1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Казактар негізінен селолық жерлерде қоныстанды



бет70/153
Дата14.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#67658
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153
Байланысты:
тарих сессия

Казактар негізінен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%-ы тұрды. Әскерлердің астанасы Орынбор қаласы болды. Орынбор казактары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдері ешкінің түбітінен түрлі орамал тоқыды. Бүкіл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңінен танымал болған Орынбор шәлісі, орамалы, бөкебайы, бет перделері мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын. 1870 жылы қабылданған «Қоғамдық басқару туралы ереже» стансалық өзін-өзі басқару органын таңдау құқығын берді. Бөлім атамандарын Әскери атаманның ұсынысы бойынша әскери министр тағайындайтын болды. Бөлім басқармасының құрамына мыналар кірді: атаманның көмекшісі (штаб-офицерлерден), аға адъютант, аға адъютанттың көмекшісі, іс-қағаздарын жүргізуші, мектептерді, казактардың әскери дайындықтарын және ат қорын бақылайтын офицерлер, мал дәрігері. Стансалар басқармасы станса атаманының көмекшісінен, екі хатшыдан, станса соттарынан және құрметті станса соттарынан тұрды. Казак әскерлері барлық шаруа соғыстарына және көптеген халық көтерілістеріне белсенді қатысты. XVIII ғасырдың басынан бері казактар Ресейдің барлық соғыстарына қатысты. Олар әсіресе XVII-XVIII ғасырлар Орыс-түрік соғысында, Жеті жылдық соғыста (1756-1763), Отан соғысында (1812) және шетелдік соғыстарда (1813-1814), Кавказ соғысында (1817-1864), Қырым соғысында (1853-1856), Орыс-түрік соғысында (1877-1878) және Бірінші дүниежүзілік соғысында көзге түсті. Казак әскерлері Азаматтық соғысқа түгелдей қатысты, большевиктердің казактарды тарату ісін басынан кешірді. 30-шы жылдардағы Қайта құрулар казак әскерлері үшін үлкен әлеуметтік ықпал жасады. 1920 жылы ХКК декретімен казак әскерлерінің өзін-өзі басқару жүйесі жойылды, ал БОАК қаулысы ел үшін ортақ жер және жерді пайдалану туралы ереже қабылданды. 1936 жылы КСРО ОАК казактар үшін әскерде қызмет етудегі шектеулерді алып тастады. Казактар Ұлы Отан соғысында басқа халықтармен бірге жаумен қасқайып қарсы күресті.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КАЗАКТАР
1980-шы жылдардың аяғы мен 1990-шы жылдардың басында КСРО-да, ал ол тараған соң, казак әскерлерін қайта жаңғырту процесі бастау алды. Қазақстанда казактардың тұңғыш ұйымы 1990 жылы 30 наурыз күні «Орал қаласы казактарының тарихи-мәдени ұйымы» ретінде тіркелді (өйткені атауға «әскер» деген сөзді қосуға рұқсат етілмеді). Бір мезгілде Сібір казактарының жаңғыруы да жүріп жатты. Солтүстік Қазақстанда 1989 жылы Сібір казак әскерлерінің құрамына кірген «Горькая линия» казактар одағы құрылды.1990 жылдың желтоқсан айында Сібір казактарының Шағын ортасы бұрынғы Сібір казак әскерлерінің мұрагеріміз деп жариялап, өзінің қаулысына былай деп жазды: «казактардың тарихи жерлері біздің ата-бабаларымыз игерген Батыс Сібір және Далалық өлке аумақтары саналады», яғни барлық Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан аумақтары. Бұл құжат Ресейдің, Оралдың және Жетісу казак ұйымдарының барлығына таратылды, сондай-ақ Қазақстан Президентіне жіберілді. Бұл кезде Шығыс Қазақстанда «Казак ортасы» деген ұйым тіркелді. 1992 жылы осы ұйым базасында Шығыс Қазақстан казактарының Одағы құрылды. Оның алғашқы мақсаты казактардың салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын жаңғырту, казактардың ұрпақтарын іздестіру және біріктіру болып табылды.Жалпы қазіргі заманғы казак қозғалыстарының тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде - 1990-1995 жылдары Қазақстанда казак ұйымдарының жаңғыру процесі қарқынды жүргізілді. Келесі кезең - 1995-2005 жылдар Қазақстанда казак ұйымдарының қалыптасуы. Бұл мезгілде казак құрылымдары әртүрлі мәртебедегі қоғамдық бірлестіктер түрін жамылып ресми мемлекеттік тіркеуден өтті, Қазақстандағы және Ресей мен алыс шет елдердегі казак ұйымдарымен байланыс орната бастады. 2008-2009 жылдары бұл ұйымнан осы күнге дейін жұмыс жасайтын «Далалық өлке казактарының одағы» және «Жетісу казактарының одағы» аймақтық қоғамдық бірлестіктері шықты.Қазіргі кезде казактардың мәдениетін, ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін толыққанды дамыту, сондай-ақ Қазақстанда казактардың бірыңғай басқаруына көшу, билікке ену процестері жүріп жатыр. Казактардың негізгі талаптары Қазақстанның конституциялық негіздеріне қайшы келмейді. Казактар өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жаңғырту үшін барлық жағдайлар жасалған. Казак бірлестіктерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына енуі Қазақстанның казак ұйымдарын ресми мойындағанын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет