Конструктивтік әрекет және оның түрлері
Мектеп жасына дейінгілерді оқытудың ұйымдастыру формасы
Оқытудың формалары: Жеке, топтық, фронтальді, Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Оқыту әдістері: Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау,Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы, Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар ойындарының сюжеті мен мазмұны
Ойын – мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Балалардың ойын іс әрекетінің бір түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжеттік рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған әлемдегі заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын,ойында бала іштей еркіндіктің сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез-келген ситуацияға кіре де алады, қалаған оқиғасын бастан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоциналды рең береді. Сюжетті рөлді ойындардың құрылымы: сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары. Ойын сюжеттері әр түрлі: тұрмыстық ойындар, балабақша, жанұя т.б.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ойын амалдары, ережелері. Балалар өмірінде маңызды орын алатын оқиғалар ойын арқылы көрініс табады.
Сюжетті-рөлді ойынның дамытушылық маңызы зор. Ойында бала өзін қоршаған әлемді таниды, сондай-ақ ойлау операциялары, сезімі, еркі жетіледі, құрбыларымен қарым-қатынасы қалыптасып, өзін-өзі бағалауы мен өзіндік санасы орнығады, адамгершілік қасиеттері дамиды. Сюжетті рөлді ойынның бір жағымды жағы – оны балалардың өздері жасайды және балаларды құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен, яғни көпшілікпен санаса білуге, ересектердің еңбегін бағалай білуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |