1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына құрдастарының ықпалы



бет48/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына құрдастарының ықпалы

Қатарластарымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу (идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі Ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды.
Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді. Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек іс-әрекет элементтерін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі – тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдерінежауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі – балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған.

  1. Мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекет түрлерінің дамуы. Бейнелеу іс-әрекеті

Бейнелеу іс-әрекетінің басты маңызы - эстетикалық тәрбие құралы болуында. Эстетикалық қабылдау ең алдымен денеге тұтастай, эстетикалық кескініне - пішінінің сымбаттылығы, түсінің әсемдігі, бөліктерінің пропорционалдығына т.б. бағытталады. Тұтастай қабылдаған соң жекелей қасиеттеріне назар аударылып, қабылдауды қсиеттерін жалпылау, сапасын бағалаумен аяқтайды. Кішкентай балаларды бояуының ашықтығы, жылтырақ беттер , ал ересектерін элементтерінің қайталануы, бөліктерінің симметриялылығы, Силуэттің айқындығы қызықтырады. Эстетикалық сезімдер тереңірек және түсініктірек бола бастайды. Оның мынадай құрамдас бөліктері бар: бояуды сезіну (бояулардың ұштасуының әсемдігі), ырғақты сезіну (бөліктерінің ырғақты орналасуы, нәрсе пішіні мен пропорциясын сезіну).Сурет, мүсіндеу және құрама жапсыру қоршаған ортаны образдық бейнелеуге негізделген бейнелеу өнерінің түрі болып табылады. Бұл іс-әрекет балалар үшін ең қызықты. Бұл сабақтарда балалар көптеген материалдармен (қағаз, бояу, саз балшық, бор, т.б.), олардың қасиеттерімен, бейнелеу мүмкіндіктерімен танысады, жұмыс дағдысын қалыптастырады. Және адам еңбегіне қажетті құралдармен (қарандаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеп үйренеді. Бұл іс-әрекеттер балалардың ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет