1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі



бет6/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
6 Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы бүгінде тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Герман археологиялық институтының корреспондент-мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеті» ҒЗИ директоры, мемлекеттік «Ботай» мәдени музей-қорығының бас ғылыми кеңесшісі Виктор Зайберттің жетекшілігімен Ботай қонысын ашып, қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Сол уақыттан бері энеолиттік Ботай мекені әлемдегі жылқышылардың көне мекені ретінде отандық, сонымен бірге шетел тарихшыларының назарын аударды. Қырық жылға жуық Ботай мәдениетінің ғажайып әлемі ғалымдарды тың жаңалықтармен таңғалдырып келеді. Ғалым Виктор Зайберт дала өркениетінің бастамасына айналған әрі Еуразияда жылқыны қолға үйретушілердің алғашқы мекені болған Ботай ескерткіштері жайында әңгімелеген еді.. Еуразия даласында мекендеген көне тайпалардың тұрмысы мен шаруашылығында етене енген арбалардың құрылымы, олардың қарқынды дамуы, қайнар көзі мен тарихы жөніндегі мәселелер қарастырылады. Арба – біздің түсінігімізше атқа, өгізге, есекке жегілген екі дөңгелекті көлік, сонымен қатар иесінің әлеуметтік мәртебесін анықтауда, соғыс барысында, аңшылықта, спорттық іс-шараларда, ғұрыптық салт-жоралғыларда пайдаланады. Ежелгі үндіевропалықтардың мифологиялық түсініктерінде екі дөңгелекті арбаның ағаш күпшегі күнмен байланыстырылады. Көбінесе көне халықтардың дүниетанымында екі дөңгелекті арбалар о дүниемен байланыстырылып қарастырылады. Атқа жегілген арба сол заманның ұшқыр көлігі және мәңгілік айналу циклдарын көрсететін күнмен байланысы бар. Сонымен қатар арбалардың қоғамдағы қызметі әскери және ғұрыптық салт-жоралғылар сипатында ғана ие болды.
Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет