 сайлау округі
Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы, 1967 жылы
туылған, Жамбыл облыстық туберкулезге
қарсы диспансерінің бас дәрігері, Тараз
қаласында тұрады.
№24 сайлау округі
Қайназарова Амина Рысбекқызы, 1978 жылы
туылған, «Goodmaker» ЖШС-нің директоры,
Тараз қаласында тұрады.
№25 сайлау округі
Мауленов Нариман Бөлдешұлы, 1972 жылы
туылған, «DIAMOND» Халықаралық әмбебап
тауар биржасы» АҚ-ның президенті, Тараз
қаласында тұрады.
Халық сенімі - халық таңдауы.
Суреттерді түсірген В.Алсуфьев
басқару туралы» Заңының 12-ші бабына сәйкес,
қалалық мәслихаттың төрт тұрақты комиссиясы
құрылып, оның төрағалары бекітілді. Атап айтқанда,
бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық
даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына
№17 сайлау округінің депутаты Жақып
Жексембиев, заңдылық, азаматтар құқығын
қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат
жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына №15
сайлау округінің депутаты Марат Мырзахметов,
коммуналдық шаруашылық, көркейту, қоршаған
ортаны сақтау және жер қатынастары жөніндегі
тұрақты комиссия төрағалығына №16 сайлау
округінің депутаты Жұмабек Бөлекбаев және білім
беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты
және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссия
төрағалығына №12 сайлау округінің депутаты
Ғазизжан Мәдімаров ұсынылып, шешім жобасы
қабылданды. Ал №17 сайлау округінің депутаты
Жақып Жексембиев қалалық мәслихаттың кезекті
№2 сессиясына да төраға болып бекітілді.
- Алдағы уақытта бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Сіздермен бірлесе отырып, Елбасы тарапынан және
облыс басшысы тарапынан берілген тапсырмалар-
ды орындап, халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға бір кісідей атсалысамыз деген
сенімдемін. Алтыншы шақыртылған мәслихаттың
құрамында үлкен өзгерістер болды. 40 пайызы
жаңарды,-деп қала басшысы Нұржан Сәбитұлы
сөз соңында тұрғындардың сайлау науқанына
белсенділік танытқанын, қала халқының 73 пайызы
«Нұр Отан» партиясына дауыс бергендігін атап өтіп,
халық қалаулыларын жеңісімен құттықтады.