1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет69/153
Дата14.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#67658
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153
Байланысты:
тарих сессия

ОРЫНБОР КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ
Орынбор казак әскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы — өз беттерімен келіп, стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. Бұл әскер өзінің құрамы жағынан көп ұлтты еді. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ, т.б. халықтардың өкілдері енді. Орынбор казак әскерлері Орынбор губерниясының оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекараларында орналасып, осы өлкенің шамамен төрттен бір бөлігін алып жатты. Олар Жайық казак әскерлері мен Сібір казак әскерлерінің шекарасын бір-бірімен жалғастырды. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қазақ даласымен шектесті.1840 жылы «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерінің жерінде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. «...Ереже» құрамына Троицк және жоғарғы Орал, сондай-ақ Челябинск, Ор және Орынбор уезінің көп бөлігі енген әскерлер шекарасын белгіледі. Өзінің ұйымдасуы бойынша Орынбор казак әскерлері тұрақты әскерлерге жақын болды және жоғары Жайық шебі бойынша қызмет атқарды – Жайық қаласынан жоғары Жайық бекінісіне дейін. 1868 жылға дейін Орынбор казак әскерлері 12 полкіге және әскери аймақтарға бөлінді. Кейін әскери аймақтар бөлімдер болып өзгертілді, ал аймақтық бастықтар – бөлімдер атамандары болды. Атамандық (әскери аймақтар) үшеу болды – біріншісі - Орынборда және Орынбор уезінде, екіншісі - Ор және жоғары Орал уездерінде, үшіншісі – Троицк және Челябинск уездерінде. ХІХ ғасырдың аяғында бұл әскердің 44 станциядан тұратын 404 елдімекендері болды. Орынбор казак әскерлері өзінің ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскеріне жақын келді. 1842 жылы Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскері келіп қосылды. Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласында орналасты. Казактар негізінен ауылдық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%-ы тұрды. Орынбор казактары өзінің күнделікті өмірінде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерінің аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшіп-қонып жүрді. Әскер саны 1894 жылдың басында шамамен 350 мың адам, жат қалалықтар - 49 мың адам, барлығы – шамамен 400 мың адам болды. 1916 жылы Орынбор казак әскерлеріндегі халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет