«Жетi жарғы» және Қожаберген жырау»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#6948
  1   2   3   4   5

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОЖАБЕРГЕН
 
ЖЫРАУ
 
 
 
 
 
 
 
«ЕЛIМ-АЙ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ISBN 
 
 
«Жетi жарғы» және Қожаберген жырау» 
қоғамдық қайырымдылық қоры 
 
Құрастырушы-редакторы: Бекет Тұрғараев 
Баспаға дайындаған: Социал Жұмабаев 
 
 
 
«ЕЛIМ-АЙ» 
 
Бет саны                
Петропавл қаласы 
 
 
Кiтапқа Қожаберген жыраудың «Елiм-ай» 
дастанының қолда бар толық мәтiнi берiлiп отыр. 
 
ISBN 
 
Солтүстiк Қазақстан облысы  
«Жетi жарғы» және Қожаберген жырау» 
қоғамдық қайырымдылық қоры. 
 
Петропавл – 2009 
Облыстық Баспа үйi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

«
Елiм-аай»  шын  мәнiнде  ұлттық  санының  биiк  шыңы,  ұлттық  сергелденге 
душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сiлтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт 
болмысын  жаңғыртуға  ұмтылысының  шаншыла  атқан  қайнар  жыры  да  сыры. 
«Елiм-ай»  ұлтымыздың  Илиада  мен  Одиссеясындай  эпикалық  өмiршең 
трагедиясы». 
 
Манаш Қозыбаев. 
 
 
«ЕЛІМ-АЙ» дастаны 
 
І 
Жыр басы 
 
Алла өзі алсын бізді панасына, 
Дұшпанның қол жеткізсін жағасына. 
Майданда ерлеріме қуат беріп, 
Көрші елдің қалдырмасын табасына. 
 
Алаштың алты ұлының бірі-қазақ, 
Жұрт еді қайырымды салты ғажап. 
Тілеймін жалбарынып жаратқаннан, 
Халқымды еткізбе деп жауға мазақ. 
 
*  *  * 
Ассалаумағалайкем, халқымызға, 
Кейістік көріп тұрған жалпыңызға. 
Қатал жау әрбір тұстан шабуылдан, 
Келтірді үлкен нұқсан қалпымызға. 
 
Ассалаумағалайкем, сардарларым, 
Жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым. 
Кеңесіп дұшпандардан ел қорғаңдар, 
Кетпесін жау қолында мал-жандарың. 
 
Ассалаумағалайкем, сарбаздарым, 
Болашақ көпке тұтқа маңғаздарым. 
Қожаберген атаңнан уағаз тыңдап, 
Осыдан жағдайды ұқ сырбаздарым.* 
 
Ассалаумағалайкем, қариялар, 
Ақылға қиын істе дариялар. 
Жау жайын мәлімдейтін келді ретің, 
Қауымға үгіт айтып жариялар. 
 
*Сырбаздарым  деп  ақын  бір  сырлы,  сегіз  қырлы,  өнерлі,  әрі  ер  жігіттерді 
айтып отыр. 
 

 

Ассалаумағалайкем, шораларым, 
Билеген әр аймақты даналарым. 
Баршаның риздығы малды сақта, 
Қаңырап бос қалмасын қораларың. 
 
Өзегің қайғы өрттеген, дертің қалың, 
Есен бе, мырзаларым, ішің жалын. 
Жастардың басын қосып, елдi қорға, 
Өзімде қалсын десең дүние-малым. 
 
Ассалаумағалайкем, би мен бегім, 
Күн көрген жұрт үстінен ылғи тегін. 
Төрені қолдап, қараны* қағажу* қып, 
Көбейткен жақсылардың* ішкі шерін. 
 
*  *  * 
Уа, халқым, ойланарда іс қылайын, 
Үңіліп өткен кезге көз салайын. 
Ақылмен қиын істі шешер кезде, 
Бұрынғы көсемдерге тоқталайын. 
 
Алла, аруақ, әулиелер желеп-жебеп, 
Қазақты ел боларда қолдап-демеп. 
Қайтадан үш жүз жұрты өсіп-өнген, 
Ақ орда қоластында бақыты өрлеп. 
 
Азырақ хандар жайлы айтсам дерек, 
Бұл сөзім халайыққа әбден керек. 
Жұртыма ұлғайсам да қызмет етем, 
Демеңдер қауым мені кәрі терек. 
 
Ақ орда дәуірінде билік құрып, 
Қазақтың Орыс төре болған ханы. 
Ту ұстап, ғаскер бастап, жауды жеңіп, 
Үш жүздің болған екен ел қорғаны. 
 
Сөз сөйлесем көнеден, 
Өткен талай өлермен. 
Шора болмай кей мырза, 
Жұртын ерткен өнермен. 
 
Тоқтақия, Құйыршық, 
Орыс ханның ұлдары. 
 
* Қараны деп жырау бұл арада халықтан шыққан ерлерді айтып отыр. 
* Қағажу – шеттету деген мағынаны білдіретін сөз. 
* Жақсылар деп ақын ақылды, батыл азаматтарды айтып отыр. 
 

 

Болмаса да олар хан, 
Көп бопты малы, пұлдары. 
 
Жауынгер бопты олар да, 
Жұртына тиіп пайдасы. 
Үш жүзді қорғап өтіпті, 
Жаудан асып айласы. 
 
Ақ орданың хандары, 
Уәйіс пен Ер Барақ. 
Қалмаққа соққы беріпті, 
Ғаскерін тез жинап ап. 
 
Барақ та Ақ орданы билеп өткен, 
Хан болып талай елге даңқы жеткен. 
Барақтан Жәнібек пен Керей туып, 
Қазақты өз алдына хандық еткен. 
 
Әке мен ағасының жолын қуып, 
Хан болып Ер Мұрындық туын тіккен 
Жау қалмақ сол кезде де көп соғысып, 
Жеңіліп Үш жүзімнен тізе бүккен. 
 
Жәнібектің ұлдары: Қасым, Жәдік, 
Нығайтып қазағымды мықты ел еткен. 
Қалмақпен соғысқанда ылғи жеңіп, 
Жайнатып жасыл туын желбіреткен. 
 
Солардың хандық құрған кезеңінде, 
Үш жүздің көп шаруаға қолы жеткен. 
Ер Қасым дүниеден өткеннен соң, 
Мамаш хан боп, ел ісі кері кеткен. 
 
Онан соң Таһир, Бұйдаш билік құрып, 
Үш жүзді басқара алмай, көп жүдеткен. 
Соғыс, аштық жоқ кезде, 
Көрші елдермен ұстасқан. 
 
Татулықты сақтау орнына, 
Мұсылманмен қастасқан. 
Ардақты жұртым-қазағым, 
Аузына харам салмаған. 
 
Мамаш, Таһир, Бұйдашты, 
Хандар деп еске алмаған. 
Сол себепті олар да, 
Жұрт есінде қалмаған. 
 

 

Соғыс жоқ тыныш жылдарда, 
Үшеуі елді жұтатқан. 
Жүрегінде халқымның, 
Кекшілдік отын тұтатқан. 
 
Олардан кейін Хақназар, 
Хан тағына отырған. 
Медересе мен ашып мешітті, 
Көп шәкірттер оқыған. 
 
Хақназардың тұсында, 
Қазақтың халі жақсарған. 
Тұтас күйде Үш жүзді 
Көп жыл бойы басқарған. 
 
Жұрт тұрмысы жөнделген 
Хандығымыз гүлденген. 
Дәулетті боп көп адам, 
Азаматқа өң кірген. 
 
Жыл сайын егіп егінді, 
Нандық астық мол алған. 
Арпа, сұлы көп шығып, 
Аттардың жемі молайған. 
 
Мал өсіріп, шебер боп, 
Шаруасы елдің оңдалған. 
Естерін жиып аз жылда, 
Халайық жақсы қоңданған. 
 
Жауларды қуған жолатпай, 
Тіккен туын құлатпай. 
Көсем болған Хақназар, 
Жамандық істі ұнатпай. 
 
Хақназар өтіп дүниеден, 
Қайғысы Үш жүз молайды. 
Қартайса да хан қойды ел, 
Жәдіктің ұлы Шығайды. 
 
Туысының ісін Шығай алға апарып, 
Майданда Қалмақтарды талқандаған. 
Жер-суды қорғау үшін ғаскер жиып, 
Қарумен, саяқ атпен жабдықтаған. 
 
Ата аруағын шақырып, ұран салып, 
Шығай хан қартайса да ел қорғаған. 
 

 

Бұзба деп бірлігіңді ешқашанда, 
Үш жүздің бектеріне хат жолдаған. 
 
Шығай хан алдағы істі көре білген, 
Жармақтың зорлығына көңіл бөлген. 
Сібірді кәпірлерден қорғау үшін, 
Татар ханы Көшімге көмек берген. 
 
Ортақ жау мұсылманның елдеріне, 
Қызыққан орман, көлді жерлеріне. 
Ит Жармақ мақсұтына жете алмаған, 
Жолығып татар жұрты ерлеріне. 
 
Шығайдың үш ұлы да жақсы болып, 
Олар да жас кезінен қол бастаған. 
Қатер төнген шақтарда амал тауып, 
Ерлікте ол сұлтаннан жан аспаған. 
 
Сақтаған бабалардың тәуір салтын, 
Бұзбаған Үш жүзімнің елдік қалпын. 
Дұшпанға төтеп беріп беделді боп, 
Асырған Қазағымның ерлік даңқын. 
 
Отырған бірінен соң бірі хан тағына, 
Тәуекел, Есім, Жәңгір, Шығай*, Тәуке. 
Солардай көсем болса, өкінбес ек, 
Үш жүзді басқаратын жұрт қып жеке. 
 
Әз Тәукемен замандас, аты шыққан, 
Бірі – сұлтан, бірі – ер, қос Тәуке өтті. 
Тірісінде қалмақтан жұртын қорғап, 
Елімнің тұтастығын сақтап кетті. 
 
Бұл күнде тап солардай бір төре жоқ, 
Осыны ескеріңдер, шонжарларым. 
Шыдаңдар қиындыққа жүнжімеңдер, 
Сынбасын тіршілкте ажарларың. 
 
Уағазға құлағың сал бек пен биім, 
Демеңдер мынау төре, мынау қара. 
Қамал бұзар ортадан біреу шықса, 
Сол ердің сөзін тыңдап,  мыңға бала. 
 
* Шығай – Салқам Жәңгірдің туған інісі, ағасынан кейін 1652-1680 жылдар 
аралығында  Үш  жүздің  ханы  болыпты.  Ол  жастай  жетім  қалған  інісі 
Тәукені тәрбиелеп өсірген. 
 
 

 

*  *  * 
Мұратқа пенде жетпес ізденгенмен, 
Мақсұты орындалмас көздегенмен. 
Дүниеден сап-сабымен өтті ерлер, 
Найзасын оңды-солды кезенгенмен. 
 
Мың рет орансаң да беренменен, 
Кірерсің жер қойнына денеңменен. 
Қолыма қобыз алып, әнмен шырқап, 
Айтайын бүгінгі істі өлеңменен. 
 
Тараған алуан түрлі бізден өлең, 
Зарлы ән мен зарлы күйді тыңда менен. 
Апатты мына келген жыр етейін, 
Сергісін құйма болат кәрі денем. 
 
Өткенді бүгінгімен ұштастырып, 
Жайларды бастан кешкен тұтастырып. 
Оқиғасын соңғы он жылдың қоса айтып, 
Жырлайын осы кезбен ұластырып. 
 
Азырақ бұрынғыны еске алып, 
Сөйлейін әр жылдарға назар салып. 
Мән-жайды өлеңімнен ұғын жастар, 
Жүрмеңдер сезбедік деп қапы қалып. 
 
Көрші елге батырлықпен даңқым жеткен, 
Сібірдің батыс жағын мекен еткем. 
Керейде Толыбай сыншы кіші ұлы едім, 
Жырларым қазақ жұртын елжіреткен. 
 
Орта жүз Арғындағы асыл тектен, 
Анамның шыққан заты Сүйіндіктен. 
Жиырма ұлдың Көкжал туған ең кішісі ем, 
Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен. 
 
Бұла боп басты ордада өскен едім, 
Жасымнан халық қамын жескен едім. 
Самарқанд медресесін тамам еттім, 
Болар деп қиын жағдай ескермедім. 
 
Алдағы болар істі кім біледі, 
Бас құрау мәселесін шешкен едім. 
Сұлу ап Кіші жүзден Айша сынды, 
Тіршілік жағдайына көшкен едім. 
 
 
 

 

Майданда алдаспанға* ерік беріп, 
Дұшпанның көбін-азын тексермедім. 
Сауыт киіп, ту ұстап, тұлпар мініп, 
Жорыққа сан аттандым, сескенбедім. 
 
Жүйрікпен желдей жүйткіп ескен едім, 
Сынаққа қамал бұзып түскен едім. 
Көп шығып қан майданда жекпе-жекке, 
Найзалап жау өкпесін тескен едім. 
 
Жасында қалмақтарға тұтқын болып, 
Құтылған сыншылықпен Қарабас ер. 
Уәзірі Әз Тәукенің болған шақта, 
Жұтқызған көп жыл бойы жоңғарға шер. 
 
Сол ағам баулып мені жастайымнан, 
Садақты иіп жасап жас қайыңнан. 
Алтын жеңгем екеуі ерке өсіріп, 
Еш пенде шертпеп еді маңдайымнан. 
 
Ел қорғап, қол бастауда көшелі* едім, 
Қазақтың қатардағы шешені едім. 
Теріскей Сарыарқаны қыстайтұғын, 
Егіз ел Керей-Уақ көсемі едім. 
 
Тұтас ел жігі ажырамай, орнаған бақ, 
Ішінде Орта жүздің Керей-Уақ. 
Құт қонып, қыдыр дарып ерте кезден, 
Мекендеп Сібірде олар тұрған ұзақ. 
 
Астасқан Арқа-Сібір жерін жайлап, 
Жаз болса, бие менен іңген байлап. 
Теңге атып, бозбалалар көкпар тартып, 
Ән шырқар ақындары топта сайрап. 
 
Ат үсті аударыспақ ойын ойнап, 
Әр жерде келін түскен тойды тойлап. 
Сүннет той, қыз ұзату қуанышында, 
Күй тартар қыз бен жігіт гүл-гүл жайнап. 
 
Жігіттер көңілденіп, жалаң қаққан, 
Құрады той-думанда алтыбақан. 
Тербеліп әткеншекте қыз-бозбала, 
Сырласып бір-біріне мұңын шаққан. 
 
* Алдаспан – алмас қылыштың ескі атауы. 
* Көшелі – ысылған, қайралған деген мағынаны білдірер. 
 

 
10 
Есіл, Ертіс, Тобылдың тоғайларын, 
Ежелден елі-жұртым қыстап келген. 
Аң аулап, қан сонарда бүркіт салып, 
Жыл сайын кәсіп қылған нелер мерген. 
 
Ертіске екі беттеп халқым қонған, 
Төскейге қой мен жылқы, түйе толған. 
Біразы балташы мен ұста болса, 
Бірталай азаматтар дихан болған. 
 
Тоғайын Омбы өзені жұртым қыстап, 
Баптаған алғыр тазы, қыран ұстап. 
Ертеден Керей қоныс еткен Сібір, 
Қорғаған жаудан ерлер қару ұстап. 
 
Сібірдің батыс жағын мекендеген, 
Ен жайлап Керей-Уақ еркіндеген. 
Ту ұстап, “Ошыбайлап!” ұран салсам, 
Жігіттер бірі қалмай соңыма ерген. 
 
Баяндау шындық істі болар дұрыс, 
Қызылжар уәлаяты – біздің ұлыс. 
Көргенім жас шағымнан қанды майдан, 
Өтті ғой басымыздан талай ұрыс. 
 
Жасымнан ғаскер ерттім, сардар болып, 
Сырт жаудан ел қорғадым, жасап жорық. 
Салдық пен қолбасылық арқасында, 
Қазақтың жер жағдайын білдім толық. 
 
Өткерді қиындықты туған халқым, 
Сақтады дінін, тілін, ата салтын. 
Қорқамын қалмақтың дәу мылтығынан, 
Үш жүздің бұзама деп елдік қалпын. 
 
Жақындап дұшпан қазақ даласына, 
Қайғы кеп Үш жүзімнің* данасына. 
Қалмақтан екі жақтап қатер төнді, 
Ноғай* мен Қарақалпақ баласына. 
 
Дұшпанмен дайын бол деп шайқасуға, 
Насихат мұсылманға айтасың да. 
 
*Үш жүз – қазақ халқының екінші елдік атауы. 
*Ноғай деп жырау бұл арада Ноғай халқы ертеде Кавказға ауғанда, оларға 
ермей  қалып,  Қазақ  хандығының  қоластына  кірген  Ноғайдың  Қараағаш, 
Маңғыт руларын айтып отыр. 
 

 
11 
Сібірдің шығысынан ызғар келді, 
Татардың тоғыз бірдей тайпасына*. 
 
Білдіріп елі-жұртын сағынғанын, 
Көрген соң замананың тарылғанын. 
Әкесін барып көріп қайту үшін, 
Ұғындым бәйбішемнің қам қылғанын. 
 
Боларын ауыр күннің сезіп жүрек, 
Туысты көрмейміз бе, көрем бе деп. 
Тірілікте елін көріп қайту үшін, 
Өтініп жарқосағым қойды тілек. 
 
Тілегін Айшажанның қабыл алдым, 
Жүрмек боп алыс жаққа дайындалдым. 
Аттар мен азық, киім, қару қамдап, 
Бұл жайды ұлдарыма хабарладым. 
 
Қалған соң ата-анасыз қос жетімек, 
Асырап екі ұлға да еттім көмек. 
Белгісі мұсылманшылық сол болады, 
Тірлікте бір-біріне жәрдем бермек. 
 
Есімі қос жетімнің Айбек, Ермек, 
Үйреттім екеуіне нұсқа, өрнек. 
Сайысқа үлкен ұлдар баулыған соң, 
Ыңғайлы болды олар да қылыш сермеп. 
 
Баламдай қолымда өскен сол екеуі, 
Бізге еріп, Кіші жүзді болды көрмек. 
Өсіргем оларды да жауынгер қып, 
Жаттыққан дұшпандарға найза кезеп. 
 
Болғанмен өздері жас, ісі кесек, 
Екі ұлым бармақ болды Науан, Әсет. 
Ер жастап жорықтарда бастарына, 
Түнеген түзде астына тоқым төсеп. 
 
Барыстың қысы әйтеуір шусыз өтті, 
Ұзамай көктемдағы жылжып жетті. 
Басталып Наурыз айы жұрт қуанды, 
Төрт балам жол жабдығын дайын етті. 
 
*Татардың  тоғыз  тайпасы  деп  ақын  Сағай,  Боржіген,  Меркіт,  Оқғұт, 
Барабы, Ескер, Барын, Қарабаш, Қоралаш деген Сібір татарына жататын 
тоғыз руды айтады. 
 
 

 
12 
Туыс ел Арқадағы Арғын-Қыпшақ, 
Керейге хабар салды көмек сұрап. 
Еділден Кіші жүздер жәрдем күтті, 
Соларға қол жөнелттім сарбаз құрап. 
 
Бір інім Дәстем салдай қолды бастап, 
Майданға Арқадағы араласпақ. 
Аттанды ту көтеріп, қобыз тартып, 
Жер шолып, жан-жағына көзін тастап. 
 
Еділге бармақ болып қойып бетті, 
Жасақты ұлым Әди бастап кетті. 
Жайнатып жасыл туды ол да ұстап, 
Сыбызғы ап жорық күйін тартып кетті. 
 
Өткен күз жау жорығы саябырлап, 
Осы қыс тыныс алды жұрт байырлап. 
Інімді Асқап дейтін шора* сайлап, 
Мен болдым Сыр бойына сапар қылмақ. 
 
Дәл биыл елу бірге келген жасы, 
Інімнің домалаған өрге тасы. 
Өткізген сан майданды өз басынан, 
Керейде Асқап еді ғаскербасы. 
 
Бойларын ерлік, өнер кеткен кернеп, 
Ойы бар, жау жолықса, соққы бермек. 
Ту ұстап, тұлпар мініп, сауыт киген, 
Төрт ұлым: Науан, Әсет, Айбек, Ермек. 
 
Айтқан сөз асылыққа жазбасын деп, 
Ел-жұртым жауға жем боп азбасын деп. 
Шабуыл басталарын халқыма айттым, 
Қапыда дұшпан орын қазбасын деп. 
 
Басталмай елге жорық шықтым сыртқа, 
Қоштасып аға-інім мен қалың жұртқа. 
Көсем боп Керей-Уаққа Асқап қалды, 
Болам ба алпыс бірде көпке тұтқа. 
 
Батыс Сібірдің елі боп тұрған ұзақ, 
Қош бол деп туған жұртым Керей-Уақ. 
Көргенше енді айналып есен болғай, 
Дедім мен қыдыр түнеп, орнасын бақ. 
 
* Шора – аймақ билеушісі. 
 
 

 
13 
Боларын шабуылдың болжап кеттім, 
Жағдайын ел-жұртымның ойлап кеттім. 
Жан-жаққа қарауылдар сарбаз қойып, 
Асқапты қолға сардар сайлап кеттім. 
 
Ағамның Қарабастай баласы – Асқап, 
Өзіме серік болған ғаскер бастап. 
Майданда қуат болған жан бауырым, 
Жұртыма жолатпаған жауды жасқап. 
 
Барам деп Кіші жүзге болып іңкәр, 
Біз міндік астымызға қос-қос тұлпар. 
Төртеуі төрт жүз жауға төтеп берер, 
Ұлдарым қасыма ерген алып сұңқар. 
 
Еш пенде болжай алмас сапар алдын, 
Екі ұл мен екі атқосшы ертіп алдым. 
Шаттанып сыбызғыны алып қолға, 
“Құдая, бағымды аш!?” – деп, кете бардым. 
 
Мақтану еш пендеге жарамайды, 
Тәңірім мақтанғанды қаламайды. 
Алда болар зор қауіп ойды бөліп, 
Бойыма ішкен асым тарамайды. 
 
Өлмей пенде қалмаған айтсам ашық, 
Ажалдан құтылмаған ешкім қашып. 
Пенденің өлшеулі уақыты бітері анық, 
Жүргенмен сұм жалғанда маң-маң басып. 
 
Басында сәуір айы шықтық жолға, 
Дедік біз Алла, аруақ өзің қолда. 
Ай жүріп, қайын жұртқа келіп жеттік, 
Көрместен ешбір бейнет ұзақ жолда. 
 
Қайын жұрт Байұлыда Есентемір, 
Көсемі-Қабыланбек би адал көңіл. 
Бәйбішем сол Қабыланның жалғыз қызы, 
Қайнағам Айбасқали, Ерсен, Өмір. 
 
Қарсы алды қуанысып жас пен кәрі, 
Жиналып қайын жұрттың келді бәрі. 
Сұрасып амандықты шат көңілмен, 
Басталып кетті мәжіліс одан әрі. 
 
Айшажан елі-жұртын келіп көрді, 
Көрісіп Қабылекеңе сәлем берді. 
 

 
14 
“Алыстан әдейі арнап келдіңдер”, - деп, 
Үлкендер разы боп көңілденді. 
 
Той-думан жүрген жерім жиын болды, 
Ат-түйе ел тартуы сыйым болды. 
Жұртыма зор шаттықпен қайтар кезде, 
Басталып қырғын соғыс қиын болды. 
 
Көбейіп әр аймақта жойқын ұрыс, 
Жарқылдап басты кесіп алмас қылыш. 
Ауыр күн ел басына орнаған соң, 
Тоқталды қатынас пен ұзақ жүріс. 
 
Құлдырар болғаннан жағдайымыз, 
Шөліркеп қататын боп таңдайымыз. 
Қолданар күшті қару болмаған соң, 
Қайтатын боп тұр жаудан маңдайымыз. 
 
Мәңгілік баянды емес тақтың өзі, 
Әркімге қона бермес бақтың өзі. 
Есіркеп мұндай ауыр кезеңдерде, 
Біздерге пана болсын Ақтың* өзі. 
 
Келем деп мейман болып Қуаң Сырға, 
Қайта алмай көп қиналдық біз де қырға. 
Жұртымның күйзелісін көзбен көріп, 
Қобыз ап қосып тұрмын мұңлы жырға. 
 
Татар, Естек*, Ноғай атым жеткен, 
Қайтпайтын жауынгер ем алған беттен. 
Келем деп қайын жұртқа жыр шығардым, 
Елімнің күйін көріп жапа шеккен. 
 
Жұртымнан неге аяйын өнерімді, 
Жоғалтпан тірі жүріп беделімді. 
Халқымның ауыр халін баян етіп, 
Бастайын “Елім-ай!” – деп өлеңімді. 
 
Айтылар көптің мұңы болса жиын, 
Ондайда ер сөзінде болар түйін. 
Шығарған осы жырмен қоса қабат, 
Аталсын “Елім-ай!” – деп ән мен күйім. 
 
* Ақ (Хақ) – Алла, құдай, Тәңірі деген мағынаны білдіретін атау сөз. 
* Естек – Башқұрт халқын құрайтын екі тайпалық одақтың бірі. 
 
 
 

 
15 
ӨТКЕН КЕЗЕҢ. 
 
(Ақтабан шұбырындының алдындағы оқиғалар) 
 
Атыма көптен қанық Қазақ, Ноғай, 
Есімім – Қожаберген, әкем – Толыбай. 
Бөгенбайдан бұрынғы ордабасы ем, 
Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай. 
 
Қалмақтың қамалдарын бұзған талай, 
Әз Тәуке тұсындағы қолбасы едім. 
Кейінгі ақындарға нұсқа айтқан, 
Қазақтың аға жырау жорғасы едім. 
 
Серілікпен жаста шарладым, 
Қазан мен Кемер* арасын. 
Ата жаудан қорғадық, 
Мұсылманның баласын. 
 
Жасымда жасап сан жорық, 
Байкөлден аса мен бардым. 
Сол жақтан қалмақ келгенін, 
Жаста болсам аңғардым. 
 
Ордабасы боп жүріп, 
Көп ел мен жерді таныдым. 
Тастарына таулардың, 
Найзамның ұшын жаныдым. 
 
Шығыстың елін еске алып, 
Уайымды бойдан серпейін. 
Ішке бәрін сақтамай, 
Азырақ сыр шертейін. 
 
Жау қалмақтан қайтарып, 
Әкеп беріп малдарын. 
Тілмаш тауып сөйлеттім, 
Шор, Тұба, Саха шалдарын. 
 
Жатқызады олар өздерін, 
Татардың ескі жұртына. 
Алаш тауын біз көрдік, 
Алтайдың шығыс сыртында. 
 
*  Кемер  –  Ресейге  қарасты  Кемеровск  қаласы  орналасқан  қоныстың 
бұрынғы атауы. 
 
 

 
16 
Бабалардың дәуірі, 
Бөленген талай кезеңге. 
Өтеді екен сол тұстан 
Алаш деген өзен де. 
 
Жағасына қосын қондырып, 
Өзеннен атты суардық. 
Бабамыз Алаш жері деп, 
Аралап тауын қуандық. 
 
Кездестірдік сол жерде, 
Татардың руы – Сағайды. 
Өздеріне байғұстар, 
Бізді де туыс санайды. 
 
Ауылдарын аралап, 
Жөн сұрасаң Сағайдан. 
Қалмақтармен соғысып, 
Қанына әбден қарайған. 
 
Көп соғысып жоңғармен, 
Азайса да сандары. 
Біздерді көріп қуанып, 
Атқандай болды таңдары. 
 
Дінін, тілін, салтын да, 
Жоймақ болып қалмақтар. 
Татардың Сағай еліне, 
Қиын бопты жан сақтар. 
 
Қорлығынан қалмақтың, 
Тап болса да тұрмыс ауыры. 
Мұсылмандығын сақтаған, 
Сағайдың аз қауымы. 
 
Пана тұтып біздерді, 
Көшті Сағай Том жаққа. 
Біз сияқты олар да, 
Сиынды Алла, аруаққа. 
 
Бөлініп қалған Сағайлар, 
Ұзақ жыл Татар тобынан. 
Табысып туған халқымен, 
Айы туған оңынған. 
 
 
 
 

 
17 
Ұста қыстақ* өңіріне, 
Сағайлар келіп орнықты. 
Ұмыта алмас тірілікте, 
Қалмақтан көрген қорлықты. 
 
Ұста қыстақ, Кемердің, 
Арасын Меркіт мекендеп. 
Жақын тартты Сағайды, 
Туысқан тайпа екен деп. 
 
Көк көз, сары Меркіт те 
Татардың бір бұтағы. 
Қалмақ шапқан кезінде, 
Шаруасы оңбай жұтады. 
 
Оңғұт пенен Боржіген, 
Татардың еді руы. 
Көрінді анық олардың 
Сағайға іш бұруы. 
 
Меркіт, Сағай, Оңғұттар, 
Табысып қайта бірлесті. 
Ел, жерін қорғап халхидан*, 
Табан тіреп күресті. 
 
Ағайын етті Сағайлар, 
Барабы, Барын, Ескерді. 
Қазақ пен Татар бірігіп, 
Ойратты жеңіп еңсерді. 
 
Рулы ел боп Сағайлар, 
Отыз бес жылда ес жиды. 
Келіп-кетіп саудамен, 
Қазақтан көрді көп сыйды. 
 
Тыңайған аз ел Сағайға, 
Жаулар қалды жақындап. 
Соқтықпай алыс жүрсе де, 
Қоймады ақыр тақымдап. 
 
Міне, сол момын Сағайды, 
Тағы да қалмақ жем қылды. 
Тартып алып қонысын 
Күнкөрістен кем қылды. 
 
*  Ұста  қыстақ  –  Ресейге  қарасты  Новокузнецкий  қаласы  орналасқан  жердің  мұсылманша 
атауы. 
* Халхи – қалмақхалқын құрайтын ірі тайпалардың бірі. 

 
18 
Шабуыл жасап Торғауыт, 
Боржігендерді талады. 
Қанға бояп жерлерін, 
Мал-мүлкін тартып алады. 
 
Атқылады жау мылтықпен, 
Татардың жұрты – Оңғұтты*. 
Шабуылдары қалмақтың, 
Мұсылмандарды қорқытты. 
 
Шапты тағы Жоңғарлар, 
Татардың елі – Меркітті. 
Жер-суынан айырып, 
Байғұстарды үркітті. 
 
Қалмақ жаулап алыпты, 
Қытайдың жұрты Солонды. 
Ел шапқанға қуанды, 
Болғандай бір жолы оңды. 
 
Шығыстан кәпір қалмақ бас салғанда, 
Оларда да болмады оқ пен дәрі. 
Осы аталған елдерді жаудан қорғап, 
Тер төккен қазағымның батырлары. 
 
*  *  * 
Сұмырай халдан Бошох дүниеден өтіп, 
Ұлдары орнын басар қалды жетіп. 
Күшігі Сыбан Рабтан таққа отырды, 
Қалмаққа хонтайжы боп билік етіп. 
 
Туысы халдан Бошохтың малғұн Сеңге, 
Санады көрші елдерді ылғи кемге. 
Аңсары күннен-күнге ауа берді, 
Басып ап басқа жерді мекендеуге. 
 
Халдан Бошохтың інісі – Сыбан Рабтан, 
Көрші елді жауламақ боп көз алартқан. 
Бұйратты*, Халхиды да қосып алып, 
Татардың Барабысын келіп шапқан. 
 
Татардың бір тайпа елі, аты – Барын, 
Олардың қалмақ алды ат пен нарын. 
Жер-суын Жоңғар басып қалғаннан соң, 
Болды ғой байғұстарға дүние тарын. 
 
* Оңғұт, Сағай, Боржіген, Меркіт – бәрі,Сібірдегі татардың рулары. 
* Бұйрат – Бурят, ол – қалмақ тайпаларының бірі. 

 
19 
Барынның жерін қалмақ бұрын алған, 
Терістік шығыс Алтайға ойран салған. 
Айырылып Алтайдағы қонысынан, 
Барындар Түмен жаққа ауып барған. 
 
Сыбан Рабтан бастаған кәпір қалмақ, 
Ескер мен Құралашты қатты шапқан. 
Барын мен Барабыны тағы тонап, 
Жылатып мұсылманды олжа тапқан. 
 
Сұңқар мен Қарабашты Ойрат шапты, 
Татардың бірталайы қаза тапты. 
Қалғаны бас сауғалап, жылап-еңіреп, 
Жалма-жан қазақ жаққа көше қашты. 
 
Баранның Алтайда тек есімі қалды, 
Түменде Керейлерге паналады. 
Қалмақтар Қарқабатқа* жеткен кезде, 
Татарлар Орта жүзді сағалады. 
 
Көңілі халхи, жоңғар судай тасты, 
Сібірдің татарларын бірден басты. 
Қазақтан көмек сұрап Құралаш, Ескер, 
Шошынын дәу мылтықтан қатты састы. 
 
Дұшпандар биылғы жыл өте сұсты, 
Татарға апат келіп, қайғы түсті. 
Керейге паналауға көшкен Ескер, 
Тап болып жау оғына зәресі ұшты. 
 
Татарлар Керейлерге паналаған, 
Ел көріп Орта жүзді жағалаған. 
Қазақтар қамқорына алғаннан соң, 
Жартысы Барабы, Ескер аман қалған. 
 
Шабылып жау қалмаққа болып қолды, 
Сібірдің татарлары быт-шыт болды. 
Мұсылман баласына босқа өшігіп, 
Сыбан Рабтан ит шықты қанды жолды. 
 
Қарабаш, Құралаш пен Барабы, Ескер, 
Сібірді мекендеген татар жұрты. 
Атысар күшті мылтық болмаған соң, 
Соққы жеп кетті олардың жаман сұрқы. 
 
*  Қарақабат  –  Барабы  руы  (Татардың)  мекендеген  қоныстардың  бірі,  бұл  қоныс 
осы күнде Ресейге қарасты Новосибирский облысына қарайды. 
 

 
20 
Бір жағынан төндіріп Естек қауіп, 
“Жылқымды алдыңдар” – деп, жала жауып. 
Көрші елдің айтағына ерген Башқұрт, 
Татардың Сұңқар елін кетті шауып. 
 
Сібір Татары Ресейге қараса да, 
Ол елдің ісін Орыс жөн көрмеді. 
Жоңғарлар татарларды шапқан кезде, 
Ресей қалмақтарға қой демеді. 
 
Жердің елсіз қалғанын хош көрді Орыс, 
Оларға қажет болды иесіз қоныс. 
Қоластындағы татарға көмектеспей, 
Ресей қыр көрсетті тіпті жолсыз. 
 
Жау қалмақ оған дейін көп жерді алған, 
Хас пен Саха жұртына ойран салған. 
Қырғыздың Енесайда қалғандарын, 
Жоңғардың жыртқыш қолы* жаулап алған. 
 
Ойраттар Алтай жағын басып алды, 
Аямай тұрғын жұртты ойрандады. 
Қырғыздың Шор, Тұбадай әлсіз елін, 
Доп атып дәу мылтықтан жотап салды. 
 
Береке Шор, Тұбадан қашып қалды, 
Мылтықтан қорқып Қырғыз жасып қалды. 
Табиғы* болған елден ғаскер жинап, 
Соғысты созуға жау даярланды. 
 
Шор, Тұбаны кей шежіреші Татар дейді, 
Бірге өскен Хас, Сахамен қатар дейді. 
Шыңғыс хан көшкен кезде ермей қалған, 
Қырғызға содан бастап жатады дейді. 
 
Сыбан Рабтанның баласы Халдан Серен, 
Жазықсыз Түрік жұртын* қыра берген. 
Доп атып дәу мылтықтан үсті-үстіне, 
Жылатып мұсылманды* қуа берген. 
 
Аузынан көршілердің асын жырып, 
Себепсіз көп елдердің қанын төгіп. 
 
* Қолы - әскері, жасағы деген мағынаны білдіретін сөз. 
* табиғы деген ескі сөз, ол тәуелді, бағынышты деген мағынаны білдіреді. 
*  Түрік  жұрты  деп  те,  мұсылманды  деп  те  ақын  Сібір  татары  мен 
қазақты, шалабай башқұртын айтып отыр. 
 

 
21 
Байыған тонауменен қалмақ сұмырай, 
Қасқырдай тояттанды майға бөгіп. 
 
Жоңғарға Дүнген, Сібе дихан болып, 
Шор*, Тұба*, Саха* мен Хас* малшы болып. 
Шаруасын тәуелді елдер атқарған соң, 
Жауыздар дәулеттенді, бақыт қонып. 
 
Алтын, күміс, мал беріп аямай-ақ, 
Орыстар мен Қытайдан білгір жалдап. 
Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға, 
Ғаскерін үйреттірді он жыл қамдап. 
 
Қамданса да соғыстан тыйылмады, 
Құдайға кәпір қалмақ сыйынбады. 
Жартысын жасағының аттандырып, 
Көршісін жерден қуып сыйғызбады. 
 
Дариға-ай, қалмаққа өнер қайдан келсін, 
Тетігін дәу мылтықтың қайдан білсін? 
Он жылғы мол жабдықпен келіп шапты, 
Дегендей қайратымды қазақ көрсін! 
 
Өнерді надан қалмақ меңгерген жоқ, 
Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ. 
Көрші екі ел* мылтық беріп айдап салды, 
Әйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ. 
 
Қалмақтың шыққан тегі-манжор екен, 
Байкөлдің ар жағынан келген екен. 
Хоролұқ деген арғы Хантайжысы, 
Көп елді жаулап алам деген екен. 
 
Сол иттің бастап кеткен лаңы да, 
Көп құйған күшігінің құлағына. 
Басқа елдерді жаулауға құмарытып, 
Қалмаққа қан төккіштік ұнады да. 
 
Маңғұл татар болғанда*, қалмақ басқа, 
Сұм қалмақ әкелді ажал кәрі-жасқа. 
Көп халық Торғауытты қарғаса да, 
Тұмсығы тимей тұр ғой оның тасқа. 
 
* Шор, Тұба,Саха, Хас – төртеуі ескі қырғыз тайпалары. 
* Саха – қазіргі Яқұт халқы, Хас – қазіргі хакас халқы. 
* Көрші екі ел деп жырау Ресей, Қытай елдерін айтып отыр. 
* Маңғұл-Татар болғанда, қалмақ басқа деп ақын Маңғұлдың Татарға жататынын 
ашық айтады да, қалмақтың жат ел екенін анық көрсетіп айтады.
 

 
22 
Татарды қуған ойрат бізге жетті, 
Жыл сайын шабуылды жиілетті. 
Қалмақтар қорғасын оқ жаудырғанда, 
Мылтықсыз мұсылманның есі кетті. 
 
Қарқабат, Тармақкөлді кәпір алып, 
Бекінген Үшбұлаққа  салық салып. 
Жантекей*, Тоқымбет* жалы тағы қалды, 
Сол шақта ел жылады қайғыланын. 
 
Жоңғарлар дәу мылтықты қолданған соң, 
Керейдің біраз жері қолдан кетті. 
Шайқасты кәпірлермен сарбаздарым, 
Бел буып тәуекелге қойып бетті. 
Қарашада топ ат тұяғынан мұз ойылып, 
Көп қалмақ Омбы өзенде суға кетті. 
 
Сан өтті қолдан-қолға Омбы өзені, 
Соғыстың ауыр тиді бұл кезеңі. 
Қалған соң ата мекен жау қолында, 
Өртенді соны ойлап жұрт өзегі. 
 
Жау қалмақ оқ атсада оң мен солдан, 
Майданда айнығам жоқ ерлік жолдан. 
Ежелден Керей мекен еткен Сібір, 
Қалайша шығарамын оны қолдан. 
 
Қыс түсіп, Омбы өзенде соғыс тоқтап, 
Қалмақтар дайындалды мылтық оқтап. 
Біз-дағы хал-хадари мылтық соқтық, 
Жоңғарда кеткен көптің кегін жоқтап. 
 
Көктемде майдан ашты Халхи, Жоңғар, 
Сібірдің Түрігіне шашып ызғар. 
Қойдықта тосқауылға мергендерді, 
Батырлар жауға шапты қамал бұзар. 
 
Соғысты Омбы өзенде көзбен көрдім, 
Дұшпанға қолма-қолда соққы бердім. 
Майданда мылтық аз боп атысарға, 
Жігерін құметті ғой талай ердің. 
Қол оқпен қалмақтарды сан сұлатқан, 
Ерлігін көрдік бүгін мүридтердің*. 
 
* Тоқымбет – Орта жүз Ашамайлы керейдің бір бұтағы. 
* Жантекей де Керейдің бір бұтағы. 
*Мүридтер деп ақын діние шәкірттерді айтып отыр. 
 

 
23 
Төнген соң найза ұрыста үлкен қауіп, 
Ордостар оқ боратты амал тауып. 
Шар түсіп, маңымызға жарылған соң, 
Ештеңе өндірмедік жауға шауып. 
 
Шырақтар оқ жаудырды өршеленіп, 
Тастауға Омбы өзеннен бізді бөліп. 
Еріксіз шегінуге мәжбүр болдық, 
Адамға, ат пен нарға қатер төніп. 
 
Сан рет дәу мылтықтан атылды доп, 
Оған қайрат қыларлық бізде түк жоқ. 
Өлгені адамзаттың есеп емес, 
Дұшпанның көздегені дүние боқ. 
 
Жер алу жоңғарлардың есі-дерті, 
Мықты екен Ресеймен еткен серті. 
Көбейді қалмақтардың үсті-үстіне, 
Әр жерде қайта-қайта салған өрті. 
 
Тастауға Омбы өзенін ақыр көндім, 
Ептеуге жан шығынын көңіл бөлдім. 
Ойратпен бір жарым ай ұрыс салдық, 
Маңында Ашамайлы дейтін көлдің. 
 
Ордос, Шарақ қалмақтың елдері екен, 
Осора өзен бойы жерлері екен. 
Үш ғасыр уақыт бойы жылжи-жылжи, 
Кеңейткен қоныстарын кездері екен. 
 
Керейден Омбы өзенін тартып алды, 
Ертіске орнап Халхи жатып алды. 
Көк шалғын қазақ жерін қанға бояп, 
Жауыздар сахарамда лаң салды. 
 
Керейді күнбатысқа сырып салып, 
Торғауыт Ертіс бойын басып алып. 
Теріскей шығыс жақтан енген кәпір, 
Соқтықты елімізге мазаны алып. 
 
Ертістің батысына өтіп алды, 
Доп атып жиі-жиі бүлік салды. 
Шегіндік мылтық бізде аз болған соң, 
Сибан көл, Тарышы көлі жауда қалды. 
 
Ежелден ата-бабам қоныстанған, 
Орманда, ішкі ашыққа қыстау салған. 
 

 
24 
Ертіске Омбы өзені құяр жерін, 
Айнала тоғаймен қалмақ алған. 
 
Аққас* көл, Қарақас* көл және қалды, 
Жастабан* жалын қоса ойрат алды. 
Аянбай табан тіреп соғыссақта, 
Жылжымай сол араға шебін салды. 
 
Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге, 
Сын болды қол бастаған біздей ерге. 
Шегіне ұрыс салып ақырында, 
Тірелдік Танаш көл мен Аббас көлге. 
 
Бекініп екі көлдің арасына, 
Шатырды тігіп судың жағасына. 
Отырдық Көшебе орман қойнауында, 
Жауынгер дәрі жағып жарасына. 
 
Бөгеуге күшті салып жанталастым, 
Жасымнан Торғауытпен найзаластым. 
Майданда дәу мылтықтан алыс тұрдық, 
Ғұмырын сақтамақ боп өңшең жастың. 
 
Болсада ерлігі мен көпке мерей, 
Мылтықсыз әлсіреді біздің керей. 
Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, 
Үздіксіз шабуылдап есе бермей. 
 
Алмақ боп көп мылтық пен жақсы қару, 
Мақсұты болғаннан соң жұрты шабу. 
Керейден тартып алған Омбы өзенін, 
Орысқа кәпір қалмақ етті тарту. 
 
Амалсыз Ертіс бойын тастап шықтық, 
Дұшпанның бой бермесін әбден ұқтық. 
Ор қазып, Есілкөлде жолын бөгеп, 
Соғысып қолма-қолды қалмақты ұттық. 
 
Сардардың бірі інім – Дәстем алып, 
Көп қырды кәпірлерді күшін салып. 
Найзалап жекпе-жекте қалмақтарды, 
Лақтырды бірнешеуін аттан алып. 
 
Тоқтады жау Есілкөлден өтпей бері, 
Жоңғарда кетіп тұр ғой елдің кегі. 
Бұл майдан екі жаққа да ауыр соғып, 
Көп төгілді ерлер мен аттар тері. 
 

 
25 
Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық, 
Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық. 
Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда, 
Найза ұстап, садақ асып, қарсы шықтық. 
 
Соғыстан Ресей, Қытай босамаған, 
Сонда да жерімізге көз тастаған. 
Өздері бізге жорық жасамаған, 
Халхилар солар үшін іс бастаған. 
 
Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды, 
Бұл соғыс Ресей үшін дұрыс болды. 
Қалмақты жабдықтаған қос көршінің, 
Әуелден көздегені қоныс болды. 
 
Жазықсыз шапқан талай елімізді, 
Боялтқан қызыл қанға жерімізді. 
Ата жау күншығыстан шабуылдап, 
Қайнатты іште жатқан кегімізді. 
 
Терістік жаққа өтіп орап алды, 
Жылатып көп ауылды тонап алды. 
Күшіңді Қожаберген көрейін деп, 
Доп атып, дәу мылтықтан сынап алды. 
 
Танытып сарбаздарға оң мен солын, 
Басқардым Керей-Уақ, Татар қолын. 
Қалдық деп бір күн өліп, бір күн туып, 
Бөгедік ұрыс салып дұшпан жолын. 
 
Бұғалық қолма-қолда жауға тастап, 
Дұшпанды тұтқын етті інім – Асқап. 
Қорқып қашқан қалмаққа жете алмадым, 
Қос атым жараланып, аяғы ақсап. 
 
Пайдасы бізге тиіп берме-бірдің, 
Жер құшты бірталайы қанішердің. 
Оқ тиіп Есілкөлде қос тұлпарға, 
Қасқа ат пен торы ат басын жерге көмдім. 
 
Майданда жауға жебе сан бораттым, 
Қасқа ат пен торы атты да көп жараттым. 
Ақыры екеуінің де басын көміп, 
Жіліктеп қалың қолға ет тараттым. 
 
Қарақшы торғауыттар әкелді індет, 
Сасытып шикі ет жейтін өңкей жендет. 
 

 
26 
Қазақта әкесінің құны бардай, 
Жасады зор шабуыл бізді күндеп. 
 
Терістік жағымыздан орап өтіп, 
Шалабай Естегіне Жоңғар жеткен. 
Атқылап оларды да дәу мылтықпен, 
Жазықсыз кәрі-жастың қанып төккен. 
 
Қалмаққа шамалары жетпеген соң, 
Естектер бізге қарай ауып кеткен. 
Орыстың мылтығымен қаруланып, 
Орал тау шығысына жаулар жеткен. 
 
Босаған соң қуанып талай қоныс, 
Қалмаққа алғыс айтқан билікті орыс. 
Тоқтатып сол арада қалмақтарды, 
Оларға сыйлық берген ұлық орыс. 
 
Қалмақтар салған кезде елге жара, 
Естекке, Татарға да түспей ара. 
Орыстар жоңғарларға қой демеді, 
Болған соң мұсылманға көңілі ала. 
 
Естекке, Татарға да үстемдік қып, 
Орыстар ол екі елге салық салып. 
Оларды өздеріне табиғы қып, 
Алымын жүретұғын жинап алып. 
 
Естек пен Татар жұрты Сібірдегі, 
Қазаққа иек сүйеп көңілденді. 
Төлемей соңғы жылдар орысқа алым, 
Кәпірмен қақтығысу жиіленді. 
 
Сол үшін қалмақты орыс айдап салды, 
Естек пенен Татардан өшін алды. 
Еріксіз мұсылманды тайдырған соң, 
Мұңайып өзен, көлдер иесіз қалды. 
 
Шаттанып бекінісін орыс салды, 
Мекені Естек, Татар жауда қалды. 
 
*  *  * 
 
Соғысты күшейтуде қалмақ енді, 
Боялтып қызыл қанға шеткі жерді. 
Алтайдың қазақ тұрған өңіріне, 
Жоңғардың ғаскерлері басып кірді. 
 

 
27 
Алтайда салып ойранды, 
Ойраттар шапты Найманды. 
Дәу мылтықтан шар түсіп, 
Бақыты елдің тайған-ды. 
 
Соғысып Найман қалмақпен, 
Бес жыл уақыт өткен-ді. 
Дәу мылтықтан беті қайтып, 
Жеңілер күндер жеткен-ді. 
 
Алтайды ақыр жау алып, 
Найманнан хал кеткен-ді. 
Жер-суын тастап қалың ел, 
Жетісуға қарай көшкен-ді. 
 
Алтайды қалмақ алған соң, 
Жайсаңға қарай жол тартты. 
Дәу мылтықтан доп атып, 
Ондағы елді зарлатты. 
 
Жайсаңнан қуып Найманды, 
Қалмақтар қанат жайған-ды. 
Тарбағатайды алмақ боп, 
Жаулар тағы ойланды. 
 
Тарбағатай үшін тағы да, 
Наймандармен соғысты. 
Мылтықтан оқ жаудырып, 
Қыздырды қалмақ ұрысты. 
 
Үсті-үстіне атқылап, 
Қазақты естен тандырды. 
Мылтығы жоқ наймандар, 
Амалсыз жауға алдырды. 
Тарбағатай тауын ақыры, 
Қалмақтарға қалдырды. 
 
Орап өтіп Найманды, 
Шыңғыстауға жау жетті. 
Арғынға салып бүлікті, 
Мылтықты кәпір әндетті. 
 
Аягөз бен Шыңғысқа, 
Қалмақтар көзін тігіпті. 
Жеті момын Арғындар, 
Жау жеңерін біліпті. 
 
 

 
28 
Сонда дағы берілмей, 
Соғысып жаумен көріпті. 
Тойтарыс беріп кәпірге, 
Үздірмек бопты үмітті. 
 
Дәу мылтықтан доп атып, 
Беттетпепті қазақты. 
Мейірімсіз қалмақтар, 
Әкелді жұртқа азапты. 
 
Ежелдеп мекендеген Шыңғыстауды, 
Тобықты, Құрлеуіт пен Қанжығалы. 
Жүргізбей бөгеу үшін ата жауды, 
Соғысып жер-су үшін күшін салды. 
 
Арғынның аты аталған үш руы, 
Бөгенбай Ақшаұлының елдері еді. 
Соғысып жоңғарларға бой бермеген, 
Қазақтың маңдай алды ерлері еді. 
 
Шыңғыс пен Аягөзді қалмақ алып, 
Бөгендей қолбасшыны қалжыратты. 
Шама жоқ дәу мылтыққа қарсы тұрар, 
Қазақтар жерін тастап абдырапты. 
 
Тобықты, Канжығалы, Күрлеуіттер, 
Қоныссыз қалғаннан соң Сырға ауды. 
Балқаштың шығысында тойтарды олар, 
Өкшелеп қуып келген қалмақ жауды. 
 
 
*  *  * 
 
Ойғырдың анасы – Қытай, атасы – Түрік, 
Қытаймен көрші тұрды жиенсініп. 
Соқтығып Қарақалпақ ағайынға, 
Шетінен жұртымыздың салды бүлік. 
 
Дүнгеннің анасы – Қытай, атасы – Араб, 
Жатпады олардағы текке қарап. 
Ұрынып Найман – Қоңырат, Жалайырға, 
Мазасын кетірді, елдің шабуылдап. 
 
Торпаннан Ойғыр жері қашық еді, 
Тибетпен сиыса алмай қажып еді. 
Сыбан Рабтан Ойғырдан ғаскер алып, 
Алға сап майдан жолын аршып еді. 
 

 
29 
Жау қуып Қарақалпақты Тұрпанды алды, 
Жұрт ауып, Хобда бойы босап қалды. 
Ел қашып, өлке иесіз қалғаннан соң, 
Ол жерге қалмақтар кеп қоныстанды. 
 
Тұрпан, Хобда, Ақсу мен Құлжа Төрткөл, 
Қызыл күре-бәрін де қалдырған соң. 
Босқынға Қарақалпақ халқы айналды, 
Шапқыншы Бұйрат естен тандырған соң. 
 
Бектері Ойғыр, Шүршіт болып найсап, 
Тонады көшкен елді сан атой сап. 
Күншілдік мұсылманға кесір болды, 
Бимәлім замананың сырын айтсақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет