1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет36/153
Дата14.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#67658
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
Байланысты:
тарих сессия

Ақ орданың ыдырауы.
Эмир Тимурдің жорықтары мен Поволжьянің алтын ордалы қалалары үшін күрес өзара соғыстар мен сыртқы соғыстар Ақ Орданың экономикалық пен саяси дамуына нашар әсер еткен. XIV ғасырдың соңғы ширегінде Ақ Орданың экономикасы ыдырай бастады.
Сарыарқа мен Шығыс Қазақстанның далалары Тоқтамыштың билігін заңды түрде растаған, ал шын мәнінде жергілікті ақ сүйектің астында болған.Олардың ішінен кейбіреулер, мысалы, маңғыттар,қоңыраттар Тоқтамыш мемлекетінде үлкен лауазымдардың иелері болған. Басқалар өз билігін келтіру мақсатымен Ұрыс ханның мұрагерлеріне қолдау көрсеткен.Егер бұл іс Құйурчуктің қолынан келмесе де, оның ұлы Барақ бұрыңғы Ақ Орданың аймағын біріктірді. Далалы ақ сүйектер Жошының басқа тармағынан шыққан жас Абұлхайырды қолдады. Дегенмен, Ақ Орданың бір бөлігінде билік Ұрыс ханның мұрагерлерінде сақталды, және тек Абұлхайырдың күшеюінен қауіптеніп, Керей мен Жәнібек, Ұрыс ханның үлкен мұрагерлері Моғолстанға көшіп кетугемәжбүрболады. Бұл оқиғамен Қазақ мемлекетінің пайда болуы байланысты.


21. Моғолстан (XІV ғ. ортасы – XVІ ғ. басы): мемлекеттің құрылуы, территориясы және этникалық құрамы.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық Темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет