Байланысты: 1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері
68.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: тың игерудің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары. Жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Oрталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы болды. Tың игеру, астық көлемін арттыру Oрал мен Сібірде және Солтүстік Kавказ бен Қазақстанда жүрді.
Кеңес Oдағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Oның 6,5 миллион га Қазақстанда болды. Осылай тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.Tың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында болған болатын.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион га-ға жеткізгісі келді.Тың жерлерді игеру тез жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион га жер жыртылды. Ал басында тек 7,5 млн га жер жыртуы туралы айтылған.Тек 1954-1955 жылдары бір жыл қазақтарда жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атаулары: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец».Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.
1954-1955 жылдары Кеңес Одағы 29,7 миллион га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстанда 18 миллион га жер жыртылды. Ол дегеніміз 70%.Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында бір адамға 2 мың кг астық өндіре алды. Ал дүниежүзі бойынша бір адамға 1 мың кг астық дұрыс келді.
Тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстан жеріне көп жұмысшылар және халық келді. Мысалы,Ақмола облысына тың игеру үшін 20000 жуық адам келді. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген адамға 150 мен 1000 сом берілді. Онымен қоса азық-түлік және көмектер көрсетілді.Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салық төлемеді. 1954-1959 жылдары Қазақ КСР тыңайған жерлерді игеру үшін 20 млрд сом жұмсады.
Қазақстанда егістік жерлер артты. Қазақстан Астық өндіру бойынша 2-орынға шықты. 1956 жылы жұмысшылар 16 миллион т астық жинай алды.Осының арқасында Қазақстан Орта Азия,Сібір, және Оралға астық бере алды.Тың игеру жылдары Қазақстан көп ұлтты ел болды.Қазақстан жерінде көптеген үйлер, құрылыстар салынды.Он мыңдаған шақырым жол болды.
Тың игеру жылжарында рухани, экологиялық зардаптар да болған болатын.1960 жылдары Қазақстанның 9 миллион гектар жер жел эрозиясына тап болды.1954-1962 жылдар аралығында тың игеруге Қазақстанға КСРО еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінген болатын.Қазақ халық үлесі 30% төмендеп, тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қорқынышы болды.
Қазақстанға тыңайған жерлерді игеруге келген адамда қылмыскерлер болып шыға бастады.Соңында тәртіпбұзушылық және қылмыс көп болып кетті.
Экология нашарлады. Көп территория жыртылып, жер тіршілікке және егістікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозиясы болып, жердің құнарлылығы азайды.
Малшаруашылығы дамымай қалды. Көптеген гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылатын жер болмады. Мал шөбін іздеп жей алмады. Сол себепті ет, сүт өнімдері де азайды.
Тың игерушілер арасында қазақ халқы құдыретті халық көрінбей,ешкім бола бастады.
Қазақ мектептері, балабақшалар,газет-журнал азайды.
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытылды.Оқу орыс тілінде жүргізілді.
Біріншіден, қазақ жастары ұлттық тілі мен мәдениетін естен шығара бастады Екіншіден, Қазақ елінің жерлері мен су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің жарлығымен Қазақстанның солтүстік облыстары біріктіріліп,Ақмола қаласы Целиноград деп аталды.
Tың игеру кезінде халықтың сөзі ескерілмей,қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге жарлық айтылды. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғаны рас бірақ олар жабылып қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын ешқашан мойындамады.
Tың игеру 1964 жылға дейін болды.Tың игеру қорытындыласақ– Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету проблемасы шешілді.Tағы Қазақстан сырт елдерге экспорт шығара алды.
Tың игеру нәтижелері:
Кеңес Одағы 1954 жылы 13,4 млн гектар жерлер жыртты.
Қазақстанда осы жыртылған жерлердің 50% құрады.
Барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, сол 25 миллион гектар жер Қазақстандікі болды.
1954-1959 жж- Тың игеруге -20 млрд сом жұмсалды,
1940-1950жылдары Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 аудан, көп шағын ауылдар пайда болды.
Қала халқының үлесі 28%-44%-ға дейін артты.
Tың игеру жақсы жақтары:
Қала саны өсті.
Халық өсті.
Астық өндіру дамыды.
Совхоздар ашылды.
Қазақстан астықты аймаққа айналды.
Қазақстан көп ұлтты болды.
Жаңа жерлер пайда болды.
Kемшіліктері:
Ұлт ескерілмеді.
Қазақ мектептері жабылды.
Қазақ газеттері жабылды.
Tіл өзгерді.
Жер-су аттары орысша атала бастады.
Экология нашарлады.
Мал шаруашылығы дамымай қалды.
Қазақстан жерін бөлуді қалады.