1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстандағы ұжымдастыру. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарының отырықшы өмірге күштеп көшуі. Аштық салдары



бет116/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

59.Қазақстандағы ұжымдастыру. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарының отырықшы өмірге күштеп көшуі. Аштық салдары
Ендігі кезекте,көшпелі және мал баққан қазақтар «Социалистік Қазақстанның» болашақ жүйесіне сай келмеді. Нақ осы себепті Голощекин Сталиннің келісімімен қазақтар шаруашылықтарының толық күйреуіне және тұтас халықтың іс жүзінде құруына келтірмей қоймайтын ұжымдастыру әдістерін таңдады.Сөйтіп,кең ауқымды халықты желеу-сылтауларымен қырып-жою мақсатын іске асыру басталған болатын...
1927 жылы желтоқсанда БКП(б) ХУ сьезі болып, ол ұжымдастыруға бағытталған сьезд ретінде тарихқа енді. Сьезд 1932 жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады
Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлері қарсы шықты. Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволюциялық жолмен біртіндеп көшіру қажеттігін дәлелдеді. Ал М. Дулатов болса, өз
ойын: «Қазақ халқы көшкілері келгеннен кейін көшіп-қонып жүрген жоқ. табиғат жағдайына байланысты көшіп жүр». - деп ашына білдірді.
С. Садуақасов бұл жөнінде: «Өркениет ешқашан мал шаруашылығымен айналысуға тыйымсалмайды, керісінше, оның өркендеуіне жол ашады», - деп атап көрсетті.КСРО Бүкілодақтық Атқару Комитетінің сессиясында сөйлеген Т.Рысқұлов қазақтар үшін жекеменшік мал басын алты-жетіден асырмау саясатының үлкен зардаптарға әкеп соғатынын қатты ескертті.
Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда ұжымдастырылған шаруашылықтар 2%-ды құраса, 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%-ға, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті Кейбір облыстарда мұндай «екпінді» көрсеткіш бұдан да өсіп кетті. Мысалы, Орал, Петропавл округтерінде қазақтардың жеке шаруа қожалықтарын ұжымдастыру 70%-ға жеткен. 1931 жылдың күзінде республикадағы 122 ауданның 78-де ұжымдастыру 70-100%-ға орындалған. Қатал күш қолдану әдісімен жүргізілген ұжымдастыру саясаты өрескел заң бұзушылықтармен жүзеге асырылды. Әсіресе адам құқығы аяқ асты етілді.
Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату
және т.б. жазапар қолданылды. Тек 1933 жылы Біріккен Мемлекеттік Саяси
Басқарма (БМСБ) органдары Қазақ өлкесінде 21 мыңнан астам адамды
тұтқындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет