Қорытынды Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік тәжірибені есепке алуға негізделеді.
Қорыта айтқанда, мемлекеттің құқықтық саясаты қоғамымыздың заңнамалық-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.
Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы. Алматы: Жетi жарғы, 2003.
Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдiстемелiк құрал. Алматы, 2004.
Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2004.
Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiз-дерi: Оқулық/Құр. Е. Баянов. Алматы, 2003.
Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық. Академиялық курс. Алматы: Жетi жарғы, 2004.